Жыл басынан бері Түркістанда 100 мыңға жуық ағаш егілді

0
756

Былтыр 200 мыңнан аса ағаш отырғызылған.


Жыл басынан бері Түркістанда 100 мыңға жуық ағаш егілді

Түркістан қаласын көгалдандыру жұмыстары жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласын көгалдандыру жүйелі жүзеге асып келеді. Былтырғы жылдың нәтижесінде облыс орталығында 200 мыңнан аса ағаш отырғызылып, 60 пайызға жуығы өнген болатын. Ал, биыл жыл басынан бері шаһарда 99 847 ағаш көшеті отырғызылды.


Қалада 11 нысан бойынша абаттандыру жұмыстары атқарылып жатыр. Аталған нысандарда жұмыс жүргізуші мердігер мекемелер жерсінбеген ағаштарды өз есебінен қайта отырғызып, жаңартуда.


Бұдан өзге Түркістан қаласындағы мазараттарда тазалық жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, мазарат маңы қоқыстан тазартылып, қоршаулары ретке келтірілді.


Жалпы, тазалық жұмыстары барысында «Қаракөз», «Қарашық», «Батыс», «Христиан», «Шойтөбе» мазараттарынан жарты тоннадан аса қоқыс жиналды. Әр мазаратты тазалау жұмысына 10 қызметкер, екі техника күші жұмылдырылған.