​«Жырлаймын сені, Астана» жыр мүшәйрасының жеңімпазы анықталды

0
2 079

​Түркістан қаласында орналасқан «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен «Жырлаймын сені, Астана» атты жыр мүшайрасының қорытынды мерекелік шарасы өтті.


​«Жырлаймын сені, Астана» жыр мүшәйрасының жеңімпазы анықталды

Түркістан қаласында орналасқан «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен «Жырлаймын сені, Астана» атты жыр мүшайрасының қорытынды мерекелік шарасы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шараға Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Павлодар облыстары мен Астана қалалары және Қытай Халық Республикасы, Моңғолия мемлекеттерінен 24 жас шайыр қатысты.

Сүбелі сөзден, жыр терген ақындар сайысының мақсаты- Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығы мен ел тәуелсіздігін жырлап, жастарға патриотизмді насихаттау, жастар арасында ақындық өнерді дәріптеу, жас ақындарға қолдау көрсету, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, халықтың мәдени-рухани аясын кеңейту болып табылады.

«Жырлаймын сені, Астана» жас ақындар жыр мүшәйрасының қорытындысы бойынша бас жүлдені Павлодар облысынан келген Еламан Толеутай жеңіп алды. Ал, бірінші орынды Қытай Халық Республикасынан келген жас ақын Кәдірбай Ғылымнұр, екінші орынды Түркістан қаласынан Өмірбеков Нұрдәулет, үшінші орынды Қытай Халық Республикасынан Рамазан Әлімбекұлы жеңіп алса, Түркістандық Ысқақ Мадина ынталандыру сыйлығына ие болды. Бас жүлде және жүлделі І, ІІ, ІІІ орынға ие болған жас ақындар диплом, мақтау қағаздарымен, бағалы және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.