​Алтын-күмісті қайнаған сабынмен тазалаған дұрыс

0
5 294

Зергерлік алтын күміс әшекей бұйымдар ұзақ уақыт түр-түсін жоғалтпай жалтырап тұрсын десеңіз...


​Алтын-күмісті қайнаған сабынмен тазалаған дұрыс

фото: ERNUR.KZ

Әрбір әйел затын әшекейсіз елестету әсте мүмкін емес. Дегенмен осынау тағыншақтардың уақыт өте әсемдігінен айрылып, күңгірт тартатыны белгілі. Мұндай жағдай қазіргі той-томалақтың қайнап жатқан уақытында қыз-келіншектердіңмазасын қашырып, көңіл күйін түсіріп жіберері анық.

Ажарыңа сән қосатын, кербездік беретін зергерлік алтын күміс әшекей бұйымдар ұзақ уақыт түр-түсін жоғалтпай, жалтырап тұрсын десеңіз, үй жағдайында тазартуға болатын қарапайым бірнеше кеңесті ұсынамыз.

Алтынды тез әрі жеңіл тазарту әдістері

Қайнаған сабын ерітіндісі арқылы: кір жуу ұнтағын болмаса кір сабын, ыдыс жууға арналған сұйықтықты 1литр қайнап тұрған суға 1ас қасық ұнтақ немесе сабынмөлшерімен қосып, бұйымдарды салып 10-15 минут қайнату керек.;

«Кока-кола»: алтыннан жасалған әртүрлі бұйымдарды тазалау үшінқолайлы құрал. Алтын бұйымдар батып тұратындай етіп, кола сусынын құйып, 30-40 минутқа қалдырамыз. Айтылған уақыттан соң шығарып, таза сумен шайып, жұмсақ матамен шамалы ысқылап сүртеді.

Тұздыванна: 2-3 ас қасық тұзды 250 гр жарты стақан суға салып араластырамыз. Ішіне алтындарды салып 12 сағатқа қалдырамыз. Дайын болған соң таза сумен шайып, жұмсақ матаменөңін келтіре ысқылап жылтыратамыз.

Пиязбен тазарту: пиязды қабығынан тазартып, үккіштен өткізіп, сөлін ыдысқа сығамыз. Алтындарды ішіне салып 10 минутқа қалдырып,кейіннен жұмсақ шүберекпен немесе щеткамен ысқылаймыз. Суға шайып, тағы да сүртіп кептіріп аламыз.

Күмісті тазарту тәсілдері

Алтынға қарағанда күміс тез қараяды. Қалың қара зеңдер күміс бұйымдардың түр-түсін бұзады. Бірақ күмісті ешқандай зергерлік орталықтарға бармай-ақ, қымбат паста пен ұнтақ алмай-ақтазартудың көптеген тиімді тәсілдері бар. Тек бұл үшін үйдегі шкафтың ішінен әрбір үйде болатын қолжетімді құралдарды тапсаңыз болғаны.

Фольга және ас содасы арқылы қатты қарайған күмістері оп-оңайтазарады.

Алдымен фольга қағазынан қажетті бөлікті кесіп алып, ыңғайлы кішірек кәстрөлге салып, үстінен күмістерді қоямыз.

Барлық әшекейлер бататындай етіп үстінен су құямыз.

Кәстрөлді отқа қоямыз. Кәстрөлдегісу қайнаған уақытта үстінен 1ас қасық ас содасын саламыз. 10-15 минуттан соң судан шығарып, жұмсақ матамен ысып сүртеміз. Мұндай тазартудан кейін бұйымдарыңыздың жаңа сатып алынғаннан айырмасы болмайды.

Лимон қышқылы

Бұл үшін1литрлік шыны құты қажет. Ішіне жарты етіп су құйып, су толы кәстрөлге салып, су ваннасын жасаймыз.

Су қайнаған уақытта кәстрөлге 100 г лимон қышқылын салу қажет. Ал шыны құтыдағы су түбіне алдымен кішірек көлемді жезді сымсалып, үстінен күміс әшекейлерді қоямыз

Қайнаған суда бұйымдарды 15-20 минутуақыт көлемінде ұстап, судан шығарып алған соң жұмсақматамен ысқылап кептіріп аламыз.

Нашатыр\мүсәтір спирті

Кез-келген дәріханадан 10% -дық мүсәтір спиртін табуға болады.

Бұйымдарды ыңғайлы ыдысқа салып, мүсәтір спиртін құйып 15 минутқа қалдырыңыз.

15 минуттан соң шығарып, салқын суда шайып алып, жылтырағанша жұмсақ шүберекпен сүртіледі.

ЕСКЕРІҢІЗ!

  • Әрбір алтын, күміс әшекейлерді таққанда өңін тез бермес үшін, қарапайым ережелерді әдетке айналдырған абзал.
  • Әшекей бұйымдарды барлық жақпа май, бет әрлеу, опа-далаптарды жағып болған соң ғана ең соңында таққан жөн.
  • Көптеген косметикалық заттар мен иіссулардан тіпті сабыннан кейін де бұйымдарда айтарлықтай із қалады. Сондықтан бұл заттардың бұйымға көп тиуінен сақ болыңыз.
  • Үй шаруасы кезінде әшекейлерді шешіп қойған дұрыс.
  • Сондай-ақ алтын, күміс әшекейлеріңізді шешкеннен кейін жұмсақ матамен сүртіп, тазалап орнына қоюды әдетке айналдырған жөн.

Дайындаған: Эльмира Базарбаева,

ERNUR.KZ