​Ананасты үйде өсіруге болады

0
6 090

Алдымен ананастың көшетін дайындап алу қажет. Ол үшін жақсы піскен, бірақ, жұмсарып кетпеген ананасты алыңыз. Оның төбесіндегі жапырақтары қалың әрі қурамаған болуы тиіс. Өткір пышақпен ананастың жоғарғы бөлігін, яғни, жапырақшаларын кесіп алыңыз. Содан кейін жемістің сабағын етінен аршып тастайсыз. Аршыған кезде тамыр шығаратын бүршіктердің орны байқалады. Жапырақтардың ұштарын да біркелкі етіп қырқып тастайсыз.


​Ананасты үйде өсіруге болады

Алдымен ананастың көшетін дайындап алу қажет. Ол үшін жақсы піскен, бірақ, жұмсарып кетпеген ананасты алыңыз. Оның төбесіндегі жапырақтары қалың әрі қурамаған болуы тиіс.

Өткір пышақпен ананастың жоғарғы бөлігін, яғни, жапырақшаларын кесіп алыңыз. Содан кейін жемістің сабағын етінен аршып тастайсыз. Аршыған кезде тамыр шығаратын бүршіктердің орны байқалады.

Жапырақтардың ұштарын да біркелкі етіп қырқып тастайсыз.

Аршып-тазалау жұмыстарынан соң сабағы кебуі керек. Ол үшін екі-үш күн күтіңіз. Кесілген жерлерін ағаш күлімен ысқылап жіберсеңіз шіруден сақтайды. Содан соң стақандағы суға салып қойыңыз. Ескеретін жайт - жапырақтар судың ішіне түспеуі шарт. Ананастың тамыры екі-үш аптада байқалады.

Тамырлары 5 мм-ге жеткенде ананасты топыраққа отырғыза беруге болады. Тез тамырлап кетуі үшін оның топырағы жеңіл, қопсып тұратын әрі қышқылдығы жоғарылау болғаны дұрыс. Нақтырақ айтқанда, қара топырақ пен аздаған құмды араластырсаңыз жақсы өседі. Егер мүмкіндігіңіз болып жатса, арнайы дүкеннен пальма үшін дайындалған топырақ сатып алсаңыз болады.

Ананасты кәдімгі бөлме гүлдерін отырғызатын түбекке егіңіз. Түбекті де ананас жапырақтарының көлеміне лайықтап, шағынын сатып алыңыз. Топырақтың астыңғы қабатына бір қабат етіп керамзит тастаңыз. Топырақта шұқырша жасаған кезде оған аздап ағаш күлін де тастау қажет.

Ананас жақсы өсуі үшін оған жоғары температура мен ылғалдылық қажет. Бірақ, ауаны құрғататын жылу батареяларына жақын қоюға болмайды. Ең жақсы тәсіл - ананас қондырылған түбектің үстіне полиэтиленді қалташаны кигізіп, ауасын жаңартып тұру үшін қалташаға қақпақша орнатыңыз. Жылы әрі жарық жерде тұрса ананас жақсы өседі. Бірақ күн сәулесі тікелей түсетін орынға қоймағаныңыз абзал. Ананас топырағының ылғалды бірақ, судың тым артық болғанын қаламайды. Оған тек қана жылы су құйылады.

Суға ара-тұра лимон қышқылын араластырып тұру ананастың жақсы өсуіне кепіл. Өзге тыңайтқыштарды да ұмытпаңыз.

Жақсы күтім көрген ананас екінші, үшінші жылы гүлдеп, жеміс салады. Ең тамаша кезі осы. Гүлінің иісі аңқып, бүкіл бөлмені жұпар иіске бөлейді. Ал гүлі бір күн ғана тұрады. Жемістің пісіп-жетілуі 3-6 ай аралығында болады.

Дайындаған: Гүльвира Жұмаділдаева