Аяқкиімді КАРТОППЕН тазаласа ЖАРҚЫРАП шыға келеді

0
3 082

Картоп - ас-ауқаттан бөлек тұрмыста пайдасы көп.


Аяқкиімді КАРТОППЕН тазаласа ЖАРҚЫРАП шыға келеді

Картопты негізінен ас үйдің негізгі азық-түліктерінің бірі ретінде көреміз. Алайда картопты тек қана ас-ауқат үшін емес, тұрмыстағы өзге де мәселелерді шешу үшін пайдалануға болатынын біреу білсе, біреу білмес. Ендеше, сіздерге картопты тамаққа емес, үй-тұрмысында пайдалануға арналған бірнеше лайфхак ұсынамыз.


Аяқкиім жап-жаңа секілді жарқырайды

Аяқкиімді жарқыратып тазарту үшін, көп ретте арнайы жақпамай қолданамыз. Бірақ оның орнына картопты пайдалануға да болады. Картопты ортасынан екіге бөліп, былғары аяқкиімді жақсылап ысқылап шығу керек. Картоппен сүртілген соң аяқкиім көмескі тартып тұрса қорықпаңыз. 5 минуттан соң жұмсақ шүберекпен аяқкиімді бір сүртіп жіберсеңіз, нәтижесіне таң қалатын боласыз. Алдыңызда жарқыраған аяқкиім тұрады.


Картоп дақты жақсы кетіреді

Асхана әлемінде қолда біраз уақыт кетпей өз ізін қалдыратын азық-түліктермен көп жұмыс жасалады. Олардың қатарына қызылша, сәбіз және бірқатар жеміс-жидектерді жатқызуға болады. Ал олардан қалған ізді кетіру үшін біршама уақыттың керек екені рас. Оны кетіру үшін үйде картоп болса жеткілікті.

Картопты ортасынан екіге бөліп немесе қабығын аршып дақ болған жерді ысқылап сүртеміз. Картоп тек қана көкөністерден қалған дақты ғана емес, сияны да жақсы кетіреді.


Жөтелдің бірден-бір емі

Тыныс жолдарының ауруларына қарсы картоппен булау жасау халық емінде ертеден қолданылып келе жатқан тәсіл. Көп жағайда бұл тәсіл ауру басталып келе жатқанда алғашқы көмек ретінде қолданылады. Картопты қайнатып, содан шығып жатқан буға 10-15 минут тыныстау керек. Ал жөтел созылмалы болып кеткен жағдайда картоп езбесін (пюре) компресс ретінде қолданып жатады.


Шаршағанды басады

Әйелдер арасында ең көп тараған мәселелердің бірі – көздің астыңғы жағының көкшіл тартуы. Картоптың көмегімен сол көгергенді басуға болады. Картоптың құрамында аскорбин қышқылы, қоректік заттар, крахмал көп. Сондықтан мұның бет күтімі үшін пайдасы мол. Ол үшін жас картоптан екі тілік жұқалап кесіп алып 15-20 минут керекті аймаққа қою керек. Мұнан кейін көздің астындағы ісіну мен көкшіл тартып тұрғаны басылады.


Картоп әйнекті жақсы тазартады

Әрине, картоппен әйнек тап-таза болады дегенге сену қиындау, бірақ расы осы. Бұған көз жеткізу үшін шикі картопты ортасынан кесіп терезе әйнегін немесе мәшиненің әйнегін ысқылап сүрту керек, нәтижесінде шынылар жарқырап шыға келеді. Егер әйнек бетіне крахмал тұрып қалса, құрғақ шүберекпен сүртіп алу керек.


Тамақтың тұзы ащы болып кетсе, көмекке картоп келеді

Тағамның тұзының ащы болып кетуі көптеген қыз-келіншектерге таныс жағдай. Алайда мұндай мәселеде картоптың көмегі тиетінін білесіз бе? Ол үшін тұзы өткір тағамға картопты аршып салып (сұйық тағамдар үшін) бір қайнатып жіберсек, тұзды сіңіріп, тағамның дәмі қалпына келеді.


Сүйел кетіруге көмектеседі

Картоппен сүйелді кетіруге болады, бұл ертеден келе жатқан тәсіл. Бағасы қымбат жақпамайлар мен емшараларға жүгінгенше, картопты үккіштен өткізіп, шыққан суын сүйелге жағу әдісі үйде көп қолданылады. Бұл тәсілді күнделікті, сүйел кеткенше жасау қажет немесе картоп компресін жасауға болады.


Күйіп қалған жерге картопты пайдалану керек

Қыз келіншектер көбіне ас үйде жүріп қолын буға да, суға да күйдіріп алып жатады. Бұл күнде болмаса да жиі кездесетін жайт.Мұндайда картоптың көмегі көп екен. Ол үшін картоптың жұқа кесілген бөлігін шикі күйінде күйген жерге таңып, дәкемен орап қою керек.


Картоп - ауырсынуды басады

Бас ауру қазіргі кезде көптеген жанда кездеседі. Адамдар мұндай кезде бірден дәрінің көмегіне жүгінеді. Ал ауырсынуды табиғи жолмен картоп компресін жасап басуға болады.

Шикі картопты үккіштен өткізіп, маңдайға қояды немесе картопты жұқалап турап қою керек.

природное обезболивающе


Күмісті тазартудың қарапайым әдісі

Қазір күміс тағу сәнге айналған заман. Күміс әшекейлерді картоп қайнатқан суға салып 5 минут шамасында қайнатып жіберіп, шайып, құрғақ шүберекпен сүртсе, жарқырап шыға келеді.


Тот басқанды кетіреді

Бұл да ежелден келе жатқан әдістің бірі. Асүйде пайдаланып жүрген табаны тот басса, онда сол жерге алдымен тұз сеуіп, екіге бөлінген картоптың бір жартысын ыдыс жуатын сұйықтыққа малып алу керек те, тот басқан жерді ысқылау қажет. 10 минут шамасында қалдырып, сумен шайып тастау қажет.

Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ