Бау-бакшаға арналған лайфхак: Шаруаны қалай ОҢАЙЛАТУҒА болады?

0
4 401

Ол үшін төмендегі қызықты идеяларды іске асыруды ұсынамыз.


Бау-бакшаға арналған лайфхак: Шаруаны қалай ОҢАЙЛАТУҒА болады?

суреттер: ашық дереккөзден

Қазір бау-бақша жұмыстары үшін нағыз қарбалас, тынымсыз еңбек ететін кез. Бау-бақшаны, гүлзарды жоспарлау, тұқым себу, көшеттерді отырғызу, өткен жылғы көшеттерді реттеу, орнын ауыстыру, түзету, тағы сол секілді бітпес шаруалардың науқаны. Күнделікті күйбең тірліктен онсыз да шаршағандықтан кейде осы бау-бақша мен гүл егуге, көшет қондырып оны реттеудің қиындықтары бар.

Дегенмен, осы шаруаларды тез және аса қиындықсыз, оңай жасауға болады. Ол үшін төмендегі қызықты идеяларды іске асыруды ұсынамыз.


"Жылдам шұңқырлар" қазуға арналған құралдар. Бұл құралдар әр түрлі дақылдарды отырғызу және егу үшін тиімді әрі аса қажет. Бір қарағанда тырма секілді жасалған құрал, еңкейіп жер қазып отырмас үшін қажет. Мұны әсіресе үлкен бақшаның иелері міндетті түрде бағалайтыны анық. Аталған құралды суреттегідей етіп өзіңіз жасап алсаңыз болады, еш қиындығы жоқ.

Егер мұндай құралды жасай алмасаңыз оның орнына қоластындағы өзге заттарды пайдалануға болады. Ол үшін шарап тығындары және жұмыртқа салатын қағаз бөліктерін іске жаратуға болады. Ол үшін көлемдірек тақтай алып өзіңізге қажетті ара қашықтықты сақтай отырып, тығынды бекітіп алу керек.


Жұмыртқа салатын қағаз бөліктерді қабаттай отырып, оны да тақтайшаға бекітіп алу керек.


Сондай-ақ тұқымдарды шатастырмау және барлығын уақытында егу үшін қарапайым тәсіл: тұқымдармен қалташаларды егу мерзімі бойынша бөліп, көрінетін жерге орналастырып қою керек. Сонда ештеңені шатастырып алмайсыз және барлығын өз мерзімінде егесіз.


Көшетті отырғызғаннан кейін, оның қаншалықты өсіп жатқан біліп отыру үшін көшеттің жанына белгі қадаған дұрыс. Мұндай белгі ретінде пластикалық шанышқыларды алуға болады.


Бау-бақшада жұмыс істегеннен кейін міндетті түрде құрал-саймандарды ретке келтіру керек. Егер оны дұрыс сақтаса, онда ол әлдеқайда ұзағырақ қызмет жасайтын болады. Ол үшін бақшаға пайдаланылған құралдарды лай мен топырақтан тазартып, кептіріп, құм немесе қиыршық тас толтырылған үлкен ыдысқа салып қою керек.

Көктемде қураған немесе кедергі келтіретін ағаштарды қырқып тастаймыз. Алайда олардың түптерінен құтылу оңайға соқпасы анық. Ол үшін көп күш, ақша, уақыт қажет. Бірақ осы бір кедергі келтірген, аулаңыздың сәнін бұзып тұрған ағаш түбірінен, оны қопарып қопсытпай-ақ ерекше сәнді дүние шығаруға болады. Ағаш түбірін үлкен гүл құмырасына айналдырып жіберіңіз. Ол үшін түбірдің ортасын ойықтап кесіп, алынған тереңдікті топырақпен толтырып, оған өзіңіз қалаған кез-келген сәндік өсімдіктерді өсіре аласыз. Нәтижесінде шыққан шағын гүлзар өте табиғи көрініс беріп, ерекше назар аудартады.





Бұл қызықты кеңестер учаскеде, аулада, бау-бақшада жұмыс істей отырып, уақыттарыңызды айтарлықтай үнемдеуге және қызықты өткізуге, қалтаңызды шығындамауға мүмкіндік береді деп үміттенеміз.

Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ