Бөлме гүлдеріне ТІС ПАСТАСЫН "беріп" тұрса, ЖАҚСЫ ӨСЕДІ

0
21 536

Бөлме гүлдері жайқалып тұруы үшін түрлі химиялық қоспаларды алмай-ақ қолда бар, күнделікті пайдаланатын заттарды кәдеге жаратып, тамаша нәтиже шығаруға болады.


Бөлме гүлдеріне ТІС ПАСТАСЫН

Бөлме гүлдерінің түр-түрін өсіру қазіргі кезде жақсы қарқын алған. Бөлме гүлдері үйдің сәнін келтіріп қана қоймай, адам жанына жылылық ұялатады. Алайда, күздің салқын ауа-райы өсімдіктердің көпшілігінің солып, баяу өсуіне әкеледі.

Гүлдер де кішкентай сәбилер секілді ерекше күтімді, жайлылықты, жылылықты жақсы көреді және күтіп баптау үшін көп күш-жігерді талап етеді. Жасаған еңбек еш болмас үшін үй жағдайында гүл өсірудің әдіс-тәсілдерін жақсы білген жөн. Осы орайда Сіздерге тәжірибелі гүл өсірушілердің бөлме өсімдіктері жайқалып, ауырмай өсуі үшін жасалатын қарапайым, химиялық қоспасыз, қызықты әдістерімен бөліспекпіз.


Өсімдіктерге тіс пастасын "беріп тұру" қажет

Бөлме гүлдері қышқыл ортаны нашар көтереді. Сондықтан ауырады, солады, сарғайып жапырақтары түсе бастайды. Кейде тіпті қурап қалып та жатады. Бұл топырақта қышқылдың артып кетуінен болуы мүмкін. Алайда, топырақтың қышқылдығын төмендетудің тиімді қарапайым жолы бар және бұл әрбір үйден табылатын тіс пастасы арқылы орындалады. Ғажайып ерітіндіні дайындау үшін кез-келген тіс пастасы жарайды. Тек құрамында ағартқыш әсері болмауы тиіс.


Ішінде пастасы бар ыдысты көзбен төрт бөлікке бөліп, бір бөлігін 1 литр суға (бөлме температурасында болуы керек) ешқандай түйіршік қалмайтындай етіп жақсылап араластыру керек. Бұл ерітіндіні өсімдіктердің түбіне тура тамырына қарай құю керек. Әсіресе гүлдеген өсімдіктер үшін өте жақсы әсер етеді.


Алайда, мұндай процедураны жүргізер алдында, өсімдіктеріңіздің қандай топырақты ұнататынын білген жөн. Мысалы, гардения немесе азалия гүлдері қышқыл топырақты жақсы көреді. Егер оларды тіс пастасы ерітіндісімен суарса, қурап қалуы мүмкін.

Тіс пастасы - топырақтың қышқылын азайтып қана қоймай, кальций сияқты қажетті микроэлементтермен қоректендіріп, зең мен саңырауқұлақтарға қарсы алдын алу әсерін береді.


Гүлдер тәттіні де жақсы көреді

Бөлме гүлдерін қоректендіруге арналған ең танымал табиғи тыңайтқыш — кәдімгі қант. 1 шай қасық қантты (шекер) құрғақ күйінде, суарудан алдын өсімдіктің түбіне сеуіп, үстінен су құю керек немесе бір стақан суға 2 шай қасық шекер салып жақсылап араластырып гүлге құю қажет. Мұндай қоректендіруді аптасына бір рет жүргізген дұрыс.

Қант глюкоза мен фруктозаға ыдырайды. Ал өз кезегінде глюкозадан күрделі органикалық молекулалар (крахмал, целлюлоза, липидтер, ақуыздар, нуклеин қышқылдары) пайда болады. Мұндай қоректендіруден кейін өсімдіктер топырақтан қажетті элементтерді молынан сіңіріп, жақсы тыныс алады.


Картоп "сорпасымен" де өсіруге болады

Өсімдіктер крахмалды да өте жақсы көреді. Ал крахмал картопта мол болатыны бізге белгілі. Сондықтан картоп қайнатқан суды төгіп тастамай суытып, кейін бөлме өсімдіктерін суаруға болады. Крахмал гүлдердің жақсы өсіп, өнуіне және көбеюіне әсер етеді.

Кофе қалдығын да құйып тұрыңыз

Бөлме өсімдіктерін қоректендірудің тағы бір табиғи тәсілі - пайдаланылған кофе. Яғни, қою етіп демделген кофені ішкеннен кейін ыдыс ішін сумен шайып, гүл түбіне құю керек. Тек мұндай қоектендіруден соң өсімдіктерді аса мол су құйып суғарудың керегі жоқ.

Кофе өсімдіктердің азотты жақсы сіңіруіне әсер беріп, топырақты бос етеді. Егер күзде немесе қыста үйге қызанақ отырғызуды жоспарлаған жандар болса, онда топыраққа кофе қосқан абзал. Себебі қызанақтар кофені өте жақсы көреді.

Бананмен қоректендіріп тұру қажет

Бұл әдістің енгеніне шамамен 10 жылдай уақыт болған екен. Алайда нәтижесі өте жақсы.

Банан қабықтарын ұсақтап турап, кептіріп алу қажет. Кепкен түйіршіктерді өсімдіктердің топырағын ауыстырғанда немесе қайта отырғызғанда қабаттап себеді (топырақ + кептірілген банан қабығы) немесе жай ғана топырақпен араластыру керек.

Сондай-ақ банан қабықтарын тағы бір жолмен пайдалануға болады. Ол үшін кептірілген банан қабықтарын кофеұнтақтағышта ұсақтап алу керек. Бұдан қоңыр ұнтақ шығады. Ұнтақты өсімдік отырғызылған құмыраға себуге немесе сумен араластырып, сұйық қоректендіргіш ретінде пайдалануға болады. Мұндай қоректендіру әсіресе гүл ашатын бөлме гүлдері үшін пайдалы.


Тағы оқыңыз: "Ақ киімдер АППАҚ ТҮСІН сақтау үшін МЫНА ДӘРІНІ салып жуу керек".

Дайындаған: Эльмира Абилханқызы,

ERNUR.KZ