Газ плитасын ТАЗАЛАУДЫҢ ең ОҢАЙ жолдары

0
2 376

Мұнан соң газ плитасы жарқырап, тіпті, ескі дақтардан да тазарып қалады.


Газ плитасын ТАЗАЛАУДЫҢ ең ОҢАЙ жолдары

Әйелдің тазалығы ошағының басынан көрінеді. Әрине, қазіргі кезде даладағы ошақты жағып тамақ жасайтындар қала тұрмақ ауылдың өзінде кемде-кем. Қазір барлығы заманауи, көбі газ қолданғанды дұрыс көреді. Бірақ қалай болғанда да ас дайындайтын жердің тазалығы әйел баласы үшін үлкен сын.

Соның бірі де бірегейі - газ плитасын тазалау көптеген қыз-келіншектердің басты ауруы десек, артық айтпаймыз. Үнемі қолданыста болатын тұрмыстық техниканың беті де оңайлықпен тазара қоймайды. Осылай бірте-бірте өңін жоғалтып, ескіре бастайды.

Қазір плита бетін тазартуға арналған неше түрлі химиялық құралдар бар, бірақ олар бірінші кезекте қалтаға салмақ салса, келесі ретте балалы үй үшін аса қауіпті. Сондықтан газ плитасын тазартудың оңай, тиімді, қаупі мен шығыны аз жолдарымен бөліскенді жөн көрдік.


Тазалық жұмыстарына дайындық

  • Ең алдымен асханада тазалық жұмыстарын бастамай тұрып газ плитасын тоқ көзінен және газдан ажыратып қойған дұрыс
  • Плитаның бетіндегі темір торды, алынатын болса тұтқаларын толықтай алып тастап, бетін құрғақ майлықпен бір сүртіп алуды ұмытпаңыз
  • Қолға қолғап кию - қауіпсіздікті сақтаудың белгісі
  • Түрлі химиялық қоспасы бар жууға арналған заттар мен темір ысқыштарды қолданудан аулақ болу керек


Сірке суымен тазарту. Плита бетіндегі тамақ пен майдан қалған іздерді жойып, жылтыратады. Ол үшін плитаның бетіне сірке суын бүріккішпен сеуіп, 20 минутқа қалдыру керек. Соңынан шүберек немесе ысқышпен (губка) сүртіп тазартып аласа болғаны.



Сабындалған майлықпен тазалау. Бірнеше суланған майлықтарды жақсылап сабындап, плитаның бетін жауып қою қажет. 15 минуттан соң майлықты алып, ысқышпен сүртіп кір қалдықтарын оңай-ақ тазартып тастауға болады.



Сода және лимон. Лимон шырынын плита бетіне сығып, үстінен сода себеміз. 15 минуттан соң ысқыштың көмегімен сүртіп алу қажет. Мұндай әдіс кетуі қиын дақтардың өзін оңай жояды.


Мүсәтір спирті – газ плитасында қалған ескі дақтарды тиімді, оңай тазартуға көмектеседі. 1 стақан суға 1 шай қасық спиртті араластырып дайындайсыз. Қоспаны плита бетіне сеуіп, 1-15 минуттан кейін ысқыштың қатты жағымен ысқылап, сүртіп аласыз.



Аз қаражат пен аз кұш жұмсап, керемет нәтижеге қол жеткізіңіз! Керек кеңес қажеттеріңізге жарасын!

Дайындаған: Эльмира Базарбаева,
ERNUR.KZ

Тағы оқи отырыңыз:

Жазда МАСА мазаламасын десеңіз, мына БӨЛМЕ ГҮЛІН өсіріңіз


Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет