​Гүлдерді суғарудың да өзіндік тәсілдері бар

0
8 789

Есіктің алдына көптеген гүлдер отырғыздыңыз...


​Гүлдерді суғарудың да өзіндік тәсілдері бар

Есіктің алдына көптеген гүлдер отырғыздыңыз... Ендігі кезекте оларға дұрыс күтім жасап, уақтылы суғарып, түбін қопсытып, құнарландырып отыру қажет. Мұның өзіндік аздаған қулықтары бар.

Мысалы, бір қараған жан гүлдерді суғаруда түк қиынды жоқ деген ойға келеді. Сусепкішпен немесе шелекпен алып себе саласың. Алайда өсімдіктердің суға деген қажеттілігі әртүрлі, әрі даму сатысына қарай туындайды.Тамырын тереңдеп жайып, қалыптасып үлгермеген жас көшеттер, алдыңғы отарғызылған көшеттерге қарағанда суды аз ішеді.

Қауыз жарып, қарқынды өсу сатысына көшкенде суға деген қажеттілік те өсе бастайды.

Егер жұмысбасты болып еккен гүлдерді күнделікті суғаруға мүмкіндік болмаса, топырақтың бетін ылғалды ұзақ ұстайтын жабынмен жапқан дұрыс. Жабынмен жабылған топырақ 4-5 күнге дейін ылғалды бойында ұстап, гүлдерді қурап қалудан сақтайды. Мұндай жабындар үшін балқарағай жаңғағының қабығы, қарағай қабығы, ұсақ қиыршық тас пен қураған шабылған шөп те жарайды.

Қазірі кезде сирек суғаруға мүмкіндік беретін материалдар бар. Олар алдымен артық ылғалды өзіне сіңіріп, булану арқылы өсетін ағзаға береді. Табиғатта мұндай қасиеткеие - «лай» (балшық). Ал жасанды ылғал ұстағыш материалдарға қопсыған вермикулит, гидрогель және кеуекті материалдар жатады.

Гүлдерді суғару жиілігі олардың түріне, топырағының құрамына, сондай-ақ ауа-райы жағдайына қарай есептеледі.Барлық гүлдер ылғалдыжақсы көргенімен, кейбірі құрғаққа төзімді келеді.

  • Біржылдық бақша гүлдерінің ішіндегі суды ерекше қажет ететіндері: қызыл-сары бақша гүлі (настурция), қырмызыгүл (календула),лобелия, хош иісті бұршақ гүлдері.
  • Ал ылғалды аз қажет ететіндері: кекірегүл (васильек),нәрқайсар (вербена),ақсәуле (агератум), мақпалгүл, күлтегүл (диморфотека), кербезгүл (алиска), қотырот (скабиоза), үлпек (цинния).
  • Көпжылдық және екі жылдық өсімдіктердің ішінен суды қажет ететіндері: сужияр (аквилегия), тегеурінгүл (дельфиниум), гладиолус, нарғызгүл (георгина), клематис, інжугүл (ландыш),сарана (лилейник), ботакөз (незабудка), дәстүргүл (маргаритка), майда көк гүл немесе шегіргүл (фиалка).
  • Құрғақшылықты көтере алатындар: өте ұсақ гүл (гипсофила), гайлардия, құлқайыр (мальва), мыңжапырақ және де басқа көптеген астық тұқымдас гүлдер.

Ал гүлдердің ханшайымы аталып кеткен раушан гүлін ыстық жаздың ауа райында жиі-жиі таңертең суғарып тұру қажет.

  • Гүлдерді аз-аздан жиі емес, керісінше топыраққа барынша сіңіп, тамырына жететіндей етіп, бір рет қана суғарған дұрыс. Азғана себілген су тамырға жетпей бүкіл еңбегіңізді еш етіп, гүлдердің қурап қалуына әкеледі.
  • Гүлдерді суғарғанда өте мұқият болған жөн. Суды гүлдің бетінен емес түбіне, тамырына қарай бағыттаған жөн. Бетінен суғарылған гүлдер күн көзін көтере алмай тез күйіп қалуы мүмкін. Сондай-ақ дымқыл жапырақтар ыстық күнде суды тез булап, гүлдердің тығыздығының жоғалуына әкеліп соқтырады. Ал флокс, бөрібұршақ (люпин) секілді кейбір гүлдер түйнектеріне тиген судың әсерінен өз сәндік қалыптарын жоғалтады.
  • Егер гүл егілген аумаққа күн таңертеңтүсетін болса, кешкі мезгілде, ал кешке түсетін болса таңертеңгі мезгілде суғарғандұрыс.
  • Су жетіспеген өсімдіктердің гүлдері түсіп, сарғайып, жапырақтары сола бастайды, ал ылғал мөлшерден көп болған жағдайда, зең ауруымен ауырады.
  • Сондай-ақ гүлдерге уақыт болмай біраз күн суғарылмай қалған болса, ең алдымен ылғалды қатты қажет ететін гүлдерді суғарудан бастаған жөн. Ал ылғалға төзімді гүлдерді аз су беріп суғарған дұрыс. Cебебі құрғап тұрып бірден мол су ішкен гүлдерге күш түсіп, қурап қалуы мүмкін. Сондықтан да өсімдіктерді орташа қалыпта 2-3 күнде суғарып алу қажет.

Гүлдер қаншалықты әдемі көп болып көрінгенімен өте нәзік, баладай мәпелеуді қажет етеді. Бақша мен есіктің алды қызылды-жасылды түрлі гүлдермен көмкеріліп жайнап тұрса, шаршап келген кез-келген жанның жанына рахат тыныштық сыйлары анық.

Дайындаған: Эльмира Базарбаева,

ERNUR.KZ.