Ішімдіктің әсерін басатын дәрі суағарды 5 минутта тазартады

0
2 341

Ал айнаны капрон шұлықпен сүрту керек.


Ішімдіктің әсерін басатын дәрі  суағарды 5 минутта тазартады

фото: ғаламтордан

Бұрындары тек көпқабатты үйлерде ғана болатын жуынатын бөлмелер, бүгінде кез-келген жер үйде кездеседі. Жуынатын бөлме – үйдегі тазалықты ең көп және жиі қажет ететін жер. Ондағы ылғал мен жылылық бактериялардың тез көбеюіне алып келеді. Онымен қоса су тамшылары бөлмедегі айна бетіне, кафелге қақ боп тұрып алады. Оларды тазарту да оңай емес.

Ендеше, жуынатын бөлмені оңай әрі жарқыратып тазартуға арналған және шығынды көп қажет етпейтін 8 түрлі кеңес ұсынамыз.


Капрон шұлықпен сүртілген айна ерекше жарқырап тұрады

Бірреттік шәй қалташасының 3 данасын бірге салып қою күрең шәй демдеңіз. Осы шәйді бүрккішке құйып, айнаға себіңіз. Арнайы сулықпен немесе газетпен сүртіп алыңыз. Сондай-ақ газет пен сулық орнына капрон шұлық пайдалануға болады. Әрине бұл біртүрлі көрінуі мүмкін, бірақ әсері өте жақсы. Айна айтарлықтай тазарады.


Сіркесу мен сұйық сабын зеңнің мәселесін шешеді

Сіркесу мен сұйық сабынды 1:1 мөлшерде араластырып, сорғышпен (губка) санитарлық торапты (санузел) сүртіп шығыңыз. Бұл - зеңге қарсы мықты қару.


Металға тиген су дақтарынан лимон құтқарады

Санитарлық тораптың метал бөліктеріндегі (шүмек, себезгі т.б) су дақтарын лимонның жарты бөлігімен-ақ кетіруге болады. Ол үшін лимонды екіге бөліп, жарты бөлігімен қажетті жерді сүртіп шығу керек, жарқырап шыға келеді. Егер дақтар бұрынырақтан бар, кетуі қиын болса, онда сулықты сіркесуға батырып, қажетті аймақты шамалы (1 сағатқа) орап қойыңыз! Артынан тіс щеткасымен шамалы ысқылап, тазартып алу керек.


Жуынатын бөлмені тазартуға ыдыс-аяқ жууға арналған мәшинені де пайдалануға болады

Тіс шеткалары тұратын ыдысты жуу қиын ба? Онда кірлеген ыдысты ыдыс жуу мәшинесіне салып жіберу керек. Бірден жалтыратып, тазартып береді.


Сіркесу – микробтар мен бактерияларды бірден жояды

Сіркесудың мұндай қасиетін унитазды тазалауға пайдаланған дұрыс. Сіркесуды унитаздың суағызар бөшкесіне құйып, кәдімгі тазарту құралдарын пайдаланғандай ретте сүртіп алу керек. Ал залалсыздандыру үшін,дәретхана қағазын сіркесуға батырып, унитаздың ернеуіне айналдыра қойып, 5-10 минутқа қалдырасыз. Кейін қағаздарды алып тастап немесе унитазға ағызып жіберіп, тазартып алу керек.


Жуынатын бөлмедегі пердеше (шторка)

Мұны тазарту үшін де сіркесу жақсы көмектеседі. Ол үшін пердешені жуу кезінде ұнтаққа (порошок) жарты стақан сіркесу қосып жіберсеңіз болғаны. Мұндай әдіспен жуылған пердеше тазарады әрі залалсыздандырылады.


Дәрінің көмегімен суағарды тазартуға болады

Жуынатын бөлмедегі ең маңызды жердің бірі - суағар. Егер қолда арнайы тазартатын құрал болмаса, онда оның орнына Алкозельцер немесе көпіртетін әсері бар дәріні пайдалануға болады. Дәрінің 2 данасын суағарға тастап, үстінен 100мл сіркесу құйыңыз. 5 минуттан соң ыстық суды 2-3 минут ағызып қойыңыз, болды. Суағар тап-таза.


Кір жуатын машина микробтардың "жәннәт" орны деуге болады

Себебі онда қолыңыз жетіп сүрте алмайтын, микробтар тұрақтайтын қуыстар өте көп. Бірақ ондай жерлерді де тазартуға болады және оның қиындығы жоқ. Ол үшін шаңсорғыштың басына қағаз сулықтан қалған ораманы (рулон) кигізіп, қол сыймайтын қуыстарды тазартып аласыз.


Тағы оқыңыз: ЖҮЗІМ піспей жатып шіри бастаса СОДА пайдаланыңыз


Дайындаған: Эльмира Базарбаева,

ERNUR.KZ.