Киімді үтіктемей-ақ қыртысын жазуға болады

0
1 466

Киім үтіктеу де аса бір құлшыныспен атқаратын жұмыс емес, кейде тіпті шаршатып та жібереді. Сондықтан да үтік жоқ кезде киімнің қыртысын кетіріудің оңай жолдарын айтамыз.


Киімді үтіктемей-ақ қыртысын жазуға болады

фото: domashniy.net

Қазіргі технологияның дамыған кезінде үтіксіз үйді елестету қиындау шығар, сірә. Бірақ оның да кейде қолда болмай қалатын кездері болады. Мысалы, жарық сөніп қалды, үтігіңіз күйіп қалды, болмаса жалқаулығыңыз ұстап қалды немесе уақытыңыз тапшы. Бірақ үтіктелмеген киіммен жүру өте ыңғайсыз. Киім үтіктеу де аса бір құлшыныспен атқаратын жұмыс емес, кейде тіпті шаршатып та жібереді. Сондықтан да үтік жоқ кезде киімнің қыртысын кетіріудің оңай жолдарын айтамыз.

Дұрыс жуамыз

Киім жуғанда кір жуғыш машинамен немесе қолмен жуылатын болсын, ұнтақты сыртында жазылған мөлшермен салу маңызды. Машинамен жуатын болсаңыз барынша тез айналдыратын тәртіптемесіне қойыңыз. Себебі неғұрлым жылдам айналған сайын қыртыстары аз болады. Ал егер қолмен жуар болсаңыз, қатты сықпауға, мыжғыламауға тырысыңыз. Киімді асығыс болмаса сығып жаюдың қажеті жоқ. Қандай матадан тігілген болса да киімді шайып болған соң сықпаңыз. Бұл енді жеңіл киімдер мен төсек-жаймалар үшін өте қолайлы. Біріншіден, үтіктеуді қажет етпейді, екіншіден, киімнің үлгісі мен өңін сақтайды.

фото: uborka.co

Дұрыс кептіреміз

Егер киімді дұрыстап кептіретін болсаңыз оны үтіктеу үшін тіпті ойланып та қажеті жоқ. Киім кептіргіште жайылған киімнің үтіктелгендей тегіс болуына температураның әсері маңызды. Киімдердің кейбірі жоғары, енді бірі төменгі температурада кебетіндіктен оларды матасы мен үлгісіне қарап жайған дұрыс. Қалың, тоқылған жейделерді күннің астына жайсаңыз, жұқа, жеңіл киімдерді көлеңке тұсқа жайған дұрыс.

Сондай-ақ жуылған киімдеріңіз қыртыс, сығылған күйінде кеуіп қалса онда, киімге алдымен кішкене су шашып немесе бүркіп алыңыз. Содан соң 1-2 минуттай қолыңызға алып қаттырақ сілкілеңіз. Бұл әдіс негізінен жеңіл киімдерге ыңғайлы.

Мұзды пайдаланыңыз. Бұл таңғаларлық, әрі қызықты болып көрінуі мүмкін. Бірақ кәдімгі қарапайым мұз киімнің тазалығы мен жатық болып тұруына көмектеседі. Бұл үшін киімді кептіргішке жайғанда жанына немесе қалталарына мұз салып қойсаңыз, үтіктелгендей жатық болып шыға келеді.

фото: furnishhome.ru

Дұрыс сақтаймыз

Кепкен киімдерді шкафқа жинайтын кезде де мұқият болыңыз. Жеңіл жеңсіз жейделер, трикотаждан тігілген, жүннен тоқылған киімдерді жеңдерін арқасына қарай жіберіп, ортасынан бүктеп сөреге қойыңыз. Көйлек, шалбарларды киім ілгішке іліңіз. Ал жол жүргенде, шабаданыңызға салынған жағасы бар көйлектеріңіздің, шалбар мен тез қыртысталатын киімдеріңіздің арасына ақ қағаз қойыңыз. Жеңсіз жейде сияқты қарапайым киімдерді тығыздап орап салыңыз.

Егер де киімдеріңіздің қатты қыртысы жазылмаған тұстары болып, үтіктеуге мүмкіндік болмаса онда, үтіктің орнына ыстық су толы темір күрешкені пайдалануға болады.

Жуынатын бөлмеге іліп қойыңыз

Киіміңізді ілгішімен жуынатын бөлмеге апарып іліп, іші буланатындай етіп себезгіңізді қосыңыз, ыстық бу әсерінен қыртыстанған жерлер тез жазылады. Бұл көп ретте етегі қабатталған той көйлектеріне, іссапарда жүрген ер жігіттердің киімдеріне ыңғайлы әдіс.

Дайындаған: Эльмира Базарбаева,

ERNUR.KZ.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет