​Кір жуатын ұнтақтың қауіпсіз түрін 10 минутта жасап алыңыз

0
4 704

«Кез-келген дүкен мен, супермаркет, базарлардан табылатын дайын ұнтақ тұрғанда, оны қолдан жасап не керек?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Сондықтан да мына жайттарды біле жүрген абзал.


​Кір жуатын ұнтақтың қауіпсіз түрін 10 минутта жасап алыңыз

фото: sdelaisam.yourarticles.ru

Қазіргі кезде кірленген киім-кешек пен төсек-жайма, сулықтарды тазарту үшін, кір жуатын ұнтақты пайдаланбайтын қыз- келіншектер жоқ болса керек. Солардың ішінде тек кейбіреулері ғана мұндай ұнтақтардың зиянды, тіпті қауіпті екендігін ескереді. Егер сіз де осындай жандардың қатарында болсаңыз, онда үйде дайындауға болатын ұнтақ жайлы білу қызықты болатыны сөзсіз.

Не үшін қажет?

«Кез-келген дүкен мен, супермаркет, базарлардан табылатын дайын ұнтақ тұрғанда, оны қолдан жасап не керек?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Сондықтан да мына жайттарды біле жүрген абзал:

Біріншіден, отбасыңыз үлкен болса, мұндай ұнтақтар қалтаға қымбат түседі.

Екіншіден, кейбір ұнтақтардың құрамына химиялық заттар кіреді. Олар нәзік маталарды құртып қана қоймай, күшті аллергиялық әсер беруі мүмкін.

Үшіншіден кейбір жандарға ұнтақтың өткір иісі жақпайды.

Төртіншіден қазіргі кезде сыртқы жарнамасы жер жаратын, іші күмәнді, сапасыз ұнтақтар көбейген.

Егер осы жағдайлардан сақтанғыңыз келсе, үй жағдайында жасалатын кір жуу ұнтағын дайындаудың бірнеше әдісін ұсынамыз. Дайындалуы бар жоғы 10-15 минут уақыт алады. Сондай-ақ құрамына қосатын қоспалар да әрбір үйден, жақын маңдағы дүкендер мен дәріханаларда табыла кетеді. Дайын ұнтақ бағасы да өте арзан. Бірақ сапасы мен әсері жағынан дүкеннен алатын ұнтақтан артық болмаса, кем түспейді.

Бірінші әдіс

Дайындау үшін қажетті заттар

  • 150 гр шаруашылық сабыны
  • 500 гр ас содасы
  • 400 гр тұрмыстық кальций қосылған сода
  • 5-10 тамшы эфир майы (хош иіс үшін)

Дайындау әдісі

  1. Алдымен шаруашылық сабынын жаңқа болу үшін үккіштен өткізу қажет. Ал майда үккішті пайдаланған жағдайда, автомат кір жуу машиналарына да қолдануға да болады.
  2. Алынған сабын жаңқаларын сумен арластыру қажет.
  3. Келесі кезекте бірнеше тамшы эфир майын тамызып, араластырамыз.
  4. Ұнтақ дайын.

Екінші әдіс

Дайындау үшін құрамына кіретін заттар

  • Шаруашылық сабынының үлкен бір бөлігі
  • Кальций қосылған сода – жарты келі
  • Ас содасы – жарты келі
  • Лимон қышқылы – 3 ас қасық
  • Тұз – 2 ас қасық
  • Эфир майы қалауыңызға қарай

Жасалу әдісі:

  1. Шаруашылық сабынын үккіштен өткіземіз.
  2. Үгітілген сабынды сумен араластырамыз.
  3. Араласқан қоспаға лимон қышқылын қосамыз. Лимон қышқылы матаның жұмсақтығын сақтайды.
  4. Келесі кезекте осы қоспаға тұзды саламыз. Мұндай құрам матаның өңін сақтауға әрі ақ киімдерді ағартуға әсер етеді.
  5. Соңындаэфир майын құйып, жақсылап араластырып алсақ болғаны, жуу құралымыз дайын болады.

Үшінші әдіс

Керекті заттар

  • 75-100 гр сапалы табиғи сабын
  • 1 стақан (250 гр) ас содасы
  • 1 литр су
  • 20 тамшы эфир майы

Дайындау әдісі

  1. Сабынды үккіштен өткізіп майдалап алу қажет.
  2. Үгітілген сабын сумен араластырылады.
  3. Араласқан суды қайнауға жеткізіп, ішіндегі құрғақ сабын үгіндісін еріту қажет.
  4. Эфир майын араластырып, дайын болған сұйықтықты бөтелкеге құйып, қараңғы салқын жерге 1-2 сағатқа қалдыру қажет.

Керек кеңес

  • Ұнтақты жасау барысында бетке бетперде таққан дұрыс.
  • Кірлеген 4-5 кг киім-кешекке 1 стақан ұнтақ, шамамен 250гр деп есептеледі.
  • Өз қолыңызбен жасаған табиғи таза ұнтақты рахатыңызға пайдаланыңыз!

Дайындаған: Эльмира Базарбаева,

ERNUR.KZ