Көліктің терезесі "ТЕРЛЕСЕ" аяқкиім қорабынан шыққан ҚАЛТАШАНЫ ПАЙДАЛАНЫҢЫЗ

0
3 329

Аяқкиім қорабынан шыққан бұл затты тастап жібермей өзге де жағдайларға қолдануға болады.


Көліктің терезесі

Жаңа аяқ киім сатып алған кезде ішінен сырты ағылшынша жазылған, ішінде түйіршіктер бар ақ пакет қалта шығатынын жақсы білеміз. Бұл қалташа не және не үшін қажет? Оны үй-тұрмыста қолдануға бола ма? Бұл сұрақтардың жауабын төменненбіле аласыздар.

Аяқ киіммен бірге жүретін ақ қағаз қалташа ішінде силикагель деген зат болады. Бұл түйіршіктер ылғалды сіңіру үшін үшін қажет. Сондай-ақ түссіз түйіршіктер жағымсыз иісті сіңіріп алады. Аяқкиімді дайындап болған соң өндірісте қолданылған желімнің, бояудың, еріткіштің иісі болуы мүмкін. Селикагель сол иістің барлығын сіңіріп, қорап ішінде қосымша иісті болдырмайды.


Аяқкиім қорабынан шыққан бұл затты тастап жібермей өзге де жағдайларға қолдануға болады

  • Селикагель суға түскен телефонды немесе жаңбыр астында қалып қойған фотоаппаратты құтқарады. Ол үшін алдымен екі құрылғының да бөлек алынатын бөлшектерін алып үстіне селикагель қалташаларды барынша толтырып саламыз. Бірнеше сағаттан кейін құрылғыны іске қоса беруге болады.
  • Еріген қар мен жаңбырдан аяқ киімнің ішіне су өткен болса, онда шешкеннен кейін ішіне ақ қалташаларды салып қойыңыз. Сол кезде аяқ киім тез кебетін болады.
  • Салқын мезгілде фотоға түскенде температураның төмендеуінен объектив терлеп кете береді. Ондай кезде фотоаппараттың қабына бірнеше қалташа селикогель салып қойсаңыз жеткілікті.
  • Аяқ киім қоятын сөреге немесе сөмкеге бірнеше қалташа селикогел салып қойыңыз. Ол ондағы ылғалды ғана емес, жағымсыз иісті де жояды.
  • Шекер мен тұз қатып кесектеніп қалмауы үшін олар тұратын сөреге селикагель қалташаларын салып қойыңыз.
  • Сонымен қатар селикагель салынған қалташаларды жаттығу залына апаратын сөмкенің ішіне салып қойсаңыз да болады. Ол сөмкеде жағымсыз иіс болдырмайды және ылғалды өзіне тартады.
  • Ғажайып түйіршіктерді теңізге, шомылуға барған кезде шабадан мен сөмкеге салуды ұмытып кетпеңіз. Ол киімнің қатты ылғал тартып, көгермеуіне ықпал етеді.
  • Машина әйнегін терлеп, буланып кетуден сақтайды. Кешкісін машина құралдарының үстіндегі панелге бірнеше қалташа селикагель қойсаңыз, таңертең терезенің булануы болмайды.
  • Пышақтың жүзінің өткірлігін сақтау үшін де селикагель қалташаларды пайдалануға болады. Пышақтың жүзі ылғалда көп болған сайын өткірлігін жоғалтады. Егер пышақ тұратын жерге бірнеше қалташа салып қойсаңыз, онда оны сирек қайрайтын боласыз.
  • Отбасылық фотолардың жақсы сақталғанын қаласаңыз, онда фотолар тұрған ыдысқа бірнеше пакет селикагель салып қойыңыз.
  • Егер қырынуға арналған құралды селикагель салынған қалташалармен бірге қоятын болсаңыз, онда оның өткірлігі ұзақ уақытқа сақталады.
  • Қазіргі кезде қыз келіншектер күміс әшекейлерді жиі пайдаланады. Көп тағылғаннан кейін оның қарайып, бастапқы қалпын жоғалтып алатыны бар. Бұл ылғалдың әсерінен болады. Күмістің қарайып кетпеуін болдырмау үшін аяқ киім қорабынан шыққан ақ қалташаны пайдаланып көріңіз. Ол үшін барболғаны күмістердің жанына сол қалташаларды салып қойыңыз немесе қалташаны ашып, ішіндегі түйіршіктерге салыңыз.
  • Егер үйдің іші немесе дәрі-дәрмек қоятын жеріңіз ылғалды болса, онда дәрі салатын қорапша ішіне селикагель салынған ақ қалташаларды салып қойыңыз. Дәрілер ылғалды көбірек сіріп қойса, онда оның медициналық құрылымы төмендейді.


Маңызды кеңестер:

Селикагель салынған қалташаны ашық ауада қалдыруға болмайды. Себебі түйіршіктер ылғалды сіңіріп, жарамсыз күйге түседі.

Егер гелді түйіршіктер біраз уақыттан соң көмектеспей қалса, онда қалташаларды пешке салып бастапқы қалпына қайта келтіруге болады. Ол үшін 100 градуста жарты сағат қойып алу жеткілікті.


Селикагель түйіршіктерін жеп қойған жағдайда не істеу керек?

Кішкентай балалардың қызықпайтын нәрсесі жоқ. Кейде бар тапқанын аузына салып көретіні бар. Егер бала осы аяқ киім ішінен шығатын түйіршіктерді аузына салып жеп қойған жағдайда не болады?

Негізі ештеңе болмауы керек. Селикагельдің негізгі бөлігі жасанды құмнан тұрады. Ол улы емес және химиялық затқа жатпайды. Селикагель түйіршіктерінде иіс те, дәм де болмайды.

Алайда қалташаның сыртындағы түрлі тілде жазылатын жеуге болмайды деген ескертпе бекер емес. 1 қалтаны толықтай жеп қойса (ересектерге 1 қалта ешқандай әсер бермейді) онда ағза сусыздануы мүмкін. Себебі гель ылғалды жақсы сіңіреді.

Сондай-ақ кейде, өте сирек жағдайда селикагель құрамына кеміргіштерден қорғайтын у қосылуы мүмкін. Сондықтан мүмкіндігінше сақ болған жөн!!!


Керек кеңес, қажеттеріңізге жарасын!


Дайындаған: Эльмира Базарбаева,

ERNUR.KZ.


Салмақ тастағысы келгендер үйде гүлшетен өсіргені дұрыс