Қырынуға арналған көбік майлы дақты оңай кетіреді

0
1 830

​Киімге тиген майлы дақты кетірудің тиімді тәсілдері


Қырынуға арналған көбік майлы дақты оңай кетіреді

Майлы дақты кетіруге ыдыс жууға арналған сұйықтық, крахмал, бор, тіске арналған ұнтақ жақсы көмектеседі.


Нені ескеру керек

  • Жоғарыда аталған құралдардың барлығы майлы дақпен жақсы күреседі. Егер тәуекел етуге қорықсаңыз, онда арнайы тазалық орталығына барғаныңыз жөн.
  • Егер майлы дақ қалың матаға тиген болса, оны щеткамен немесе ыдыс жуатын сорғышпен езу керек. Егер мата жеңіл, жұқа болса, қолмен немесе кір жуған кездегідей матаны бір-біріне езгілеген дұрыс.
  • Ескі дақтарға қарағанда жаңа тиген дақты кетіру оңайырақ. Сондықтан мейлінше жылдам тазалап тастауға тырысыңыз.
  • Тиген майлы дақты өңдеп алмай жатып, кір жуу машинасына салып жумаңыз. Бірден машинаға салып жуып жіберсеңіз дақты кетіру қиын болады.
  • Кез келген үй құаралдарын пайдаланбас бұрын киімнің көрінбейтін жеріне қолданып, тексеріп көру керек. Осылай киімнің түсі өзгермейтініне, бүлінбейтініне сенімді боласыз.
  • Егер пайдаланған құрал көмектеспесе, оны сумен шайып жіберіп өзгесін қолдануға болады.


Ыдыс жуатын сұйықтық

Бұл ең бір тиімді тәсілдердің бірі. Дақ тиген жерге сұйықтықты жағып 10-15 минутқа қалдырыңыз. Кейін кір жуатын машинаға салып немесе қолмен жуып алыңыз.


Кір сабын

Бұл тәсіл де кірлеген жерді жақсы кетіреді. Дақ тиген жерді ыстық суға батыра отырып көпіртіп сабындап алыңыз. 2 сағатқа қалдырып, кейін жуып алыңыз.


Бор

Борды ұнтақтап дақ тиген жерге сеуіп шамалы ысқылап алыңыз. Джинсы сияқты қалың матадағы дақтың бетінен үйкелесеңіз де болады. Әдіс тиімдірек болу үшін бірінші сабын жағып, кейін бор себу керек.


Тіске арналған ұнтақ

Дақ тиген жерге тіске арналған ұнтақты мол етіп себіңіз. Бетіне қағаз сулық қойып, ыстық үтікпен басыңыз. Кейін жаңа ұнтақ сеуіп, бетіне қағаз сулық қойып ауыр затпен бастырып қойыңыз. Ол үшін суыған үтікті пайдалануға болады. Түнге қалдырып, таңертең жылы сумен жақсылап жуып алыңыз.


Тұз бен ас содасы

Егер дақ әлі кеуіп үлгермеген болса, онда тұзбен жақсылап ысқылап кетіруге болады. Тұз майды өзіне тартып ала алады. Тұзды ауысытра отырып дақ кеткенге дейін ысқылау керек.

Кеуіп қалған дақ үшін тұз бен ас содасының қоспасы жақсы көмектеседі. Ол үшін 150 гр қайнаған ыстық суға 1 шай қасық тұз бен ас содасын қосып, қоспаны дақ тиген жерге жағып 1 сағатқа қалдырыңыз. Кейін жуып алыңыз.


Крахмал және сүт

50мл сүтке 4ас қасық картоп крахмалын араластырып, дақтың үстіне жағып түнге қалдырыңыз. Таңертең жуып, тазартып аласыз.


Қырынуға арналған көбік

Бұл құрал да майды жақсы кетіреді. Әсіресе трикотаж матадағы дақтарды бүлдірмей жылдам кетіріп ала аласыз. Дақ тиген жерге көбікті сеуіп 15 минуттан жуып алыңыз.


Sprite немесе Coca-Cola сусыны

Бұл газдалған тәтті сусындар түсті немесе қара киімдегі майлы дақты кетіруге жақсы көмектеседі. Бар болғаны майлы дақ ізіне сусынды құйып 2-3 сағат ұстау керек. Кейін жуып аласыз.

Керек кеңес, қажеттеріңізге жарасын!


Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ.