​Қызанақ ІРІ әрі ТӘТТІ болу үшін МЫНА әдісті қолдану керек

0
9 021

Қырқып тұру - қызанақтың мол өнім беруінің кепілі.


​Қызанақ ІРІ әрі ТӘТТІ болу үшін МЫНА әдісті қолдану керек

көрнекілік фотолар: ғаламтордан алынды

Дүкеннен алған қызанақтың дәмі үйдегі бақшада өсірген өз өніміңізбен салыстыруға келмейді. Ал егер сол қызанақтар дәміне қарай үлкен болып, мол өнім берсе тіптен керемет.

Бақшаға еккен қызанақтар тәтті әрі ірі болуы үшін не істеу керек? Қандай күтім жасау қажет? Мұның қарапайым құпиясын білсеңіз, таңғаласыз.


Қызанақты реттеп тұру керек

Қызанақтың түбін қопсытып, уақытылы ретке келтірмесе, өсімдік бар күшін және пайдалы заттарын төмендегі жапырақтары мен қажетсіз бұталарға жұмсайды. Қызанақтың төменгі топыраққа тиіп тұрған жапырақтары инфекция өткізгішке айналады. Сондықтан тәжірибелі бағбаншылар көшет біраз бой көтерген соң алғашқы гүлдегенге дейін төменіндегі 2-3 жапырағын кесіп отыру керек. Осылайша жақсы жел қағып, арасына еркін ауа кіріп тұрады және өсімдікке артық күш түсірмейді.

Жапырақтарды құрғақ, жылы ауа-райында және мүмкіндігінше таңертеңгі мезгілде қырыққан дұрыс. Себебі, кесілген жапырақ орны шамалы болса да бітеліп үлгеру керек. Сондай-ақ қызанақтың жапырақтарын түйнеген соң да қырқып тастап тұрған дұрыс. Тек бір бұтадан жапырақтарды қандай шамада алып тастау қажет екенін гүлдеуі мен түйнегіне қарап бағдарлауы тиіс. Яғни бұталар түйнектеп болғанша жапырақтарды кесіп тастауға болмайды.



Өскіндерді қырқу

Қызанақтыңартық бұтақшаларын кесіп отыру да өте қажетті амалдардың бірі. Бұталарды қырқу арқылы өсімдіктің қажетсіз өскіндерге күш жұмсауының алдын алуға болады. Кейде өскін мен қызанақтың жоғарғы жағын қырқып тастауға қимаймыз. Ал нәтижесінде көшет түйінді аз салып, жайылып өсіп кетеді.

Өскіндерді қырқу уақтылы жүргізілу тиіс. Өсімдіктің қуысынан өсетін өскіндерді 3-4 см биіктікте өскен кезде қырқып тастау керек. Егер өскіндердің үлкен көлемдісін, яғни 3-4 см үлкенін қырқатын болсаңыз, онда өсімдіктің қорғанышы төмендеп, ауыра бастайды.


Түптеу, шабықтау, өсімдіктің түбін көму

Тамыр мықты болған сайын өсімдікті көбірек қажетті заттармен қоректендіріп, оның өнімі ірі бола түседі. Сондықтан өсімдік түбін шабықтап, үйіп тұру қажет. Қызанақтың түбі тамыр өсе бастаған кезде шабықталады. Ал тамыр кезең-кезеңімен өседі.

Ең алдымен көшетті қондырған соң тамыр белсенді түрде өсе бастайды, ал одан кейін ол шамалы басылып жоғарғы жақтағы өскін өсу кезеңіне көшеді. Өскін біраз өскен соң өсу қарқыны бәсеңдеп тамыр қайта өзінің өсу белсенділігін жалғайды. Кейін қызанақ гүлдеп, түйней бастаған кезде тамырдың өсуі бәсеңдейді.


МАҢЫЗДЫ! Қызанақтың түбін шабықтау үшін өсімдік сабағына мұқият мән беріп қарап жүру керек. Егер сабақтың жерге жақын жерінде бөртпе секілді дөңес пайда бола бастаса, онда оның түбін шабықтаудың бірінші кезеңінің келгені. Шабықтаған кезде міндетті түрде ылғалды болуы керек. Сондай-ақ шабықтаудың келесі кезеңі қызанақ сабағының төменгі, жерге жақын бөлігіндегі түсі өзгергенде, яғни жасылдан көкшіл түске ауысқанда жүргізілуі тиіс.


Уақтылы шабықтау тамырдың жақсы, мықты өсуіне және өнімге де мол күш жинап, оның көлемінің өсе түсуіне мүмкіндік береді.


Суғару

Қызанақ ылғалды топырақты жақсы көреді. Алайда қияр секілді оны күнделікті суғарудың қажеті жоқ. Қызанақты сирек, бірақ мол етіп суғару қажет. Аптасына бір рет, әр түпке 1-2 шелек су құйған дұрыс. Егер ауа-райы тым ыстық, құрғақ болса онда 4-5 күн ішінде суғарылады.


МАҢЫЗДЫ! Қызанақ алғаш гүлдей бастаған кезде бор қышқылыншашу керек. 10л суға 10г бор ұнтағы. Бор қышқылы:

  • Тозаңданудың өсуіне
  • Түйнеуге және түйнектің өсуіне
  • Жаңа өскіндердің пайда болуына
  • Түйнектердегі тәттінің көбеюіне көмектеседі.


Қосымша қорек беру керек

Өсімдік гүлдеп түйней бастаған кезде оған тамырынан көң, азотты тыңайтқыш беру - қателік. Бұл тек жасыл өскіндердің көбейіп өсуіне ықпал етіп, түйнеуді азайтады. Алайда қызанақтан мол әрі ірі, тәтті өнім алу үшін төмендегідей тыңайтқыштар берген жөн:

  • Ылғалды топыраққа 3-4 қасық ағаш күлін 1кв.м жердегі көшет түптеріне сеуіп шығу қажет. Мұндай қорек өнімнің тәттілігін арттырады. Ағаш күлімен 2 апта аралықты сақтай отырыптүйнеп біткенше қоректендіруге болады.
  • Минералды коктейлмен суғаруға болады. Ол үшін 2 л күлді 5 литр қайнаған ыстық сумен араластырып, суыған соң үстіне 10 л су құйып, 10 гр бор қышқылын және 10 мл йод қосып араластыру керек. Қоспаны 1 тәулікке қойып, кейін әр түпке 1 литрден құю қажет.
  • 3 литрлік банкаға тығыздалған (прессованный) 100г ашытқы және жарты стақан қант салып үстінен жылы су құйып, ашып көтерілгенше жылы жерге қойылады. Қоспаны жиі-жиі араластырып отырған жөн. Жақсылап ашыған соң 1 стақанын 10л суға араластырып, әр түпке 1 литрден құю қажет.


ЕСКЕРІҢІЗ! Мұндай Тамырдан тыс үстеп қоректендіру аптасына бір рет кешкісін, желсіз ауа-райында жасалуы тиіс.

ЕГЕР сіздің бақшадағы қызанақтың сұрпы кішкентай болса, онда одан үлкен, ірі өнім аламын деп әуре болағаныңыз абзал.


Дайындаған: Эльмира Базарбаева,

ERNUR.KZ.


Тағы оқыңыз:


Кіржуғыш машинаның орнына кейде тоңазытқышты пайдалануға болады


Мұздатқышқа МҮЛДЕ қоюға болмайтын АЗЫҚ-ТҮЛІКТЕР жайлы білесіз бе?