МЕКТЕПКЕ ДЕЙІН әрбір ӘЙЕЛ істеп үлгеруі тиіс 7 ШАРУА

0
2 444

Тамыз айын қалай тиімді пайдаланып үлгеру керек?


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІН әрбір ӘЙЕЛ істеп үлгеруі тиіс 7 ШАРУА

Осыдан біраз бұрын қалың киініп, суыққа өкпелеп, жазды шығара алмай жүрген сияқты едік. Ал енді әне-міне дегенше жайдары жаздың екі айы да өтіп қалды. Енді шамалы уақыттан соң балалардың да демалысы аяқталып, мектептерде қоңырау үні қайта жаңғыра бастайды. Үйдегі кішкентай көмекшілер мектепке асығып, үй шаруасына қолғабыс жасауға уақыттары бола бермейді. Сондықтан әзірге балалар үйде, өздеріңіз демалыста кезде үй шаруасында атқарылатын жұмыстар ретін бір қажеттеріңізге жарасын деген мақсатта ұсынамыз.


1. "Банка" жабу

Жаз басталысымен, әсіресе жеміс-жидектері мен көкөністері тез пісетін Оңтүстік өңіріндегілер бұл кезеңде қыстық салат пен тосап, нәрсу жауып жатады. "Банка жабу" жұмыстары көп еңбек қолын талап ететіндіктен бұл ретте "барып кел, шауып келге" балалардың тигізер көмегі орасан. Сондықтан сабақ басталмай жатып "банка жабуды" аяқтап алған жөн.


2. Үй жөндеу жұмыстары

Жөндеу жұмыстарын жазда жасаған өте тиімді. Сондықтан сабақ басталғаннан соң балалардың оқуына кедергі келтірмес үшін, жөндеу жұмыстарын аяқтап тастаған дұрыс. Қыстық пешті тазалап, әктеа алсаңыз да тамыз айы осынау жұмыстарға таптырмайтын уақыт.


3. Балалардың сабаққа қажетті құралдарын түгелдеу

Жаңа оқу жылына қарай мектепке қажетті заттарды сататын дүкендер мен базарларда адам қарасы қалың болатындықтан, оқуға қажетті құралдарды да түгелдеп қою қажет. Алдын ала тізім жасап, керектілерді осы бастан түгелдей берсеңіз, айдың аяғында балалардың білімге төрт қаруы сай тұрады.


4. Киімдерге сұрыптау жүргізу

Оқу жылына дайындықты бастамай тұрып, үйдегі киімдерді толықтай шығарып ретке келтіру керек. Қажетсіз, сыймай қалған киімдерден сөрелерді босатып, балаларға керекті киімдердің тізімін, қағазға түртіп қойыңыз. Бұл өз кезегінде біріншіден уақытты тиімді пайдалануға, екіншіден артық зат сатып алмай, қаражатты үнемдеуге көмектеседі.


5. Жаңа курстарға жазылу немесе керегін зерделеу

Бос уақыттың үйдегі шаруалармен немесе гаджет, әлеуметтік желі, балаларда ойындармен шектеліп қалмауын қадағалау керек. Аяқтаған оқу жылында балалардың қандай пәннен үлгерімі төмен немесе жай ғана қай пәнге, қандай спорт түрлеріне қызығушылығы басым екенін зерделеп, сол курстарға қатыстыруға тамаша уақыт. Ал ересектер жүзуге, тілдік курстарға қатысып уақытты тиімді пайдаланса болады.


6. Денсаулықты тексеруден өткізу

Сабақ басталғанда балаларды қадағалаудан, керек-жарағын түгендеп, денсаулығына мән беруден көптеген ата-аналардың өздеріне уақыты бола бермейді. Сондықтан, денсаулығыңызда титтей де кінәрат болса, онда қыркүйекке дейін тексеріліп, емделіп, қажетті дәрумендерді қабылдап алатын уақытты тамыздан "қырқып" ала аласыз.

Сұлулыққа мән беріп, түрлі қоспалары бар жақпамайлардан бетті бір сәт босатып, орнына пісіп жатқан жемістерден табиғи маска жасап алса болады.


7. Демалуды ұмытпаңыз!

Ең бастысы, миды тынықтырып, энергия жинайтындай бір апталық болса да демалыс ұйымдастыру керек. Ондай күш-қуат ертең балалар мектепке барғанда, қызу жұмыс басталған аса қажет болады.


Эльмира Базарбаева,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Ескі түсқағаздарды алудың 7 түрлі әдісі - БӘРІ ДЕ ОП-ОҢАЙ


Кондиционерді өзіңіз де тазалай аласыз