Мысықты дәретханаға үйретуге ПИЯЗ көмектеседі

0
3 079

Пиязды тұрмыстық қажеттілікке пайдалану амалы көп


Мысықты дәретханаға үйретуге ПИЯЗ көмектеседі

Пиязды тек тағамға ғана емес, сондай-ақ басқа да тұрмыстық қажеттілікке пайдалануға болады. Ендеше пиязбен не істеуге болатынын біле жүріңіз!


Күйген күріштің дәмін қалпына келтіреді

Пияздың жарты бөлігін күйген күрішке салыңыз. Ол күйіктің исін өзіне тартып, тағамның дәмін қалпына келтіреді.


Күміс заттарды жақсы тазартады

Пиязды майдалап турап жылы суға салу керек. Осы суға шүберекті батырып, күмістерді жақсылап ысқылаған жөн.


Қазанның түбіне күйген ас қалдығын жақсы кетіреді

Егер қазан түбіне ас жабысып, қарайып күйіп қататын болса, онда оған жылы су құйып бірнеше пияз бөліктерін салыңыз. Біршама уақытқа қалдырып, кейнен оп-оңай тазартып алуға болады.


Асүйді тазартуға болады

Беткі қабатты сырып із қалдыратын қатты қырғыш орнына пиязды пайдалануға болады. Ол үшін пиязды екіге бөліп май, кір болған заттарды ысқылау керек.


Исінен жәндіктер қашады

Пиязды қабығынан аршып суға салып бөлмеге қою керек. Сондай-ақ бөлме гүлдерінің түбінде пайда болатын шіркейлерге пияз салынған суды бүркіп кетіруге болады.


Тотыққан пышақты қалпына келтіреді

Тот басқан пышақты тоты кеткенше пиязбен ысқылап артынан жуып алу керек.


Мысықты дәретханаға үйретеді

Егер мысық үй ішін былғап қоя берсе, онда дәретті көп орындайтын жеріне пиязды аршып, турап қойған дұрыс. Пияздың исі мысыққа жақпайды.


Пияздың өзге де пайдасы туралы

Бастың айналуын болдырмайды

Пияздың бір кесегін алып басы айналып тұрған адамға иіскететін болса, бірден бас айналуы тоқтайды.


Ұйқысыздыққа көмектеседі

Пияздың өткір исі көп адамға ұнамауы мүмкін. Бірақ ол адамға тез ұйықтауға көмектеседі. Пиязды турап ыдысқа салып жатын бөлмеге немесе бас жағыңызға қойсаңыз тез ұйықтап кетесіз.


Пияз құмарлықты арттырады

Сарапшылар пияз тестеронды жоғарылатады деп сендіреді. Пияз жеген ер мен әйелдің құмарлығы арта түседі дейді. Мысалы Европа елдерінде шіркеу қызметкерлері пияз жеуден қашады екен.


Жаңқаны шығаруға көмектеседі

Егер қолыңызға жаңқа кіріп кетсе, онда оны пияздың көмегімен оп-оңай алуға болады. Пияздың бір кесегін жаңқа кірген жерге қойып пластыр жапсырып, бір сағатқа қалдыру керек. Уақыт өткен соң оны алу жеңіл болады.


Беттегі безеулі бөртпелер мен тыртықтарды азайтады

Пиязды сығып оған 1:1 мөлшерде қызанақ шырыны мен ағаш майын араластырып бөрітпелерге, тыртық түскен жерге жағу керек. Тыртықтың бетіне ашық рең беріп, бөрітпелерді азайтады.


Асқорытуды жақсартады

Пияздың құрамында олигофруктоза бар. Олигофруктозаішекте пайдалы бактериялардың дамуын қамтамасыз етеді.


Етеккір кезіндегі ауырсынуды басады

Егер етеккір кезіндегі ауырсынуды пияздан шай демдеп ішіп басуға болады. 1 бас пияды 1л суға 5 мнут шамасында қайнатып оған 1ас қасық бал қосып шай етіп ішу керек.


Тамақ ауруын басады

Бірнеше пияздың қабығын қайнатып, суына бал қосып ішсе тамақтың ауырғаны басылады. Суды ішерден алдын қабықты алып тастау керек.


Шашқа рең береді

Пиязды суға қайнатып тұндырып алу керек. Шашты жуып болған соң тұнбаны шашқа бүркіп себу қажет.


Сүйелді кетіреді

1дана асперинге 1ас қасық су және 1ас қасық ұсақталып туралған пияз салып араластыру керек. Қоспаны сүйелге жағып бетіне пластыр жапсыруға болады. Сүйелді біртіндеп кішірейтіп кетіреді.


Дайындаған: Эльмира Базарбаева,

ERNUR.KZ.


Тағы оқыңыздар: Макарон қайнатқан судан ыдыс-аяқ жуатын сұйықтық дайындауға болады.