Паркет еденді 5-6 айда бір рет майлап тұру керек

0
910

Паркет еденді сумен жиі жууға болмайды.


Паркет еденді 5-6 айда бір рет майлап тұру керек

Қазіргі кезде паркет төселген еденді кез-келген үйден кездестіруге болады. Ол экологиялық жағынан таза және өте әдемі көрінеді. Алайда күтім жағына келгенде кішкене мұқияттылықты талап етеді. Бірақ кез-келген істің шешімі бар. Сол секілді паркет еденді жуып тазартудың дұрыс жолдарын білген оны ұзақ уақыт және әдемі күйінде сақтайда алады.


Паркет еден

Еден жабынының бұл түрі - ағаштан жасалған ұсақ бөлшектерден тұрады. Паркет еден жабыны үйеңкі, қайың, шамшат (бук) секілді ағаштардан жасалады. Арасында аук, венге екілді тропикалық ағаштардан жасалған таңсық түрлері де кездеседі. Сондай-ақ паркет жабыны өте әдемі көрінеді, мықты, дыбыс өткізбейтін ерекшелікке ие және жылуды жақсы ұстайды.

Назарға алатын жайт! Жоғарыда айтылған жақсы қасиеттеріне қарамастан, паркет еден жабынын керемет, мінсіз деп айтуға болмайды. Оның да өзіндік кемшіліктері бар. Мысалы оған ылғал мен ауаның ауытқуы жақпайды. Ағаштан жасалғандықтан сыртқы әсерден өзінің қалыбын өзгертіп жібереді (мысалы, ісініп кетуі мүмкін).


Қандай түрлері бар?

1. Дара (штучный) - бұл қарапайым паркет түрі. Бір-біріне кигізілетін арнайы кертігі бар, шағын көлемді. Ағаштың қатты түрлерінен жасалады. Өзге паркеттерден айырмашылығы - ұзақ мерзімге жарайды, оңай жөнделеді, түрлі өрнекте жасауға болады.

2. Өрнектелген (Мозаичный/Наборный) - бұл паркет түрі 40х40 немесе 60х60 см көлемінде болады. Өте көз тартаын әсері бар және еденге төсегенде өрнек тәрізді шығады.

3. Паркет тақтайшалары (паркетные доски) - үшқабатты паркет еден жабыны. Паркеттегі ағаш қабаттары бір бірімен қиылысып жасалатындықтан, ол мықты әрі ылғалға төзімді келеді және ауа ауытқуы аз әсер етеді. Сондай-ақ мұндай паркеттің беткі қабаты өте мықты, қымбат ағаштан жасалса, астыңғы қабаты қарапайым әрі арзан ағаш болады.Әр тақтайшаның ұзындығы - 120-127см, қалыңдығы - 7-мен 23 см арасында болады.


Қалай күтім жасау керек?

Паркеттің қай түрі болмасын ол ерекше күтімді, мұқияттылықты талап етеді. Қалай болса солай жуылған паркет еденнің өңі тез тозады. Алайда еденді тазартудың аса бір қиындығы жоқ. Бар болғаны жуып-тазалауға қатысты қарапайым ережелерді білсек болғаны.

Паркет еденді жиі жуудың қажеті жоқ, бірақ ылғалды тазалау болмаса тағы болмайды. Сондықтан егер үй ішінде жүріп-тұру аз болса (мыс адам аз отбасы немесе барлығы жұмыста, таңертең кетіп, кешке келіп дегендей), онда аптасына 2 реттен артық жууға болмайды. Ал үлкен отбасы немесе еден үстінде көп жүретіндер күнделікті жуып отырғаны дұрыс.

Лактенген паркетті сулап сүрткен соң, артынша қайта сүртуге болмайды. Алғашқы сүрткен соң кемі 14 тәулік ылғал жолатпаған дұрыс. Бірақ шаңсорғышпен тазартып тұру қажет. Ал төгіліп, тиіп кеткен дақтарды бірден сүртіп, тазартып алу керек. Лак жағылған паркетке дымқыл тазартуды жиі жүргізуге болады. Лак жағылмаған паркет еденді 6-8 айда майлап тұру керек, ал бетін қайта лактау 5-10 жылда жүргізілуі қажет.


Қандай тазарту құралдарын қолдануға болады?

Паркет еденнің ұзақ қызмет етуі және өңін бермей тұруы, тазалыққа және тазалау құралдарын дұрыс таңдай білуге байланысты. Паркет еденін тазартуға арналған құралдардың құрамында мына заттар болмағаны дұрыс:

  • Қатты, қуатты қышқыл. Қышқыл әсері бар тазартқыштар ағаш жабынның құрылымын бұзады.
  • Сілті. Құрамында сілті бар құралдар еденде айғыз іздер қалдырады.
  • Табиғи ара балауызы (пчелиный воск) және хлор. Егер тазарту құралының құрамында осы заттар болса, онда ол еденнің беткі қорғаныш қабатын бүлдіреді.


Паркет еденді тазартудағы әмбебап құралдар

Қазіргі кезде түрлі материалдардың беткі қабатын тазартатын құралдарды және олардың қаншама түрін дүкен сөрелерінен кездестіруге болады. Ал паркет еденді тазарту үшін солардың ішінен "еденнің барық түріне арналған" (для всех видов пола) таңдап алу керек. Ішінде жоғарыда айта кеткен зиянды қоспалары жоқ, әмбебап, сұйық тазартқыш құралдарына "Mr. Proper", "HG", "Glorix", "Аист", "Прогресс", "Help" жатады.


Паркет еденді тазартудағы арнайы құралдар

Тазартудың жақсы нәтижесіне жету үшін, арнайы паркет еден жабынына арналған құралды пайдаланған дұрыс. Алайда мұндай құралдар әмбебап тазартқыштарға қарағанда бағасы жағынан қымбатырақ жүреді.

  • Жеңіл-желпі, күнделікті тазарту үшін - "Bagi, Золушка" арнайы құралдары тиімді
  • Ал қатты кірлеген еденді тазартуға - "Emsal, Ламинат, Unicum, Mellerud Bio" құралдары жақсы көмектеседі


Қолда бар, үйдегі тазартқыш құралдары

Ең тиімді, зияны аз деген тазартқыш құралдарының өзін ең жиі дегенде аптасына 1 рет пайдалану жеткілікті. Алайда, егер ылғалды тазарту жұмыстары күнделікті жасалатын болса, онда қауіпсіз, еденге зиянсыз тазартқышты үйде қолдан жасап алуға болады.

  • 9%-дық асхана сіркесуы. 60 мл сіркесуды 400 мл суға араластырып сүртуге болады. Сіркесу, судың құрамындағы тұзды бейтараптандырып жібереді және еден бетінің айғыз болмауына көмектеседі.
  • Құрамында бояғыш заттары жоқ балалар сусабыны. Еденді жақсылап тазарту үшін 1л суға 1 ас қасық балалар сусабынын араластырып, көпіртіп тазарту қажет. Негізгі тазалықтан кейін еденді таза сумен тағы тазартқан жөн.
  • Ыдыс жууға арналған түссіз сұйықтық. 5л суға 30мл сұйықтықты араластырып, еденді сүртіп алуға болады. Бірақ артынан міндетті түрде таза сумен шайып алған дұрыс.
  • Кір сабынның жаңқалары. Кір сабын ежелден келе жатқан тазартқыш құралдарының бірі. Мұндай құралды тек өзге тазарту құралдары болмай қалған кезде қолданған жөн.

Үй жағдайындағы мұндай құралдармен тазартуды аптасына 3 рет жасауға болады. Егер еден ешқандай кір болмаса, тек қана жылы сумен ешқандай қоспасыз-ақ сүртіп алуға болады.


Оқи отырыңыз: Ағаштың жемісі МОЛ БОЛСЫН десеңіз КҮЗДЕ әрекет етіңіз


Дайындаған: Базарбаева Э,

ERNUR.KZ.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет