​Пияз өсіріп пайдасын көріңіз

0
9 890

Пияз тұқымдас көкөністердің түрі көп. Соның ең көп тараған түрі – бас пияз. Бұл екі жылдық көк өсімдік. Пияздың көпшілігі суыққа шыдамды болып келеді. Олардың тұқымы +3,+5 градуста өнеді. Дегенмен пияз +15,+23 градуста жақсы өседі.Пияздың өсіп-өнуі үшін, жақсы ылғалданған топырақ қажет,соған қарамай, ол қуаңшылыққа да шыдайды.Пиязшығы өсіп жетілгенде, оның әрі қарай жақсы дамуы үшін ылғалдылығы төмен топырақ қажет.


​Пияз өсіріп пайдасын көріңіз

фото: firsthealthgallery.com

Пияз тұқымдас көкөністердің түрі көп. Соның ең көп тараған түрі – бас пияз. Бұл екі жылдық көк өсімдік. Пияздың көпшілігі суыққа шыдамды болып келеді. Олардың тұқымы +3,+5 градуста өнеді. Дегенмен пияз +15,+23 градуста жақсы өседі.Пияздың өсіп-өнуі үшін, жақсы ылғалданған топырақ қажет,соған қарамай, ол қуаңшылыққа да шыдайды.Пиязшығы өсіп жетілгенде, оның әрі қарай жақсы дамуы үшін ылғалдылығы төмен топырақ қажет.

Пияздың шыққан жері - Жерорта теңізі елдері. Орта Азия елдері мен Ауғанстан.

Қай жерде болмасын, пиязды ғажайып пайдалы өсімдік ретінде қабылдап, пайдаланып келеді.

Пияздың түрлері көп. Яғни, сорттары. Пияздың өнім беретін баданасы сопақша немесе домалақ пішінде болады.

Домалақ басты пияз табиғи антибиотик болып табылады. Ол зат алмасуды тездетіп, ас қорытуды жақсартуға және артериялық қысымды қалпына келтіруге, потенцияны көтеруге қабілетті. Пияз шырыны тұмау, сарп, ұйқысыздыққа ем. Ол тек қана дәрумендерге ғана бай емес, сонымен қатар, ұлпалар мен органдарға белсенді әсер ететін эфир майларына да бай.

Адамның денсаулығына қажетті, бірақ, сирек кездесетін мыс, марганец, кобальт және молибдинге бай. Жүрек жұмысына атсалысатын калийге, қан жасалуына көмектесетін темірді де пияздың құрамынан алуға болады.

Пияздың жапырақтары етті қабыршақтың жалғасы іспетті болғандықтан, жапырағы да минералдарға бай. Сондықтан, оны көктемгі мезгілде сабағынан кесіп алып, түрлі тағамдарға дәм беру үшін пайдаланады.

Пияздың, әсіресе бас пияздың тамыр жүйесі әлсіз келеді. Сондықтан оларды құнарлы, әрі жақсы өңделген жерге өсіреді. Пияздың сапасы жақсы болуы үшін, оны мейлінше ерте көктемде еккен дұрыс. Пиязды сәбіз егілген атыздың жанына еккен жақсы, олар бір-бірін зиянкес жәндіктерден қорғайды. Себудің қатар аралығы 20 см-ден кем болмауы керек, себу нормасы бір гектарға (100 шаршы метр жерге) 6-10 кг тұқым керек.

Егілген пияздың үстіңгі қабатын 1 см етіп шымтезекпен немесе басқа тыңайтқышпен жауып қойған дұрыс.

Өсіп шыққан егінді уақтылы сиретіп отырады. Ол екі әдіспен орындалады: бірінші жапырақ пайда болғаннан бастап бір-бірінің ара қашықтығын 2 см етіп, ал бірнеше күннен кейін 4 см етіп сиретеді.

Құрғақ күндері пияз атыздарды суарады. Жаз айында 3-4 рет арамшөптерін отайды, құс саңғырығымен немесе басқа минералды тыңайтқышпен қоректендіреді.

Қыркүйек айында егінді жинап алады. Піскен пияздың «мойны» құрғақ, жапырақтары кепкен болуы керек. Бас пияздың өнімі жоғары болады, гектарына 350-400 центнерге дейін өнім алынады.

Пияздың пайдасы көп болғандықтан, оның жағымсыз иісіне қарамай пайдаланамыз. Себебі, көкөністің бойындағы ең құндысы да осы. Өйткені, бактерияларды жоюға таптырмас өнім. Күйген жерге, жараға таңып қойса да жара орнының тез жазылуына септігін тигізеді.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева

ERNUR.KZ