Шайды салқын сумен демдегеннің пайдасы көп екенін білесіз бе?

0
6 050


Шайды салқын сумен демдегеннің пайдасы көп екенін білесіз бе?

Ыстық күнде шөл басу үшін, салқынында бой жылытуға пайдаланатын, көңіл-күйді көтеріп, әлдендіріп, күш-қуат сыйлайтын қарапайым қара, көк, қызыл, гүлді және түрлі шөптен жасалған шайларды дұрыс демдеп жүрсіз бе?

Ең алдымен дұрыс демделіп, орынды пайдаланылған шайдың теріңіз бен шашыңызға ерекше сұлулық сыйлайтынын білесіз бе? Тек бастысы оны дұрыс демдеп үйренуіңіз керек. Сонда ғана ол сіздің денсаулығыңызға пайдасын тигізеді.


Бірінші, өзіңізге ұнаған шайды таңдаңыз

Ең оңай жолы: таңдаған шайыңыз үнділердікі ме, қытайлардыкі бола ма, ол маңызды емес. Маңыздысы - өзіңіздің көзқарасыңызға бен талғамыңызға сай шайды таңдауыңызда. Оның бағасы мен сұрыпы да маңызды емес. Тек өзіңіздің дұрыс таңдау жасағаныңызға сенімді болуыңыз керек.

Екінші, шай демдейтін ыдысты дұрыс таңдаңыз
Шай сарапшылары шайды қайнатуға ғана емес, дұрыс шәйнек алуға да кеңес береді. Ең жақсы шәйнек – керамикалық. Бұл шәйнек жылуды жақсы сақтап, шайдың жақсы демделуін де дұрыстайды.

Үшінші, судың сапасы
Судың түрлі өңдеулерден өтетініне қарамастан оның сапасы мен дәмі шай демдегенде өте маңызды. Әрине, суды таудан аққан бұлақтан алғаныңыз жақсы, бірақ қалалықтардың оған әрдайым қолы жете бермейтіні бар. Сонда да судың ешқандай иіссіз, таза болғаны дұрыс. Себебі бұл шайдың дәмі мен хош иісіне тікелей қатысты. Ол үшін шүмектен аққан хлорлы суды бір тәулік тұндырып, бетін ашық қойған жөн.


Төртінші, судың температурасы
Су температурасы шайдың дәміне әсер ететін бірден-бір маңызды нәрсе. Көбіне біз суды жақсылап, сақырлатып қайнатқанды дұрыс көреміз. Бірақ бұл үрдіс онша дұрыс емес.

Қара шайға, шөптен жасалған шайға, қытайдың шайына 98-99 температура градус жеткілікті болса, одан жеңілірек ашық шайларға 82-83 градус та жетеді. Яғни, бұл жағдайда шәугімдегі су қайнаған соң шамалы тұрғызып, суытып барып демдеген жөн. Себебі қайнап тұрған ыстық су шайдың құрамындағы адамға берілетін қажетті заттардың күшін жойып жібереді. Сондай-ақ, аз-кем салқындатылған қайнаған суда шайдың бар маңызы шығады.

Мұндайда температура көрсеткіші бар шәйнек болса тіпті жақсы.

Сондай-ақ шай демдейтін шәйнектің барлық жерін бітеп тастаудың қажеті жоқ. Оны бетіне дейін толтырмауға тырысыңыз. Сонда шайыңыз қайнап, төгіліп жатпайды. Дәмі де тіл үйіреді. Жапырақтардан жасалатын шай өте жақсы. Өйткені олардың хош иісі көңіл-күйіңізді көтеріп, ерекше күш-қайрат сыйлайды.

Пайдалы, жанға жағымды бір шынаяқ шайды дайындау үшін көп уақыттың қажеті жоқ. Тек кейбір қағидаларды дұрыс ұстансаңыз болғаны. Шайларыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Базарбаева Эльмира,

ERNUR.KZ