​Шаш бояуынан қалған ізді сұйық маймен кетіруге болады

0
2 995

Шаш бояуын қолда бар заттармен оп-оңай кетіруге болады.


​Шаш бояуынан қалған ізді сұйық маймен кетіруге болады

Кейде шаш бояуы теріге тиіп, асығыс кезде кетіре алмай әуре болып жатамыз. Алайда оны қолда бар заттармен оңай кетірудің жолдары бар. Тек бояу тиген соң жылдамырақ әрекет етуге тырысу керек.


Сұйық май

Сұйық май құрамындағы табиғи қоспа теріні тазартуға қауқарлы. Дақ тиген аймаққа майды аямай жағыңыз. Ақырын езгілеп 15-30 минутқа қалдырыңыз. Кейін мақтамен сүртіп алыңыз. Егер дақ кетпесе тәсілді қайталап жіберіңіз.


Лимон шырыны

Егер цитрусты жемістерге аллергияңыз болатын болса, бояуды кетірудің өзге тәсілін таңдаған дұрыс. Сондай-ақ бұл тәсілді сезімтал, тітіркенгіш теріге пайдалануға болмайды.

Егер ондай ештеңе болмаса, онда мақталы дөңгелекті жаңа сығылған лимон шырынына батырып дақ тиген жерге қойыңыз. Компресті 3-5 минутқа қойыңыз. Дақты кетіру үшін осыуақыт жеткілікті. Кейін таза сумен шайып тастаған дұрыс.


Сутегінің асқын тотығы

Дәріхана препаратын денеге, бетке қолдануға болады. 3 пайыздық сутегінің асқын тотығын мақталы таяқша немесе дөңгелекпен дақ тиген жерді кеткенше ысқылап сүртеміз. Қажет болған жағдайда мақталы дөңгелекті ауыстырыңыз.


Ас содасы

Ас содасын дененің кез-келген жеріне пайдалануға болады. Тек жара немесе тітіркенген жерге болмайды. Шайқасық ас содасын аз ғана жылы сумен араластырып, қою ботқа жасап алыңыз. Қоспаны алып, жеңіл әрекетпен дақ тиген жерді кеткенше ысқылаңыз.


Мицеллярлы су

Беттегі бояуды сүртуге арналған мицеллярлы су бояудан қалған жаңа ізді тез кетіреді. Суды тек бет терісіне ғана емес денеге де пайдалануға болады. Тиген дақты мицеллярлы суға малынған мақталы дөңгелек немесе таяқшамен кеткенше ысқылап сүртіп алыңыз. Мақталы дөңгелек кірлеп кетсе жаңасына алмастырыңыз. Тері тазарған соң таза сумен шайынып жіберіңіз.


Құрамында спирті бар құралдар

Негізін спирт құрайтын кез-келген құралдар жақсы көмектеседі. Мысалы, бет терісіне арналған тоник, лосьоон немесе қолды залалсыздандыруға арналған құрал, иіссу. Болмаса қарапайым медициналық спирт. Тек теріңіз тітіркенгіш, құрғақ болса мүмкіндігінше бұл құралдарға жоламаған жөн.

Мақталы дөңгелекті жоғарыдағы кез-келген сұйықтыққа батырып, мұқият бояу тиген жерді кеткенше сүртіңіз. Кейін тері құрғап кетпеу үшін сүрткен жерге майлы крем жағып қойған дұрыс.


Кәсіби құралдар

Косметика сататын дүкендерден шаш бояуынан қалған іздерді кетіретін арнайы құралдар болады. Олар лосьон түрінде болады. Крөпшілігі гипоаллергенді болғандықтан сезімтал терілерге жарай береді.

Қолданар алдында міндетті түрде нұсқаулықты оқып шығу керек. Мақталы дөңгелекпен дақ тиген жерді ысқылап сүртіп алыңыз.


Әртүрлі заттардан шаш бояуының ізін кетіру тәсілдері

Мұндай жағдайда ең жақсы көмекші – уақыт. Дақты кетіруге неғұрлым тез кіріссеңіз, онда дақтың ізін қалдырмай тазалауғамүмкіндік көп. Қол терісін бүлдіріп алмау үшін көбіне қолғап киіп істеген дұрыс.


Сутегінің асқын тотығы

Бұл құралды кез-келген затты тазартуға қолдануға болады. Сорғышты сутегінің асқын тотығына батырып, бояу тиген жерді сүртіңіз. Кейін өңделген жерді ылғалды шүберекпен сүртіп алыңыз.


Сутегінің асқын тотығы және мүсәтір спирті

Мұндай қоспа плитка, линолеум, ламинат, пластик, тіпті маталарға да жақсы көмектеседі. 3 пайыздық сутегінің асқын тотығы мен мүсәтір спиртін бірдей мөлшерде араластырамыз. Дайындаған сұйықтыққа мақталы дөңгелекті батырып дақтың үстіне қойыңыз. Кейін сулықпен сүртіп алыңыз. Кейін тазалаған аймақты ылғалды шүберекпен сүртіп аламыз.

Ескеріңіз! Бұл қоспамен жылдам жұмыс жасау қажет. Олай болмаған жағдайда материал бетінде із қалдырады.


Химиялық қоспалар

Кафел немесе ақ пластикті құрамында қоспасы бар ағартқыш немесе унитаз тазалайтын гел жақсы тазадайды. Қоспаны ыдыс жуатын сорғыға жағып алыңыз. Дақты кеткенге дейін ысқылаңыз, артынан ылғалды шүберекпен сүртіп алыңыз.


Тазартқыш ұнтақ және лак кетіруге арналған сұйықтық

Мұндай қоспаны ағаштан жасалған бұйымдарға да қолдануға болады. Кез келген тазартқыш ұнтағын дақ тиген жерге сеуіп қойыңыз. Бетінен азғана лак кетіруге арналған сұйықтықты себіңіз. Тек ацетонсыз болсын. Көпіршіп шыққанын күтіңіз. Кейін сорғышпен ысқылап, артынан ылғалды шүберекпен сүртіп алыңыз.



Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ.


Шаңсорғышпен МАССАЖ жасауға БОЛАДЫ