​Шыны керамикалы газ плитаны сұйықмаймен тазалауға болады

0
1 979

Шыны керамикалы газ плитасының бетін тазарту үшін оның салқындағанын күту керек. Ыстық құрылғыға ешқандай тазарту құралдарын пайдалануға болмайды.


​Шыны керамикалы газ плитаны сұйықмаймен тазалауға болады

Шыны керамикалы газ плитаның бетін тек арнайы химиялық құралдар ғана емес, қолда бар түрлі заттарың көмегімен де тазартып алуға болады. Мысалы, ас содасы, сіркеқышқылы, тіс пастасы. Шыны керамикалы газ плита көп ретте ас бөлме ішіндегі орынды үнемдеу үшін орнатылады. Сондай-ақ жай газ плитаға қарағанда шыны керамикалы беттегі майдың дағы, тамақ қалдықтарын тазарту оңай.


Дұрыс тазарта білу керек

  • Шыны керамикалы газ плитасының бетін тазарту үшін оның салқындағанын күту керек. Ыстық құрылғыға ешқандай тазарту құралдарын пайдалануға болмайды.
  • Ең соңынан құрғағанша шүберекпен сүртіп аламыз.
  • Күйген немесе ескі дақтарды тазарту кезінде арнайы шыны керамикаға арналған қарғашты пайдалану қажет. Күнделікті пайдаланып жүрген қырғыштан із қалып қалуы мүмкін.
  • Тазартқыш сұйықтықты сорғыш (губка) көмегімен тегіс етіп плитаның бетіне жағып, ысқылап сүртеміз. Ылғалды шүберектің көмегімен көбіктерді тазартып алу қажет.


Шыны тазартқышпен тазалау

Әрине шыны тазартқыштың майлы дақтарды кетіре қоюы екіталай. Бірақ жылтырата алады. Плитаны да айнаны сүрткендей тазартамыз. Плитаның бетіне бүркіп, құрғақ шүберекпен сүрту керек.


Ыдыс жуатын машинаға салатын, ыдыс жууға арналған таблеткалар

Мұндай таблеткаларда майды ерітуге арналған қоспа бар. Бір кесе жылы суға таблетканы ерітіп алу керек. Қоспаны плитаның бетіне жағып, шүберекпен сүртіп тазартып аламыз. Айғызданып қалмас үшін соңынан құрғақ шүберекпен құрғағанша сүртеміз.


Қолда бар заттармен тазартуға болады

Шыны газ плиталарын үйдегі қолда бар заттармен де тазартуға болады. Химиялық құралдарға аллергиясы бар немесе үйде тазартқыш құралдары таусылып қалған кезде төмендегі кеңестерді пайдалануға болады.


1.Сұйық май

Сұйық май немесе зәйтүн майы шыны керамикалық плитаның бетіндегі күйген дақтарды кетіруге көмектеседі. Ол үшін шүберектің бір шетін майға батырып алып, жарты сағат бойы күйген жерге қою керек. Май қатып қалған дақты жібітеді. Уақыт өткен соң арнайы ысқышпен ысқылаған жөн. Май дақтары мүлде қалмас үшін артынан ыдыс жууға арналған сұйықтықпен жақсылап сүртіп аламыз.


2.Ас содасы

Ас содасы ас үйді тазартуда нағыз көмекиші құрал. Шыны керамикалық плитаны да жақсылап тазартады. Бірақ ол үшін ас содасынан дұрыс қоспа жасап алу керек. Ас содасын құрғақтай сеуіп тазарту, плитаның бетінде ұсақ сызықтар қалдырады.

Ас содасын дұрыс пайдалану жолы:

  • Жылы су мен ас содасынан қою қоспа жасап аламыз.
  • Жұмсақ шүберекті алып кір болған жерлерді ысқылап сүртіп, артынан таза су мен таза шүберекпен сүртіп аламыз.
  • Плита бетіндегі даққа қоспаны жағып, бірнеше минутқа қалдырамыз. Толық кепкенін күтудің қажеті жоқ.


3.Ас содасы мен лимон сөлі немесе сіркесу

Қышқыл ас содасымен реакцияға түсіп, тазартатын әсер береді. Ас содасын кір болға жерге сеуіп, үстінен лимон шырынын сығып біраз күтеміз. Кір қалдығын сорғыштың көмегімен тазартып, құрғақ шүберекпен сүртіп аламыз.


4.Сіркеқышқылы мен су

Осы екі заттан тазартатын және залалсыздандырғыш жасауға болады. Ол үшін сіркесу мен суды 1:1 мөлшерде араластырып, бүріккіш бөтелкеге құйып аламыз. Плитаның бетіне толық сеуіп шыққан соң бірнеше минутқа қалдырамыз. Уақыт өткен соң құрғақ шүберекпен сүртіп аламыз.


5.Мүсәтір спирті мен су

Кез-келген дәріханадан табылатын мүсәтір спиртінен шыны керамикалы плитаны тазартатын керемет қоспа дайындауға болады. Ол үшін 250гр таза суға 50мл мүсәтір спиртін қосып, бүріккіші бар ыдысқа құйып алу қажет. Плитаның бетіне бүркіп 10 минутқа қалдырамыз. Уақыт өткен соң тазалап сүртіп аламыз.


6.Тіс пастасы

Құрамында ағартқыш қоспасы бар тіс пастасы күйген және ескірген дақтарды кетіруге жақсы көмектеседі. Бар болғаны тіс пастасын дақ болған жерге азғана сығып, сорғышпен ысқылап жіберу керек. Артынан тазартып сүртіп аламыз.

Керек кеңес қажеттеріңізге жарасын!


Дайындаған: Э. Базарбаева,

ERNUR.KZ