Сүлгіні микротолқынды пеште «жуып» алыңыз

0
4 277

Иә, солай. Кәдімгі асүйлік сүлгілер мен майлықтарды микротолқынды пеште тап-таза етіп «жуып» ала салуға болады. Асүйлік сүлгілер мен күнделікті қолданылатын шүберек майлықтарды жиі жуып тұруға тура келеді. Олармен не сүртілмейді? Сондықтан да дақ түсіп, тез-ақ кірленеді. Тіпті, түрлі иісті де өзіне сіңіріп алатыны бар емес пе?

Кіржуғыш машинаның мұндай сүлгілерді таза жуа бермейтіні белгілі. Тіпті, жуынатын бөлмеде тұратын сүлгілердің өзінің кірі ашылмай қалып жатады кіржуғыш машинада. Оның үстіне үйдегі бала-шаға да қолдарын таза жумай келіп сүрте салатыны бар. Тез-ақ дақ түседі.

Мұндайда көбіне не істейміз? Әрине, бұрынғы апа-әпкелеріміз қолданған әдіс – хлор мен сабынды пайдаланамыз. Кейде отқа қойып қайнатып та аламыз. Оның да жұмысы бірақ уақытыт алады. Қайнатып, хлорға сала берген сүлгіден не қалсын, тез тозып кететіні де сондықтан.

Сүлгілерді ағартып, тап-таза етіп жуып алатын бірден-бір әдіс микротолқынды пеште «жуып алу». Оп-оңай әдіс. Қазір кез келген үйден микротолқынды пешті кездестіруге болады. Ол үшін сізге төмендегідей заттар қажет болады.

  • Кәдімгі полиэтиленді қалташа.
  • Кір сабын.

Қалай?

Міне, былай.

  • Сүлгіні жылы суға салып, аздап сыққан соң сабынмен жақсылап ысқылау керек.
  • Сосын оны қалташаға салып, микротолқынды пештің орташа қыздыру күштілігіне қоямыз да, 1,5 минутқа ғана қосамыз.
  • Уақыт өткен соң қысқашпен алып (ыстық болады), таза салқын суда шайып аламыз.

Бар болғаны осы ғана. Сүлгілер аппақ болып, жап-жаңа күйіне енгендей болады. Әсіресе, асүйлік сүлгілердің иісі де қалмай жаңарып қалады. Бал болғаны 15 минут ішінде тазартып аласыз.

Үйде тұрған, күнделікті қолданып жүрген пештің мұндай құдіреті бар екенін білмеген боларсыз, солай ма? Үй шаруасын оңайлатқысы келген қыз-келіншектерге арналады. Қаласаңыз, бөлісе жүріңіз.