​Сынған кілтті құлыптан шығару үшін супержелім керек

0
3 248

Кілт есікте қалып бұралмай қалса, арнайы маман шақырмай тұрып өз бетіңізбен суырып алуға тырысып көріңіз.


​Сынған кілтті құлыптан шығару үшін супержелім керек

Кейде болмашы жағдай күні бойғы жоспарыңызды бұзып жіберетін кездер болады. Мысалы асығып үйден шығып бара жатқанда немесе үйге келгенде есіктің кілті бұралмай немесе шықпай қалып жатады. Мұндай жағдай жиі болмаса да кездесіп жатады. Алайда мұндай жағдайда уайымға берілудің қажеті жоқ. Төменнен осындай жағдайға тап болғанда не істеу керектігі туралы біле аласыздар.


Кілт не себепті бұралмай қалады

Мұның бірнеше себебі бар:

  • Кілттің қалпының өзгеруі. Бұл жағдай көбіне кілтті басқа бір мақсатта, мәселен, бөтелкенің қақпағын ашу үшін немесе кілттің орнына басқа заттарды (бұрауыш -отвертка) пайдаланған кезде орын алады. Кілт бастапқы қалпынан айнып, орнына дұрыс түспей бұралмай қалады.
  • Кілттің аса бір қатты күшпен бұралуы.
  • Есікті жиі қатты жауып ашу да кілттің қатып қалуына себеп болады.
  • Құлыптың ұзақ уақыт бойы майланбай қалуы.
  • Механизмнің ішіне қоқыстың тұруы.
  • Сондай-ақ кілттің іште қалып кетуіне есіктің дұрыс орналастырылмауы да себеп болуы мүмкін.


Кілтті шығарып алу жолдары

Кілт есікте қалып бұралмай қалса, арнайы маман шақырмай тұрып өз бетіңізбен суырып алуға тырысып көріңіз. Ол үшін:

  • Үйден май, солидол, қозғалтқыштарға арналған май, керосин, ең болмағанда өсімдік майын тауып алыңыз. Тапқан майды арнайы бүркігіштің немесе шприцтің көмегімен кілт тұрған жерге себіңіз. 3-5 минуттан кейін кілтті ары-бері бұрап көрі қажет. Сол кезде май ішке толықтай жайылады. Одан кейін кілтті ақырын қозғай отырып өзіңізге тартыңыз.
  • Майлағанға, бұрағанға шықпаған жағдайда күшке салып көру керек. Доғал, ауыр заттың көмегімен кілт тұрып қалған жерді ұру қажет. Егер соққы дәл және салмақпен тисе кілт тұрған жер екіге бөлінеді. Бұл нәтиже береді. Тек кейін кілт тұрған жерді ауыстыру қажет болады.
  • Егер кілт құлыпта өзге заттың болуынан бұралмай қалған болса, онда алдымен сол затты шығарып алуға тырысыңыз. Ол үшін пинцет, қағаз қыстырғыш (скрепка) немесе сымның бір бөлігін пайдалануға болады.
  • Егер жоғарыдағы екі тәсіл көмектеспесе онда ішіне тағы май шашып 5-6 сағатқа қалдырыңыз. Уақыт өткен соң кемпірауыз (плоскогубцы) көмегімен қатып қалған кілтті тартып көру қажет. Бұл жерде өте мұқият болу қажет. Кілтті сындырып алмаған жөн.

Ескеру! Алынған кілтті қайта салмаңыз!Кілтті шығару үшін жұмсақ, сынғыш заттарды пайдаланбаңыз!

Егер кілт есік ашық тұрған кезде бұралмай қалса, онда оны бал


Кілт сынып іште қалып қойған жағдайда

Кейде мұндай жағдай да кездесіп жатады. Ол кезде де бірінші кезекте өз бетіңізше шығарып алуға тырысып көру керек. Егер сынған кілтің сырт жақтағы бөлігі үлкендеу болса, онда кемпірауызбен жаймен тартып алуға болады. Ал сырттағы бөлігі кішкентай, кемпірауызға ілінбейтін болса, онда үлкен көлемдегі магнит іздеп, соның көмегіне жүгініп көріңіз.

Супержелім. Егер қолда ешқандай құрал болмаса, онда супержелімнің көмегіне жүгінуге болады. Ол үшін желімнің аз бөлігін кілттің қолыңыздағы бөлігінің сынған жеріне тамызыңыз. Сөйтіп бірден сынып, құлып ішінде қалған кілтке жабыстырыңыз. Желіммен жұмыс істегенде бірнеше ережені ескеріңіз:

  • Желімді кілтке тым көп құймаңыз. Егер көп құйып жіберсеңіз онда құлыпқа жабысып қалады.
  • Желімнің толық кепкенін күту керек.
  • Жылдам қимылдаңыз. Себебі желім тез кеуіп қалады.

Желім толық кепкен соң, кілтті шығарып алуға тырысамыз. Тек бірден оқыс қимыл жасамай мұқият болған дұрыс.

Ескеру! Бұл әдіс кілт тура сынғанда ғана тиімді. Егер сынған жерде майысқан, қисайған жер болса, онда сынған жер бір-біріне тура келмей, еңбек зая кетеді.


Кілт кептеліп, қысылып қалмас үшін

  • Кілт тұратын жерді тазартып тұру.
  • Шаң мен тотығудан ққорғайтын құралдармен өңдеу

Керек кеңес, қажеттеріңізге жарасын!


Дайындаған: Эльмира Базарбаева,

ERNUR.KZ.


Тағы оқыңыз: ҮЙДЕ де БАНАН ӨСІРІП жемісін жеуге болады


БАЛДЫҢ сапасын АЖЫРАТА БІЛУ үшін нан батырып көріңіз


Таңқурайдан мол өнім алу үшін ТЫҢАЙТҚЫШТЫ КҮЗДЕ СЕБЕДІ