ТЕРЕКТІҢ түбіріне АЛМА өсіруге болады

0
3 787

Ыдыс немесе машина жууға арналған сорғыда (губка) көшет өсіруге болады.


ТЕРЕКТІҢ түбіріне АЛМА өсіруге болады

Қазіргі кезде кез-келген, тіпті ол экзотикалық өсімдік болса да өсіруге мүмкіндік көп, бастысы ниет болса болғаны. Тіпті кейбір көшеттерді топырақсыз-ақ кәдімгі жуғыш құрал - сорғышта өсіруге болады. Осы секілді өсімдік өсірудегі қызықты әрі қарапайым тәсілдері көп.


1. Саңырауқұлақ бұл өсімдік көпшіліктің бәріне бірдей ұнай бермейді. Дегенмен ұнататындар үшін және дастархан сәніне арналған салаттың біразына саңырауқұлақ қосылатын болғандықтан, оны үйде өсірудің ең қарапайым жолын ұсынамыз. Бұл қауіпсіз және қалағаныңызға қарай өсіріп аласыз. Ол үшін 1-2 балауса (свежый) саңырауқұлақты блендерде сұйық етіп езіп алу керек. Сұйықтықты бақшадағы үлкендеу, тамыры жайылып өсетін талдың түбіне көму қажет. Тек ағаш басқа өсімдік егетін жерден шамалы алшақ болғаны дұрыс. Сондай-ақ сұйықтықты ағаш діңінен 50см қашықтықта, ал тереңдігін 30 см етіп көмген жөн. 3-4 айда саңырауқұлақ өз бақшаңызда өсіп тұратын болады.


2. Ағашта жаңа бұта, шыбық өсіру. Кез-келген ағашта жаңа бұтақ өсіруге болады. Мысалы көктеректе лимон өсіріп өзгелерді таң қалдыра аласыз. Ол үшін ағаштың діңіне бұрғымен 1см-лік тесік жасап, сол тесікке өзге жеміс ағашының бұтағын қаламшелеп (черенок) салып жабысқақ желіммен (скоч) орау керек. Уақыт өте өсімдіктер бір-біріне үйреніп өсіп кетеді.


3. Сәбіз – бұл дақылды өсіру аса қиын емес. Дегенмен сәбіз өсірудің тіптен оңай тәсілі бар. Тек ол үшін бақшаңыз оңтүстік жақта болса болғаны. Тамақ дайындағанда сәбіздің жасыл шөбі бар түп жағын шамалы үлкендеу етіп кесіп алып, бақшадағы топыраққа көміп қою керек. Қыстай қар астында қалған түптен көктемде кәдімгі сәбіз ала аласыз. Сондықтан сәбіздің түбін көбірек ексеңіз, көбірек өнім алуға мүмкіндік бар.


4. Анар – бұл жемістің шырынын тамсана ішпейтін жан жоқ шығар. Ендеше оны үйде өсіріп көріңіздер. Анар өсіру үшін арнайы дүкенге бармай-ақ, дүкеннен сатып алған анарды кәдеге жаратуға болады. Ол үшін анардың ішіндегі дәндерін алып, аузы жабылатын пакет қалтаға салып, тегіс жерге қойып, оқтаумен жайып, езіп алу керек. Дәндер бөлініп шыққан соң, пакет қалташаның түбінен кішкене тесік жасап, ішіндегі шырынды стақанға құйып аламыз. Шырынды ішіп қоюға да болады, ал қалта ішінде қалған дәндерді бөлме гүліне арналған ыдысқа егеміз. Анар үшін әмбебап топырақ жарай береді. Тек топырақ бетіне өскін өсіп шыққанға дейін оны суғармай, тек бүріккішпен жылы су шашып тұру қажет. Қаласаңыз көктемде ыдыстағы анарды бақшаға ауыстыруға болады.


5. Ананас. Көпшілікке кең танымал экзотикалық өсімдіктердің бірі. Ананасты да үй жағдайында өсіру өте оңай. Бар болғаны ананастың жоғары жағындағы жасыл, қатты түбін кесіп алу керек. Алынған түпті суға салып қойсаңыз біршама уақыттан соң тамыр жарып шығады. Кейін қалаған ыдысыңызға қондыра аласыз.


6. Жержаңғақ (арахис) – мұны да үйде өсіруге болады. Ол үшін жержаңғақты сыртқы қабығымен алып, ішіндегі дәндерін стақандағы жылы суға бір күнге қоямыз. Судан шыққан дәндерді бірден топыраққа егу қажет.


7. Сорғыш (губка) . Өсімдіктің көшетін өсіріп алуың ең қарапайым жолы – оны топырақсыз, кәдімгі ыдыс жууға арналған сорғыға егу. Ол үшін сорғыда бірнеше тіліктер жасап, дәнді соның арасына салу қажет. Сорғыны күн жақсы түсетін жерге қойып, жылы су бүркіп тұрамыз. Мұндай тәсілмен кез-келген дәнді оңай өнгізіп, көшет ала аласыз.


Тағы оқи отырыңыз: Жалюзді сусыз-ақ оңай тазартуға болады

Дайындаған: Э. Базарбаева

ERNUR.KZ.