Түсқағаз КІРЛЕП КЕТСЕ: Ауыстырып шығындалмай ОҢАЙ ТАЗАЛАУҒА болады

0
6 885

Тіпті, дақты нанның жұмсағымен де кетіруге болады.


Түсқағаз КІРЛЕП КЕТСЕ: Ауыстырып шығындалмай ОҢАЙ ТАЗАЛАУҒА болады

Қазір үй ішін әрлеудің көптеген түрлері бар .Солардың ертеден келе жатқаны және халық арасында жоғары сұранысқа ие, қолжетімдісі – түсқағаздар екен. Түсқағаздарды барлық үйден кездестіреміз десек артық айтпаған болар едік. Қанша мұқият, таза болсаң да бұлар да кірлеп, дақ тиіп тазалауды қажет етеді. Балалар сызып кетеді немесе байқаусызда шай төгіліп шашырайды, асханада май тиуі мүмкін.


Осындай келеңсіздіктер қиындық тудырмас үшін өндірушілер де түсқағаздардың көптеген түрлерін жуылатын, сұйық т.б. түрлерін шығаруда. Бірақ, бәрібір кір мен дақтардан қабырғаларды ұзақ сақтау қиын. Сондықтан түсқағазға балалар салған суреттерді, асханада шашыраған май мен дақтарды қарапайым, қолжетімді заттармен оңай және дұрыс тазартудың жолдары туралы біле жүргенннің артықтығы бола қоймас.


Арнайы жуу құралдары бар

Бұл ең оңай тазарту жолы, тек бір ғана кемшілігі - қағаз түріндегі түсқағазға қолдануға болмайды. Ал, флизилинді және винилді түсқағаздардағы дақтарды оңай кетіреді.

Тазарту алдында дақ тиген аймақты құрғақ сулықпен сүртіп алу керек. Содан кейін жуу құралын сумен араластырып, көпіршітіп сорғышпен (губка) дақ тиген жерлерді ақырын ысқылап, сүртіп алады. Дақты кетіріп жуып болған соң, қағаз сулықпен түсқағаздағы артық ылғалды сорғытып алу қажет.

Өшіргіш немесе меламинді сорғы (меламиновая губка)

Кез-келген түсқағаздағы жеңіл дақтарды, саусақ іздерін кәдімгі өшіргіш арқылы кетіруге болады.

Ал меламинді сорғы (дақ кетіруге арналған №1 құрал) сияның, маркердің түсқағаздағы іздерін жойып жібереді. Бірақ, сорғы қажайтын болғандықтан флизелинді түсқағаздағы суреттерді бүлдіруі мүмкін. Сондықтан меламинді сорғыны пайдаланбас алдын түсқағаздың көзге түспейтін жеріне сынап көру қажет.


Бензин және спирт

Бұл тәсіл кез-келген түрдегі түсқағаз үшін жарай береді. Бензинді тіс ұнтағымен (зубной порошок) араластырып, қою ботқа тәрізді қоспа жасау қажет (тазаланатын жердің көлеміне қарай жасалады). Мұндай қоспа ескіре бастаған майлы дақтарды да жақсы кетіреді. Қоспаны дақ тиген жерге жағып, кепкенше күту керек. Кепкен соң құрғақ шүберекпен немесе щеткамен сүртіп жіберу қажет. Қалам, қарындаш, фломастер және шай мен кофе дақтарын медициналық спиртке малынған шүберекпен сүртіп кетіруге болады.


Нанның жұмсағымен де кетіруге болады

Мұндай тәсілді ертеректе қолданған. Яғни, нанның жұмсақ жерін алып, жақсылап мыжып, дақ болған жерге тигізіп бірнеше минутқа (3-4минут шамамен) ұстап тұру керек. Ескі дақ болса бір ұстап тұрғаннан кете қоймайды, сондықтан әрекетті бірнеше мәрте қайталау қажет.

Әрине, нанды мұндай іске пайдалану обал-ақ. Дегенмен, пайдаланған болсаңыз, қалдығын итке беруге де болады.

Сода, крахмал, балалар сеппесі де көмектеседі

Флизелинді түсқағаздағы майлы дақтарды крахмал немесе ас содасын сумен араластырып тазартуға болады. Крахмалға су қосып, қоспа жасап алу керек. Қоспаны дақ тиген жерге жағып кепткенін күту қажет. Толық құрғаған соң құрғақ шүберек немесе щеткамен тазартылады. Артынан шүберекті жылы суға салып, қатты сығып, дымқыл етіп түсқағаздың бетін сүртіп алу қажет.

Крахмалдың орнына ас содасын қойып, дәл осылай тазартуға болады. Ал, қағаз түсқағаздағы дақтарды балалар сеппесі көмегімен тазартуға болады. Дақ тиген жерге сеппені мол етіп жағып, 15-20 минуттан соң, ұнтақ қалдығын құрғақ шүберекпен сүртіп тастау қажет.


Үтікпен де тазалауға болады

Иә, мұқият пайдаланса үтікпен дақтарды да кетіруге болады. Қағаз сулықты (бумажная салфетка) дақ тиген жерге төсеп бетінен жылы (ыстық емес) үтікпен басу керек. Шамалы уақыттан соң қағаз сулықты ауыстырып, түсқағаздың салқындауын күту керек. Үтікпен жұмыс жасағанда өте мұқият болған жөн.


Қаншама жерден мұқият, таза болғанмен келеңсіз, көңіл түсіретін жайлар болып тұрады. Бастысы көңіл-күйді бұзбай, уақытында қажетті нәрсені жасау керек. Сонда түсқағазды қайта жапсыру жұмысы кейінге қалады. Керек кеңес қажеттеріңізге жарайды деп сенеміз.

Түрлі дереккөздерден жинақтап, дайындаған: Базарбаева Э.

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыздар: Аяқкиіміңізден ИІС шыға ма? Мұздатқышқа салсаңыз тез кетеді.