​Үйде ӨРМЕКШІ көп пе? 4 әдіспен ОҢАЙ құтылуға болады

0
6 738

Куркума өрмекшіден құтылуға жақсы көмектеседі.


​Үйде ӨРМЕКШІ көп пе? 4 әдіспен ОҢАЙ құтылуға болады

Міне, алғашқы үсік басталып, жаңбырлы да салқын нағыз күз де келді. Мұндай кезеңде түрлі құрт-құмырсқа, кеміргіштер паналайтын жылы жер іздеп, үйге, жертөлеге тығыла бастайды. Ал дала тіптен салқындаған сайын олар жылы пана іздуде белсенділік танытады. Әсіресе өрмекшілер.

Өрмекшілердің көпшілігі зиянсыз болғанмен, онымен бірге "тұруды" ешкім қаламайтыны анық. Ендеше үйді басқан өрмекшіден қолда бар заттарды пайдалана отырып құтылудың қарапайым әдісін, нұсқаларын ұсынамыз.


  • Талшын (каштан) – үйдегі өрмекшіден құтылуға жақсы көмектеседі. Ол үшін бар болғаны бірнеше талшын қажет. Талшынды ортасынан бөліп, өрмекші ұясын байқаған жерлерге немесе осы жерге шығуы мүмкін деген аймақтарға, мысалы терезе алды, есік жақтауы деген секілді жерлерге іліп тастау керек. Талшын өрмекшіні өзінің иісімен шошытады. Ал оны екіге бөліп қойған соң, шошытатын иіс екі еселеніп арта түседі.



  • Жалбыз (мята) – бұл да өрмекшіден құтқаратын тамаша өсімдіктің бірі. Оның ерекше иісі көптеген жандарға ұнап жатады. Ал оның осы иісі өрмекші мен тышқандар үшін химиялық қарумен бірдей. Ол үшін жалбыз жапырақтарынан қарапайым тұнба жасап, бүрккішпен өрмекші ұя салады деген жерлерге сеуіп қою керек.

Тұнба үшін, жалбыздың оншақты жапырағын алып үстіне қайнап тұрған су құямыз (500 – 750гр шамасында). Тұнбаны дайындаған соң бірден 10-15 минуттан кейін пайдаланаберуге болады, бірақ тұнба неғұрлым ұзақ тұрған сайын, жалбыз өзінің хош иісін молынан шығарады.



  • Куркума – тағамның дәмін келтіретін бұл дәмдеуіш те өрмекшіге қарсы тұра алады. Ол үшін куркуманы сумен араластырып (1/1 мөлшерде) қоймалжың паста жасау керек. Осы пастаға мақта немесе мақта дискін батырып алып бұрыштар мен өрмекші көп жүретін жолдарға қою керек. Бір ескере кететін жәйт, куркуманың бояғыш әсері, яғни тиген жерінде ізі қалатын болғандықтан мақтаны ыдыс үстіне қойған дұрыс.
  • Даршын (корица). Даршынды да пайдалану жолдары куркумамен бірдей жүреді. Яғни су мен даршынды араластырып, мақта дискілеріне батырып, керекті жерлерге қою қажет.

Одан өзге даршынды бөлме гүлдерінің топырағына араластыруға болады. Даршын - топырақта зеңнің пайда болуына жол бермейді және гүл жапырақтарына кейде тұрып қалатын өрмекші торын болдыртпайды.

Керек кеңес қажеттеріңізге жарасын!


Тағы оқыңыз: Қыста бөлмедегі гүл "өліп" қалмасын десеңіз


Дайындаған: Базарбаева Э,

ERNUR.KZ.