ҰМЫТПАҢЫЗ! Көктемде ӘР ӘЙЕЛ істеуі тиіс ШАРУА

0
7 165

Көктем – бұл табиғаттың оянып, адамға керемет көңіл күй сыйлайтын уақыты.


ҰМЫТПАҢЫЗ! Көктемде ӘР ӘЙЕЛ істеуі тиіс  ШАРУА

Алда жыл мезгілінің осынау әдемі шағымен тура келетін Наурыз мерекесі келе жатыр. Мерекеге қарсы қыз-келіншектер қыстық «көрпені» сілкіп тастап үйге көктем лебін кіргізуге тырысады. Ендеше, үйіңізге көктем мезгілімен бірге көктем келсін десеңіз, төмендегі маңызды 6 ШАРУАНЫ ұмытпаңыз.


Бөлме гүлдерін ауыстырып, қайта отырғызу

Көктем – қысқы ұйқыдан оянған бөлме гүлдерінің топырағын ауыстырып, ыдыстарын жаңартып, қайта отырғызуға ең ыңғайлы уақыт саналады. Жас және тез өсетін өсімдіктердің міндетті түрде топырағын жаңалап, алдыңғысына қарағанда кең және биік ыдыс таңдау керек. Ал өсуі шамалы тежелген, бірақ ауырмаған үлкен бөлме гүлдерінің топырағының тек беткі қабатын ғана толықтырып, жаңалау жеткілікті. Сондай-ақ наурыз айында өсімдіктерге тыңайтқыш беруді бастауға болады.


Терезені тазарту

Бұл істі сәуір айының ортасына дейін жасауға болады. Себебі кейде наурыз айының аяғына дейін де қар жауып жататын кездер кездеседі. Ал ондай кезде төбедегі еріген қар суы барлық тазартқан еңбекті зая кетіреді. Сондай-ақ сәуір айының ортасынан бастап оңтүстік өңірлерде москит торын қойып, терезелерді бір мезгіл ашып алуға болады. Сол себепті де торды кір сабынның ерітіндісіне салып жуып, күнге жақсылап кептіріп алу қажет. Ал терезені үй жағдайында тез әрі сапалы тазарту туралы мына жерден біле аласыздар.


Шкафтарды босату

Киімдерді мезгілдер ауысып жатқан уақытта рееттеген дұрыс. Сонда өзіңізге нағыз керектілері мен керексіздерін оңай ажырата аласыз. Ең алдымен шкафтағы қыс пен көктемгі барлық киімдерді бір жерге шығарып екі-үш бөлікке бөліп реттеңіз.

Мысалы, біреуге беретін, сатып жіберетін және нақты киетін, сондай-ақ тастауға қимаған деп бөлуге болады. Алдыңғы екеуін нақты орындау керек, яғни сатып немесе біреуге беріп жіберу. Ал тастауға қимаған және нақты киемін деген киімдерді шкафқа екіге бөліп ілу қажет. Сонда уақыт өткен соң тастауға қимаған киімдерді мүлде кимейтін болсаңыз, онда оны да біреуге беріп, сатып жіберуге болады. Қыстай киілмеген киімдерді де солай реттеген жөн. Олардың киілетінін жуып-тазартып, сыртын қаптап келесі жылға дайындап қойған дұрыс.


Қажетті заттарды жаңартыңыз

Қыз-келіншектер үйдің ішін ауыстырып, жаңартқанды өте жақсы көретіні бергілі. Егер үлкен жаңарту жұмыстары жаз мезгіліне бергіленген болса, мысалы түсқағаз ауыстыру, қабырғаларды бояу, тағы да басқа. Ондай кезде өзіңізді басқа жеңіл өзгерістермен қуантуға болады. Мүмкіндік болса терезедегі перделерді жеңіл түрлі-түсті, ашық түстегісіне ауыстырған жөн. Көрпе жастық тыстарын, жұмсақ жиһаз жапқыштарын көктем түсіне сәйкестендіріп жаңартқан де дұрыс. Бұл көңіл күйді көтеріп, үйге жайлылық сыйлайтыны анық.


Зат қоятын бөлме, сарай немесе лоджияны ретке келтіру

Үйді ретке келтірген соң ондағы артық заттарды сыртқа шығаруға тура келеді. Сондықтан зат қоятын бөлме, сарай немесе лоджияны ретке келтіріп алу қажет. Қажетсіз заттардан арылтып, ішін ретке келтіру керек.


Кілемдерді тазарту

Көктемде кілемді тазартудың да маңызы зор. Қыстай жиналған шаң-тозаңнан арылу үшін күзге дейін кілемді жинап қойып жылы мезгілде жалаң аяқпен еденді басқан жақсы. Ал төсеніш тұра бергенін қаласаңыз онда оны жақсылап тазартуға тура келеді. Тек көктемде кілем жууға ерте және салқын болады. Сондықтан ондай кезде құрғақ тазалау жүргізген жөн.

Керек кеңес, қажеттеріңізге жарасын! Көктем үй-ішіне де жайлылық сыйлап, шуағын шашсын!

Дайындаған: Эльмира Базарбаева,

ERNUR.KZ