​Жалюзді сусыз-ақ оңай тазартуға болады

0
1 522

Перешені оңай әрі дұрыс жуып тазарту үшін алдымен оның қай түрге жататынын анықтап алу қажет.


​Жалюзді сусыз-ақ оңай тазартуға болады

Қазіргі кезде кез-келген үй немесе кеңседен передеше (жалюз) кездестіруге болады. Күн сәулесінен қорғайтын перені алмастырған оны қолдануға өте ыңғайлы әрі сәнді.

Алайда әр нәрсенің бірақ деген тұсы болатындай, мұның да өзіндік қиын жақтары бар. Ол – тазалау жұмыстары. Себебі пердеше өте көп бөлшектерден тұрады. Ал оларды біртіндеп, тазарту, шешіп алу көп уақытты және аса мұқият болуды қажет етеді. Бірақ оның да оңай, ыңғайлы жолын табуға болады екен.


Пердеше түрлері

Пердешені оңай әрі дұрыс жуып тазарту үшін алдымен оның қай түрге жататынын анықтап алу қажет. Себебі бір пердешені тазарту тәсілі екінші бір түріне мүлдем сай келмеуі мүмкін. Пердешелер құрастырылымына қарай 3 түрге бөлінеді:

  • Көлденеңнен – бұл пердешенің ең көп қолданылатын түрі. Ол – қалың жіп арқылы біріктірілген өте ұсақ пластикалық немесе метал кескінділерден тұрады. Құрастырылымы өте қарапайым, бірақ ұзақ пайдалануға жарайды.
  • Тігінен – мұндай пердеше түрі орналасқан жеріне жайлы атмосфера қалыптастырады және күн көзін жақсы өткізеді.
  • Бүрмелі – сыртқы түрі пердеше секілді көрінгенімен, шын мәнісінде аты айтып тұрғандай кәдімгі бүріліген мата.


Ал материалына қарай бірнеше түрге бөлінеді:

  • Аллюмин – пердешенің ең ұзақ қызмет ететін түрі. Олар сынбайды, созылып пішіні өзгеріп кетпейді. Тек күн көзіне қызып, бөлме температурасын көтеріп жіберуі мүмкін.
  • Пластик – мұндай пердешені тазалау өте оңай, сонымен қатар ол аллюмин секілді қызып, жылу бөлмейді. Алайда күн сәулесінен сарғайып кетуі, қалыбын жоғалтуы мүмкін және ұзақ уақытқа шыдамайды.
  • Мата – бұл пердеше түрі үшін синтетикалық маталар таңдалады. Соның арқасында олар күн сәулесінен түсін жоғалтпайды. Бірақ мұндай пердешені ас үйге қоймаған жөн, ал балалар мен жатын бөлмесі үшін жарайды.
  • Жаккард – өте қымбат нұсқалардың бірі. Өте сәнді, көлемді кестелі матадан жасалады.
  • Ағаш – мұндай пердеше түрі бағасының қымбат болуы мен тазарту қиындығына байланысты сирек кездеседі. Бірақ өте әдемі көрінеді және экологиялық таза деп саналады. Алайда асүйге пайдалану тиімсіз. Себебі май мен түрлі иістерді тез сіңіріп алады.
  • Бамбук – кез-келген жерге жарайды және ыңғайлы, экологиялық таза, әрі әдемі.


Пердешені тазарту жолдары


Бірінші тәсіл – бүріккіш. Пердешені мұндай тәсілмен тазартуда шүберектің мүлде керегі жоқ. Бар болғаны: су толы бүріккіш және пердеше тазартуға арналған қалың, жұмсақ түгі бар ұзын шөтке керек. Ары қарай шөткемен пердешеге тұрған шаңды тазартып тұрып, екінші қолмен бүрккіштегі суды ауаға сеуіп тұру керек. Яғни суды пердешеге себудің қажеті жоқ, тек пердешеден шыққан шаң төменге отыру үшін ауаға ғана бүркіледі. Бұл ең қарапайым, тиімді тәсіл.


Екінші тәсіл – шүберек немсе сулық (салфетка). Егер пердешені тек шаң емес, кір де басқан болса, онда бізге оны тазарту үшін , сабынды су немесе терезе жуатын арнайы сұйықтық және шүберек , сулықтың көмегі қажет. Ары қарай, пердешені жабық қалыпқа қойып, шамалы дымқыл болатындай етіп, бүріккіштегі суды себу керек. Артынан бірден құрғақ шүберекпен сүртіп алған жөн. Сондықтан азғана бөліктен шетінен сүртіп тазартқан дұрыс.


Шешіп алып жуу. Егер пердешені басқан шаң мен кір оңайлықпен кете қоймаса, онда оны шешіп алып ваннаға немесе үлкен ыдысқа салып жуу керек. Тек мұндай тәсіл пластик пен аллюминді пердешелерге жарайды.Ол үшін пердешелерді сабынды суға 2-3 сағатқа жібітіп қойған дұрыс. Уақыт өткен соң таза суға шайып, шаш кептіргішпен кептіріп алуға болады.


Құрғақ тазарту жолдары

Матадан жасалған пердешелерді бастапқа қалпына келтіру үшін көп ретте құрғақ тазалауға жүгінген жөн. Су қолданбай пердешедегі кірден арылу үшін:

  • Қазіргі кезде соңғы үлгідегі шаңсорғыштардың түрлі арнайы бөлшектері бар. Сондықтан арнайы жұмсақ шөткелі шаңсорғышпен пердешені оп-оңай тазарасыз. Тек тазарту кезінде пердешені жауып қою керек.
  • Түкті шүберекпен тазарту. 200гр суға 100гр нашатыр спиртін қосып, араластырып, осы қоспаға түкті шүеректібатырып алып пердешені сүртіп шығу керек. Тек қоспамен жұмысжасаған кезде арнайы ррезеңке олғап киіп алуды ұмытпаңыз!


Майлы дақ пен кірден тазарту

  • Сіркесу – 9 % -тік сіркесуды 1:2 мөлшерде сумен араластырып алып, осы қоспаға сорғыш (губка) немесе шүберекті батырып алып, пердешенің әр бөлігін жекелеп сүртіп шығу керек. Сіркесу тіпті бұрынырақтан қалған дақты да кетіре алады.
  • Ас содасы және сутек асқын тотығы – бұл тәсіл ақ түсті пердешелердің өңін кіргізу үшін өте қажет-ақ. Ол үшін 1 стақан жылы суға жарты стақан ас содасын және жарты шәй қасық сутек асқын тотығын қосып араластыру керек. Қоспаны сорғышпен шешіп алынған пердешеге жағып, 5-7 минуттан соң жақсылап жуып тасталады.
  • Спирт – пердешедегі үлкен емес және жаңадан тиген дақты кетіруге жақсы көмектеседі. Шүберекті спиртке малып алып, пердешені сүртіп шығу қажет.

Егер күніне 1 рет шамалы уақыт бөліп пердешедегі шаңды қағып тұру, оның әдемі қалпында ұзақ уақыт тұруына ықпал етеді және күрделі тазарту жұмыстарын сирек жасайсыз.

Дайындаған: Э. Базарбаева

ERNUR.KZ.

Оқи отырыңыз: Шаңсорғыштың да шаңын тазартып тұру қажет

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет