14:41: Осы уақыт көзіңізге жиі түсе ме? Бұл ненің БЕЛГІСІ?

0
798

14 сағат 41 минутта дүниеге келген балалар әсершіл, эмоцияға берілгіш болады


14:41: Осы уақыт көзіңізге жиі түсе ме? Бұл ненің БЕЛГІСІ?

Біз өмір бойы қандай да бір цифрларды кездестіреміз. Бірақ оларға көп көңіл бөлмей, сандық көрсеткіш ретінде ғана қараймыз. Астарына үңіліп, мән-мағынасын ашуға талпына бермейміз.

Шындығында, бізге көрінетін сандар – жоғары күштерден келетін белгі немесе ескерту. Белгіні тағдырыңызға алаңдаған, сақтандырғысы келген жебеуші періштеңіз жібереді. Олар бұл үшін түрлі каналдарды қолданады әрі мағынасы да әр алуан болып келеді. Бүгін бір ғана жағдай – сағат тіліндегі 14:41-ді көруіңіздің сырын ашамыз.


Жетістік, мансап жолында...

  • Егер сағаттағы 14:41 санына кездейсоқ және бірінші рет тап болып тұрсаңыз, бірақ бұл сандар комбинациясы көңіліңізге ерекше сезіліп, назарыңызды аудартса... Онда бұл жақындарыңызбен қарым-қатынасыңыз туралы ойлануыңыз керек деген сигнал. Сіз өзіңізді дұрыс ұстамайсыз. Періштелер ойлануға және жағдайды түзетуге кеңес пен мүмкіндік беріп тұр. Дөрекілікті, өзімшілдікті, қызғанышты түбірімен жойыңыз.
  • Егер сағат тілінен 14:41-ді бір емес, бірнеше күн қатарынан көрсеңіз, бұл жебеуші періштеңіздің «Күдік-күмәндарды ысырып таста» деген белгісі. Мүмкін, сіз ұзақ уақыт бойы қандай да бір арман-мақсатыңызға қадам баса алмай, сенімсіздік, күмән көлеңкесінде жүрген шығарсыз. Немесе қандай да бір жан туралы теріс, күдікті ойдың шырмауындасыз. Осының бәрін ойдан шығарып, күдік-күмәнді сейілтіңіз дейді жебеушіңіз.
  • 14:41 сандары өз ұстанымдарыңыз бен өмірге деген көзқарасыңызды өзгертуге шақыру болуы да ықтимал. Жақын арада өзгерістер күтіп тұрған болса, олардан қорықпаңыз, жаңалықтарды қуанышпен қабылдаңыз. Өзгеріс не жаңалық қазір қиын, жағымсыз боп көрінсе де, кейінірек сізге жақсылық үшін жіберілгеніне көзіңіз жетеді.
  • Егер осы комбинация бірнеше рет ұшыраса берсе, сізге таңдау жасау керек деген сөз. Өзіңіз үшін не маңызды екенін анықтаңыз: бұрынғы кәсіп не жұмысты жалғастыру әлде жаңа бизнесте күш сынап көру мүмкіндігі. Екеуінің ортасында ойланып жүре берсеңіз, 14:41 де алдыңыздан шыға береді.
  • Егер осы уақытта қандай да бір ақпаратты қабылдау үстінде болсаңыз, тереңірек талдау-сараптау жасауға тиіссіз. Жақсы және жаман, оң-теріс жақтарын қайта-қайта бағамдаңыз. Ақпаратты дұрыс сараласаңыз, өте нақсы нәтижеге жетуіңіз, керісінше, атүсті қарасаңыз, кейін өкініп қалуыңыз әбден мүмкін.


Жеке өмірде...

  • Егер сіз ер адам әрі жалғызбасты болсаңыз, жебеуші періштеңіз 14:41 санын көрсету арқылы «Ұялшақтықты тастап, өзіңе ұнайтын жанға қарай қадам жаса» деп кеңес беруде. Жүрегіңізді ашыңыз, сезімдеріңізді мойындаңыз. Ал сүйіктіңізбен қарым-қатынас құру үстіндегі не отбасылы ер-азамат болсаңыз, тек өз мүдделеріңізді алға қоюды, эгоистік әрекеттерді доғару керек. Жебеушіңіз осыны түсіндіргісі келеді. Өз таңдаған адамыңызды сыйлаңыз, пікіріне құлақ асыңыз, сезімдеріне мән беріңіз, айтқанын тыңдаңыз. Түсініспеушілік, ұрыс-керіс үстінде жүрсеңіздер, тап қазір түсінісу, татуласу үшін өте жақсы кезең. Қарым-қатынасты қалпына келтіруге мүмкіндік бар. Қадам жасаңыз, сүйіктіңіз мұны ұнатады әрі бағалайды.
  • Екінші жартысын жолықтырып үлгермеген нәзік жандыларға 14:41 саны жақын арада болуы мүмкін таныстықты меңзейді. Өткенде болған жағымсыз жағдайларды, негативті түйін қалдырған тәжірибені есте сақтамаңыз, жіберіңіз. Қорқыныштан арылыңыз және өз таңдауыңыздағы адамға сенім артыңыз. Ал сүйіктісін тапқан әйелдерге періштелер екінші жартысымен өзара түсіністікке жету ықтималдығы жоғары екенін, оларды үйлесімді және перспективалы қарым-қатынас күтетінін жеткізгісі келеді. Әсіресе, егер кездесуге тура сағат 14:41-де келсе, бұл ер-азаматты өмірлік серігім деп таныңыз. Өйткені оны періштелер сіздің жалғыз жүрмеуіңіз үшін, өміріңізді жақсы жаққа өзгерту үшін жіберді.
  • Сағат тіліндегі 14:41 санымен ұшырассаңыз, бір сәтке кідіріп, ойыңызды жинауға уақыт бөліңіз. Дәл сол сәтте сізге эмоцияға берілуге, қызуқандылыққа салынуға болмайды. Әлдекіммен дауласып жатқан болсаңыз, оның қатты ушығып кету қаупі бар, дереу тоқтатыңыз. Әңгімелесушінің көзқарасын байыппен тыңдаңыз.


14:41-де осы жағдай орын алса...

  • Дәл осы уақытта сағат тілі тоқтап қалса, онда өмірдің жаңа кезеңінің уақыты келді. Ұсыныстарды қабылдаңыз, жаңа жоба бастаңыз, жаңа серіктестер іздеп, келісімшарттар құрыңыз.
  • 14:41-де қол қойылған келісімшарттар тиімді, нәтижелі, табысты, ұзақмерзімді болады.
  • Қандай да бір арман-мақсатыңызды ойлаумен тұспа-тұс келсе, тап сол арман-мақсатқа қарай қадам басу керек деген сөз. Еңбек етіп, күш салсаңыз, қалағаныңызға міндетті түрде қол жеткізесіз. Тағдырдың сыйын күтпеңіз, кездейсоқтан, ғаждайыптан үміттенбеңіз, өз қабілеттеріңіз бен әрекетіңізге ғана сеніңіз.
  • 14 сағат 41 минутта дүниеге келген бала әсершіл, эмоцияға берілгіш болады. Қауіпті ойындар мен шытырман оқиғаларды, жан тербейтін сезімге толы сәттерді жақсы көреді. Оларға осындай эмоциялық әткеншек өмір бойы қажет.

Көзге көрінбесе де, әркімнің жебеуші періштесі әрдайым жанында. Олар оны жаңсақ басудан, қате қадам мен бұрыс шешімдерден қорғауға тырысады. Ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін сездіру үшін белгілер жібереді. Бұл белгілерді көруді, түсінуді үйренсеңіз, қолында шпаргалкасы бар шәкірт секілдісіз, өміріңіз әлдеқайда жеңілдейді. Қиындықтар мен кедергілерді айналып өтуге, қажет уақытта қажет жерден табылуға мүмкіндігіңіз артады.

Аударған: А. МЕЙІРХАНҚЫЗЫ,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Туған АЙЫҢЫЗға қарай МІНДЕТІҢІЗ БАР