16-22 шілде: бұл аптадағы сіз үшін ең сәтті күн қайсы?

0
5 345

Апта күндері ірілі-ұсақты қуанышты жайларға толы. Ол нендей қуаныш және кім үшін? Астрологтар болжамынан оқыңыз.


16-22 шілде: бұл аптадағы сіз үшін ең сәтті күн қайсы?

иллюстрациялық фото: kakumno.ru

Тоқты

Өмір сүруге деген ынтаңыз жаңа леппен ашылып, бұрын күрделі болып көрінген мәселелерді енді оңай секілді сезінесіз. Таныстар мен достарыңыздың көмегін бағалап, адамдарға деген сеніміңіз де арта түседі. Сәтті сауда мен сапарға шығу мүмкіндігі туады.

Ең сәтті күн — сейсенбі.

Торпақ

Бәріне түсіністікпен қарайтын жұмсақ мінезді жанға айналасыз. Себебі, бұл аптада өзіңізге көбірек уақыт бөлсеңіз, жаныңыз тынышталады. Қызмет орнында да қиындықтар сізді айналып өтеді. Түскен әрбір ұсынысты мұқият қарап, терең зерделеңіз. Олардың бірі жаңа бастамаға негіз болып, кәсіби мансап баспалдағында жаңа сатыға шығаруы мүмкін. Ұсақ-түйекті жіпке тізе бергенді доғарыңыз. Көңіл-күйіңіз де бастығыңыздың көңіл-күйіне байланысты болмасын. Ал, тәуекелді қажет ететін істерді мойныңызға алмаңыз.

Ең сәтті күн — сәрсенбі.

Егіздер

Алдыңызға маңызды мақсаттар қойып, үлкен жобаларды қолға алатын шақ келді. Жаңа тапсырмадан бас тартпаңыз, маңызды істі кейінге қалдырмаңыз. Себебі, кәсібилік пен мансапқа қатысты көп мәселеңіз осы аптада бір жағына қарай шешіледі. Апта бойында үйде де, кеңседе де көптеген тосын сыйлар күтіп тұр.

Ең сәтті күн — бейсенбі.

Шаян

Өміріңізге аздап болса да позитивті қарбалас енгізіңіз. Ол үшін қызықты курстарға жазылып, жаттығу залына барып, басқа да өзгеше істермен күнделікті күйбеңнің орнын алмастырыңыз. Бұл аптада сәттілік серігіңіз болғалы тұр. Ал, қосымша білім мен қуат алу алға ұмытылуға, мақсатқа қол созуға себеп болады.

Ең сәтті күн — дүйсенбі.

Арыстан

Сізге біраз тынығып, күш жинау керек. Бұл үшін осы апта өте қолайлы. Сондықтан, осы күндері өзіңізді қинап шаруаға жекпеңіз. Одан да уақыт пен күшіңіздің көп бөлігін өзіңізге арнаңыз. Тынығуға, саяхаттауға мүмкіндік туғызыңыз.

Ең сәтті күн — бейсенбі.

Бикеш

Бұл аптада жұмыс орнында сізді қосымша жүктемелер күтіп тұр. Өзгелердің уақытын басқарып, тапсырма үлестіру, еңбек өнімділігін ұйымдастыру ісі мойныңызға артылады. Ықпал мен билігіңіз күшейеді. Осының барлығын ойдағыдай орындасаңыз, көлемді еңбекақыға кенелесіз.

Ең сәтті күн — сейсенбі.

Таразы

Бұл аптада өз ісіңізге адал берілуіңізбен, еңбекқорлығыңызбен өзгелерді таңдандыруға мүмкіндік мол. Тиімді пайдаланып, көптеген шауралардың оң шешімін тапсаңыз, басшылық та дән риза болады. Өміріңізде қызықты жаңа таныстықтар орын алады. Демалыс күндері тынығу мен әлеуметтік кездесулер үшін оңтайлы болмақ. Спортпен не белсенді дене еңбегімен шұғылдансаңыз, күш-қуатқа кенелесіз.

Ең сәтті күн — сейсенбі.

Сарышаян

Қолыңыздан бәрі келеді, жоспарларыңыз ойдағыдай жүзеге асады. Бұрын бас тартуға мәжбүр болған кей нәрселер осы аптада қолжетімді. Апта күндері сауда-саттық, инвестиция не транзакция жасау үшін аса сәтті.

Ең сәтті күн — дүйсенбі.

Мерген

Соңғы кездері қиындық тудырған, шоғырланып қалған мәселелерді қолға алып, оң шешімін табудың сәті осы аптада түседі. Жинаған қаржыңыз болса, оларды қалай өзіңізге жұмыс жасатуға болатынын ойланыңыз. Себебі, бұл жеті сауатты инвестициялар үшін сәтті болғалы тұр. Қызметіңізді не жалақыны өсіру жайын да қарастырып көріңіз.

Ең сәтті күн — бейсенбі.

Тауешкі

Өмірге оптимистік көзқараспен қарай бастайсыз. Ішкі түйсігіңізге сеніп, оған құлақ ассаңыз, бәрі өзіңіз қалағандай болады. Апта күндері тыныш та табысты өтеді. Ал, демалыс күндерінде қосымша міндеттер күтіп тұр.

Ең сәтті күн — сенбі.

Суқұйғыш

Апта күндері ірілі-ұсақты қуанышты жайларға толы. Отбасылық және тұрмыстық мәселелердің шешімін табуға көбірек уақыт арнаңыз. Сапарға шығу қажет болса, сәрсенбіге, достармен кездесуді жексенбіге жоспарлаңыз. Демалыс күндері денсаулығыңызға, күтімге мән беруді естен шығармаңыз.

Ең сәтті күн — бейсенбі.

Балықтар

Аптаның алғашқы жартысы өмірдің түрлі саласындағы сіз үшін маңызды қарым-қатынасты нығайтуға қолайлы. Қаржылық мәселелерді шешуді сәрсенбіде қолға алыңыз. Жолға шығу мен романтикалық кездесуді жексенбіде жүзеге асырыңыз. Айдың соңына шешімін таппаған шаруаларды неғұрлым көп ысырсаңыз, өзіңізге соғұрлым қиын болады. Сондықтан, осы аптада нүктесін қоюға тырысыңыз. Көп мәселеңіздің кілті оптимистік көзқараста жатыр. Барлық жағдайға оптимистік көзқараспен қараңыз, сонда оларды шешу де оңай болады.

Ең сәтті күн — сейсенбі.

Аударған: А.Бектұрғанова,

ERNUR.KZ