2019 жыл: ақпан айына арналған жұлдызжорамал

0
943

Алдағы ай Сіз үшін қандай болмақ? Ақпанда не күтіп тұр? Неден сақтанып, қай істі қолға алған дұрыс? Басты назарды неге аудару керек? Өміріңізде қандай өзгерістер орын алуы мүмкін? Сан сұрақтың жауабы бір ғана жұлдызжорамалда. Ол — Ай секілді. Не болары белгісіз болашақтың қараңғылығына жарық сәуле түсіріп, жол көрсетеді.


2019 жыл: ақпан айына арналған жұлдызжорамал

фото: 404store.com


Тоқты

Ақпан — Сіз үшін сәтті ай. Әсіресе, 10-25 жұлдыздары аралығында сәттілік айнымас серігіңіз болады. Айналаңызды пікірлес әрі тілеулес жандар қоршайды. Соның арқасында өзіңізді сенімді әрі мықты сезінесіз. Бұл уақыт — жаңа бастаманы, үлкен жобаларды қолға алуға ең қолайлы кезең. Сеніңіз, тау қопармасаңыз да, біршама мықты іргетас қалайсыз.


Торпақ

Қызмет бабы тұрғысынан алғанда, өміріңізде үйлесімділік орнайды. Табысыңыз артады. Тек, ол үшін үйреншікті шекарадан әрірек аттап, тиісті шағында тәуекел ете алсаңыз болғаны. Бұл үшін біршама күш жұмсау керек, әлбетте. Өз бастамаларыңызға, күшіңізге сеніп, уақыт пен тер төгуден аянбасаңыз, сәттілік міндетті түрде серігіңізге айналады.


Егіздер

Ақпандағы бос уақытыңыздың көп бөлігін өзіңізді дамытуға жұмсаңыз. Жаңа таныстықтар мен жаңа жерлерді тануға ұмтылыңыз. Себебі, бұл ай Сізге білім алуға, таным көкжиегін кеңейтуге аса қолайлы болғалы тұр. Өзіңізді тұлғалық және рухани дамыту жағынан біршама биікке көтересіз. Бұл өсу, әлбетте, кейінгі уақыттарда өзінің жемісін бере бастайды.


Шаян

Бұл айда кез келген асығыстықтан сақтаныңыз. Асығыс шешім қабылдау, асығыс іс тындыру, тағысын тағылар. Әр адымыңызды аңдап басып, нені болмасын «кесер» алдында «жеті рет өлшеңіз». Сонда ғана сәтсіздікке ұрынбай, қолыңызда барды уысыңызда ұстап қала аласыз.


Арыстан

Айналаңыздағы әрбір адамның ішкі жан-дүниесіне тереңірек үңіліңіз. Мейлі, ол туыс, досыңыз болсын, әріптес болсын. Барлық жағдайда түсінісу мен тіл табысуды алдыңғы орынға қойыңыз. Сонда ғана ақпанның соңында артыңызға қарағанда, жағымды сәттер мен табысты істерді, бағынған белестерді көресіз.


Оқи отырыңыз:

Желке мен иықтың күжіреюі жаныңызға батса...


Бикеш

Ақпанда жұлдыздар Сізге кәсіби биографияңызды тағы бір табысты жобамен толықтыруға мүмкіндік сыйлайды. Қапы қалмайын десеңіз, мұқият та сергек болыңыз.

Жұмыс орныңызда ай бойы қарбалас шаруа — жаңа жобалар, кездесулер, жауапкершіліктің артуы... Дегенмен, бәрінен де денсаулық маңызды екенін естен шығармаңыз. Шектен шыққан жұмысбастылық жүйкеңізге кері әсерін тигізбей қоймайды.


Таразы

Келер күнге қатысты көп күмәнді, қорқынышты жойып, болашаққа батыл қадам басыңыз. Сонда, өміріңізде оң өзгерістер есігі ашылады. Жалпы, ақпан айы Сіз үшін де сәтті. Отбасы, қызмет, шығармашылық — өмірдің қай саласы болмасын, тасыңыз өрге домалайын деп тұр. Сондықтан, кез келген бастамаға батыл кірісіңіз.


Сарышаян

Алдағы айда «Аяз би, әліңді біл» деген сөзді іштей жиі қайталағаныңыз жөн болар. Өз күшіңізді шынайы әрі әділ бағалап, мойныңызға артық жүк артудан сақтаныңыз. Жауапкершілігін көтере алмауыңыз мүмкін. Өзімбілемдікке салынудың да қажеті жоқ. Кез келген жоспар мен жобаны қолғаалмас бұрын, серіктес не жақын жанашырлармен ақылдасыңыз.


Мерген

Бұл айда ойға алғаныңыздың бәрі орындалғалы тұр. Жұмыста да, жеке өмірде де. Сондықтан, ойда жүрген жақсы бастамаларды қолға алуды кешіктірмеңіз. Көмек қажет болса, кез келген есікті қағыңыз. Сізге міндетті түрде жәрдем береді. Оған жұлдыздардың өзі септескелі тұр.


Тауешкі

Ақпан айы — ауқымды заңгерлік және қаржылық істерді қолға алуға ең қолайлы кезең. Барлық жағдай сіздің пайдаңызға шешілеріне күмәніңіз болмасын. Қалтаңыз да едәуір қомпайғалы тұр. Ол кешіктірілген төлемақы, қайтарылмаған қарыз, қаламақы не жалақыңыздың жоғарылауы болуы мүмкін. Қалай болғанда да, қаржылық жағынан сәтті ай жақындап қалды. Осы уақыт аралығында отбасылық не жеке бизнесіңізді де жолға қойып алуға үлкен мүмкіндік бар.


Суқұйғыш

Астрологтар ақпанды Сіз үшін 2019 жылдағы ең жақсы да жайлы ай деп болжауда. Бойыңыздан айрықша күш-қуат ағынын, өмірге деген құштарлықты сезінесіз. Онымен қоса, сәттілік те айнымас серігіңізге айналады. Мүмкіндікті қалт жібермей, идеяларыңыз бен тілектеріңізді жүзеге асырып қалуға асығыңыз. Білесіз, ақпанның күндері өзге айларға қарағанда азырақ.


Балықтар

Ақпан — Сіз үшін ойдың, шығармашылықтың кезеңі. Көп уақытыңызды рухани дамуға, өз ішкі әлеміңізге үңілуге, өзіңізден есеп алуға жұмсаңыз. Нәтижесінде ойыңызда жүрген сан сұрақтың жауабын таба аласыз.

Сондай-ақ, аяқталмаған істерді соңына дейін жеткізуге, кешеуілдетіп жүрген жобаны тезірек бастауға, мансап баспалдағында бір саты жоғары аттауға да сәтті уақыт.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет