2019 жылда неден сақтануыңыз керек?

0
12 918

«Сақтансаң, сақтаймын» деген Жаратқан. Сақтансаң ғана... Ал, жаңа 2019 жылда неден сақтануыңыз керек екенін жаратылғандар — аспан денелері мен астрологтар айтады.


2019 жылда неден сақтануыңыз керек?

фото: rzyne.ru

Тоқты

2019 жыл Тоқтылар үшін көптеген қауырт та қиын сынақтар дайындап тұр. Әйткенмен, олардың біршамасы жылдың басында орын алады. Сабыр мен салқынқандылық серігіңіз болсын.

Келер жылға жасаған жоспарыңызды ешкімге айтпаңыз. Қызғаныш пен кері ниет меңдегендер күл-талқанын шығаруға тырысуы мүмкін.

Астрологтардың тағы бір ескертері — алдағы жылы дос таңдауда өте мұқият болыңыз. Жаңа таныстармен жақын араласуда да. Сондай-ақ, көзтаныстар мен жай таныстарға, әріптестерге сырыңызды ашпаңыз.


Торпақ

Келер жылда өміріңізде көптеген өзгерістер орын алады. Өкініштісі, олардың біршамасы жағымсыз жайлар болуы мүмкін. Әсіресе, отбасын құрмаған Торпақтарды Доңыз жылы жауапсыз махаббатпен қинағалы тұр. Жыл бойы махаббаттың машақатын тартқыңыз келмесе, сезімге келгенде сергек болыңыз.

Отбасын құрғандар үшін де тым оңай болмасы анық. Өмірлік серігімен арада түсініспеушіліктер орын алады. Аз не көп болуы өздеріңізге байланысты.


Егіздер

Жаңа жыл басталысымен өзіңізге деген сенімділіктен айырыласыз. Салдарынан біршама қиындықтар туындайды. Сондықтан, қазірден қамданыңыз. Өзіңізбен, өзіңізге деген сенімділікпен осы бастан жұмыс жасаңыз. Психологиялық тұрғыдан жаттығыңыз. Олай етпесеңіз, жыл бойы көкейіңізге сенімсіздік ұялап, тағдыр тарту еткен тамаша мүмкіндіктерді жіберіп аласыз.


Шаян

2019 жылы Шаяндардың мазасын алатын — артта қалған махаббаттары болмақ. Дегенмен, өткен істің өткенде қалғаны жақсы. Жаңа жыл мен жаңа күн жаңа өмір үшін екенін есте сақтаңыз. Елесінің жетегіне ермеңіз. Бүгінгі күніңіз бен қазіргі жақындарға көбірек бөліңіз уақыт пен көңілді. Немесе, алға қарап, бақытты болашақтан ғана іздеңіз, кешегі күннен емес.


Арыстан

Доңыз жылы көңіліңізді желік көбірек билейді. Ерік беріп, ырқына көнсеңіз, көптеген келеңсіздікке ұрынасыз. Айталық, қаржыны оңды-солды жұмсап, ақырында қалтаңыздың қағылуы. Немесе, атыңызға кір, абыройыңызға нұқсан келуі. Жаңа өмір бастаймын деп, дәл қазір жаныңыздан табылып тұрған жақын жаннан айрылу...

Аталған келеңсіздіктің ешқайсысын бастан кешіргіңіз келмесе, сабырлы болыңыз. Эмоцияңыз бен көңіл-күй ауанының сізді басқаруына жол бермеңіз. Керісінше, басқару тетігі өз қолыңызда болсын.


Бикеш

2019 жыл жеке өміріңізге жайсыздықтар ұсынуы мүмкін. Сіз жаңа әсерлерді, сезімдер ағынын бастан кешкіңіз келеді. Бірақ, бірақ... Бір сәттік және алдамшы сезімдер жетегінде кетпеңіз. Ол үшін ең дұрысы — жаңа таныстық іздемеу немесе жақын қарым-қатынас орнатудан бұрын адамды жақсы танып алу. Сонда ғана жайсыз жағдайлардан сақтана аласыз.


Таразы

Алдағы жылы Таразылардың қызмет орнында ауыс-түйістер көп болады. Бір ұшы өзіне де тиіп, қаржылық кризисті бастан кешуі мүмкін. Басшылықпен арасы да айтарлықтай жақсы бола қоймайды.

Астрологтардың Таразыға кеңесі: Егер өзіңіздің дұрыстығыңызға сенімді болсаңыз, атағы мен лауазымына қарамастан, әділдік үшін күресіңіз. Қызмет орнындағы қайшылықтарға ілінбес үшін осы бастан жаңа жұмыс іздей беруге болады.


Сарышаян

Жалпы алғанда, сіз үшін 2019 жыл бірқалыпты, тыныш өтеді. Тек көктемде сіз күтпеген өзгерістер болуы мүмкін. Жеке өмір, қызмет не қаржылық жағдайыңызға қатысты. Мұндай өзгерістер тұсында осал адам сынып, тым әлсіздер күйреп кетуі ықтимал. Ал, сіз мықты болыңыз. Бәрінің уақытша екенін естен шығармай, табанды болсаңыз, жазға салым ол қиындықтардан да құтыласыз.


Мерген

Қаржыға қатысты уайымдар— 2019 жылы Мергендердің мазасын алатын осы болмақ. Әйткенмен, бұл қаражаттың жетіспеушілігінен емес, Мергеннің өз табысын азсынып, одан да көп алғысы келуінен туындайды. Уайымыңызды сейілтетін жол — қосымша табыс көздерін табу немесе жалақысы жоғары жұмыс қарастыру. Ол болмаса, азға қанағат етуді үйрену.


Тауешкі

Болжамшылардың айтуынша, 2019 жылы Тауешкілердің өмірі бірқалыпты, тып-тыныш өтеді. Тауешкі үшін қиыны да осы — күнделікті қайталанатын, іш пыстыратын апталар мен айлар. Осы бір сүреңсіздіктен арыламын, өміріме жарқын бояулар енгіземін деп тырысса, түбі бір жайсыздыққа ұшыратады. Сондықтан, өзгерісті де ойланып барып жасау керек.


Суқұйғыш

Суқұйғыштарды тынымсыз, қауырт оқиғаларға толы жыл күтіп тұр. Оқиғалардың бірқатары туыс-достармен арадағы кикілжің, ұрыс-керіс болуы әбден мүмкін. Ал, оған себеп болатын — өзінің эгоизмі мен жақындарына жанының ашымауы.

Ұрыс-керіссіз, ренішсіз өмірді қалайтын Суқұйғыштарға астрологтар басқалардың жанын түсінуге тырысуды, жақындарының жағдайына қызығушылық танытуды ескертеді. Сонда дау-жанжалдан жырақ боласыз.


Балықтар

Бұрыннан да тұйық Балықтар 2019 жылы одан сайын «жабыла» түседі. Өзіне сенімсіздігі де еселенеді. Салдарынан сәтті мүмкіндіктерді жіберіп алады. Олай болмауын қаласаңыз, қазірден бастап өзіңізді табысты, сәттілікті серік еткен жан ретінде сезінуге тырысыңыз. Миыңызға осындай бағдарлама орнатыңыз. Психологиялық кітаптар, табысты адамдардың мотивация беретін сөздерін көбірек оқыңыз.

Аударған: А.Бектұрғанова,

ERNUR.KZ