2020 – кібісе жылы НЕ ІСТЕУГЕ БОЛМАЙДЫ?

0
171

Астрологтар 2020 жылы үй салуға, шаңырақ көтеруге, жаңа кәсіп ашуға, сапарға шығуға болмайды деген тыйымның мәнісін түсіндірді.


2020 – кібісе жылы НЕ ІСТЕУГЕ БОЛМАЙДЫ?

2020 жылдың кібісе жылы екенінен хабардар боларсыз?

Кібісе жылы екен деп, 2020-ға үміттен көрі күдікпен қараушылар көп секілді. Себеп – халық арасында тараған «кібісе жылы – бақытсыздыққа толы, жайсыз, қауіпті жыл» деген наным, үрей, осыдан келіп шығатын ырым мен тыйымдар. Мұндай негативті нанымның қалыптасуына не себеп? Расында 2020 жылдан қауіптенуге негіз бар ма? Бұл сұрақтарға жауап іздеп көрдіңіз бе? Астрология ілімі мен өмірлік тәжірибеге сүйене түйінделген тұжырымға құлақ салыңызшы.


Басқа жылдардан қандай айырмасы бар?

«Бір жылда 365 күн бар» - бұл бастауыш сынып оқушысына да аян ақпарат. Алайда, астрологтар мен математиктердің есептеуінше, артық 6 сағаты тағы бар. Міне, осы 6 сағат төрт жыл ішінде артық 24 сағатты құрайды. Яғни, бір тәулік. Осыны ескеріп, екі мың жылдай уақыт бұрын-ақ жыл санағына «кібісе жылы» ұғымы енгізілген. Кібісе жылында алдыңғы үш жылдағыдан біреуі артық – 366 күн бар. Сәйкесінше,

  • 8 784 сағат;
  • 527 040 минут;
  • 31 622 400 секунд бар.


Неге «жаман жыл» саналады?

Кібісе жылын сәтсіз санау белгілі бір халыққа не дінге, мәдениетке ғана тән емес. Бұл – бүкіл әлем үшін үрейлі кезең. Себебі, дәл кібісе жылдарында төрткүл дүниені тітіреткен зұлматтар, жойқын табиғи апаттар, бірнеше ел не бүтін құрлықты қамтыған революция, соғыс, саяси оқиғалар, астаң-кестең өзгерістер көп болған. Солардың ішінде ең алапаттарын атайтын болсақ:

  • 1908 жылы Ресей жеріне Тунгус метеориті құлады. Жарылыс толқыны салдарынан 2 000 шаршы шақырымнан астам орман аумағы жойылып кетті. Үш жүз шақырым радиустағы үйлер қирады.
  • 1976 жыл да зілзаламен есте қалды. Бұл жолы «тас түскен жер» - Тянь-Шань аумағы болды. ХХ ғасырдағы ең жойқын саналған табиғат апатынан қаза тапқандар саны ресми деректерде 265 мың, бейресми деректерде 750 мың шамасында деп көрсетілген.
  • 1912 жылы алып «Титаник» кемесі айсбергке соқтығысып, жойқын апат нәтижесінде бір жарым мыңнан астам адам суға кетті.
  • 1960 жылы адамзат тарихындағы ең алапат жер сілкінісі орын алды. Эпицентрі Чили болған зілзала салдарынан цунами көтеріліп, жығылған үстіне жұдырық болды. Бір апат салдарынан алты мыңнан астам адам көз жұмды. Ал сол кезде із-түзсіз жоғалғандардың санын анықтау тіптен мүмкін болмаған.

Бұл – бір парасы ғана. Аталғандардан да бөлек апаттарды санамалап түгел жазу – санаға сыймайтын іс.


Оқи отырыңыз:

Жұлдызнама бойынша: Кімнің ҚОЛЫ АШЫҚ, ал кімнен "ҚЫСТА ҚАР СҰРАУҒА" болмайды?


Кібісе жылында неге тыйым салынады?

Бақытсыздық пен сәтсіздікке толы саналатын кібісе жылына қатысты халық арасында ырым мен тыйым көп. Мәселен:

  • бұл жылда жаңа үй құрылысын бастамаған жөн, әйтпесе, болашақта ғимарат өртке оранады;
  • осы жылы дүниеге келген нәрестенің не мінез-құлқы нашар, не тағдыр жолы ауыр болады;
  • тұрғын үйді сату, сатып алу, жаңа үй не пәтерге көшуді де кібісе жылынан кейінге қалдыра тұрған дұрыс;
  • кібісе жылында жұмыс орнын ауыстыру да жақсы әрекет емес;
  • бұл жылда басталған кәсіп табыс әкелмейді, тек шығынға батырады;
  • кібісе жылында көтерілген шаңырақтар көп ұзамай шайқалады, бұл жылда үйленгендерге үй болып кету әсте қиын;

Бұдан да бөлек ойға сыйымсыз, қисынға келмейтін ырым-тыйымдар көп және оның бәрін тізбектеудің мәні жоқ.


Әлбетте, кібісе жылының келеңсіздіктері мен ырым-тыйымдарына сену-сенбеу әркімнің өз еркінде. Әйтсе де, әркімнің тағдыры өз қолында, жақсы не жаман болмағы өз әрекеттерінің нәтижесі екенін ескеру керек. Артық сағат, артық күнде тұрған не бар? Дәп 29 ақпан адамзат үшін «айыпты күн» саналатындай не жазды? Апат? Ол басқа жылдары да орын алып жатыр. Соғыс? Ол адамдардың өз қолымен жасалуда. Адамдарға зардабын тигізетін саяси ойындардың авторы да – адамдардың өздері.

Наным-сенімдерге келсек, жамандық шақыратын ырымдарға емес, «жамандық шақырма» деген тыйымға сүйенген дұрыс шығар. Жылдың сәтсіздіктерінен сезіктенуді тыя алмасаңыз, сақтаныңыз. Жаманын сызып тастап, жақсы ырымды негізге алыңыз.

Бұл жылы көзсіз батырлыққа жол жоқ. Тәуекелге бас тікпеңіз. Әр адымды аңдап басыңыз. «Жеті рет өлшеп, бір кесу» мен «Екі шоқып, бір қарау» басты қағидаңыз болсын.

Тағдырдың ескертулері мен белгілеріне бейжай қарамаңыз. Астрологтар жасаған болжам да сақтануға үлкен сеп.

Және ең бастысы, «Жақсы сөз – жарым ырыс» дегенді жиі айтып, ҚОС ЖИЫРМАЛЫ ЖЫЛДАН тек жақсылық күтіңіз.

Дайындаған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет