​22-28 қазан: Сіздің мұны біліп жүргеніңіз жөн

0
2 164

Алдағы аптаға жұлдыздар нендей сый мен сын әзірлеп тұр? Сын сағаты соға қалса, қайтпек керек? Тағдыр тосын сый ұсынса ше? Бұл сұрақтардың жауабын алдын-ала біліп жүргеніңіз жөн. Пайдасы болмаса, зиянын шеге қоймассыз.


​22-28 қазан: Сіздің мұны біліп жүргеніңіз жөн

Фото: askleo.com


Тоқты

Бұл аптада өміріңізде қызықты да маңызды жағдайлар мен жаңалықтар аз болмайды. Алайда, олардың әсеріне елтіп, ең қымбаттыларыңыз жайлы ұмытпағаныңыз абзал. Жақындарыңыз сіздің қамқорлығыңыз бен көңіліңізге зәру. Сіз болсаңыз, жұмыстан бас алмайсыз. Жақын жанды жоғалтып алғыңыз келмесе, қазірден ойланыңыз.

Апта бойында семинар, қосымша курстарға қатысуға мүмкіндігіңіз мол. Мансабыңыздың болашағы осыларға тығыз байланысты екенін ескеріп, үлгеруге тырысыңыз.


Торпақ

Бұл аптада тым белсенді болуыңызға тура келеді, сондықтан, күшіңізді сақтаңыз. Жаңа өмір бастағыңыз келсе немесе жаңа жұмыс іздесеңіз, асықпаңыз. Тілегеніңіздің табылуы үшін алдымен өзіңіз өткеннің көлеңкесінен арылуға тиіссіз.

Қандай да бір ақпарат, кеңес қажет болса, оны ғаламтор не кітаптан емес, адамдар арасынан іздеңіз. Көпшілікпен көбірек араласыңыз, әңгіме-дүкен құрыңыз, сырласыңыз. Бұл өзіңіз үшін пайдалы болмақ.


Егіздер

Ешкім сізге сын айтпайтын, сыртыңыздан күлмейтін керемет апта болғалы тұр. Керісінше, өзгелердің мақтауы мен сүйіспеншілігіне бөленесіз. Бірақ, жұлдыздар ескертеді: кеудеңізге нан пісіп, аспандап кетпеңіз.

Іссапарға шығу, туыстармен қарым-қатынас және заңға қатысты шаруаларды шешуге сәтті апта.


Шаян

Жұлдыздар Шаяндарға жағымдыдан көрі жағымсыз жайлардың көбірек болуы мүмкін екенін ескертеді. Ұстамдылық пен табандылық танытсаңыз, олардың алдын алуға не оңай өткізуге болады. Тек, эмоция жетегінде кетпей, оны өзіңіз басқара алсаңыз болғаны.

Қызмет орнында немесе өмірлік серігіңізбен арада да түсініспеушіліктер орын алады. Әйткенмен алаң болмаңыз, демалыс күндеріне қарай өздігінен оңтайлы шешімі табылып қалады.

Аптаның жұмыс күндері осылайша күрделі өткенімен, оның барлығын сенбі-жексенбідегі демалыс жуып-шая алады.


Арыстан

Бұл аптада қолыңыздан не келетінін және бірге қызмет атқарып жүрген тобыңыздың қауқары неге жететінін анық білетін боласыз. Табыс та, тіл табысу да ұжымыңыздың татулығына тікелей байланысты.

Ұсақ-түйектің бәріне мән беріп, тырнақ астынан кір іздемеңіз. Әрненің астарына бір үңілудің орнына сүйікті ісіңізбен, шығармашылықпен не жаңа білім алумен айналысыңыз.

Осы аптада денсаулығыңызды қолға алсаңыз, ем-шаралар өте нәтижелі болады.


Бикеш

Мансап пен табысты бірінші орынға қоятын Бикештер үшін керемет апта болғалы тұр. Тіпті, сіздің үстіңізден қарайтын басшының өзі таңдай қағатын жетістікке жетесіз.

Әйтсе де, өмірді қызмет орнындағы жетістікпен ғана өлшеуге болмас. Бос уақытыңыз бола қалса, тынығуға, жақын адамдарыңызға не сүйікті ісіңізге көңіл бөліңіз. Кеңседе, компьютер алдында отыру уақытының шегі болуға тиіс. Әсіресе, омыртқа не көз жанарыңыз мазалап жүрсе...


Таразы

Бір кездері бас тартқан жобаларды қайта қолға алсаңыз, осы аптада табыс пен жеңіс әкеледі. Бұрын қызығушылық танытпаған болсаңыз, енді ол сіз үшін қызық та маңызды жобаға айналады. Қалтаңызды да едәуір қалыңдатады.

Ілгеріректе тіл табыспай, ренжіскен жандармен татуласудың да дер шағы. Сіз ешқандай күш салмай-ақ қойыңыз, жағдайдың өзі татуласуға алып келеді. Тек қарсылық танытпасаңыз болғаны.

Аяқ астынан басқа қалаға іссапарға шығуыңыз мүмкін.


Сарышаян

Бұл аптада үй шаруашылығына деген ерекше шабытыңыз оянады. Бәрін бір реттеп, тәртіп орнатуды қалайсыз. Бұл сіздің қолыңыздан келеді де, іске кірісіңіз. Үйге арналған керек-жарақтарды сатып алыңыз, жиһаздардың орнын өз қалауыңызға қарай ауыстырыңыз. Бір уақыт жақындарыңыз жайлы да ойлап қойыңыз. Сіздер назардан тыс қалдырған бір туысыңыз көмек не көңіл бөлуіңізге мұқтаж.


Мерген

Қуана беріңіз, бұл аптада қандай жағдайды болмасын өз пайдаңызға шешудің шеберісіз. Салдарынан өзіңізге тым сенімді болып не аздап атаққұмарлыққа салынуыңыз мүмкін. Бірақ, мұндай мінездің де пайдасы тиіп қалады кейде. Тек асыра сілтеп жібермесеңіз болғаны.

Көптен ойға алып жүрген салаға қаржы салсаңыз, едәуір кіріске кенелесіз. Дәл қазір сіз үшін барлық жол ашық. Кез келгеніне нық сеніммен қадам басыңыз.


Тауешкі

Жеке өміріңізде де, қызметте де көптеген маңызды оқиғалар орын алады. Бас айналдырарлық жеңіс пен жетістікке жетесіз. Тек олардың буына мастанып, тура жолдан таймауға тырысыңыз.

Тез арада шешім қабылдауды қажет ететін мәселелер де туындайды. «Жеті рет өлшеп, бір рет кесуге» уақыт жоқ. Мұндай сәттерде асып-сасып, абдырамағаныңыз абзал. Сонда дұрыс шешімді табасыз.


Суқұйғыш

Бұл апта сізге жеңіл де жылдам, білінбей өтіп кеткендей болады. Қызықты оқиғалар мен жағымды жайлардың әсерінен күрделі мәселелерді қалай оңай шешіп тастағаныңызды да білмей қаласыз. Әйткенмен, сақ болмасаңыз, оның зияны тиіп кетуі де мүмкін. Әсіресе, аяқсыз қалған шаруалар мен байқалмай кеткен қателер көп болса.


Балықтар

Көптен шешімі табылмай келе жатқан шаруашылық және жеке мүліктерге қатысты шаруаларыңыз осы аптада оңтайлы шешімін табады. Ықпалды, лауазымды таныстарыңыз қаржылай қолдау көрсетеді. Жұлдыздардың тағы бір тосары — іссапарлар, келіссөздер мен семинарлар.

Аударған: А.Бектұрғанова,

ERNUR.KZ

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет