​5-11 қараша: жұлдыз жорамалыңызды әлі оқымадыңыз ба?

0
4 144

Астрологтардың осы аптаға жасаған болжамын әлі оқып үлгермедіңіз бе? Ендеше, алыстан іздеудің қажеті жоқ. Суреттің үстін бассаңыз болғаны...


​5-11 қараша: жұлдыз жорамалыңызды әлі оқымадыңыз ба?

Фото: brickunderground.com


Тоқты

Сізді қауырт істерге толы қызу апта күтіп тұр. Әйткенмен, еш алаң болмай, маңызды, күрделі шаруаларды батыл түрде қолға ала беріңіз. Бұрын байқалмаған қарқындылық пен жаңа қырларыңыз бой көрсетеді.


Торпақ

Бұл аптада сізге қарай көлемді қаржы бағытталған. Жұмыс барысында мансап не жалақыңыздың жоғарылауы мүмкін. Бірақ ол үшін күресуге тура келеді. Немесе бұл қаржы ескіден келе жатқан қарызыңыздың қайтуы болуы да ықтимал. Қалай болғанда да, бұл қаражатқа көптен армандап жүрген затыңызды сатып алып қойыңыз.


Егіздер

Апта бойы шаруалармен анда-мұнда жүгірумен боласыз. Әйткенмен, көңіл-күйіңіз көтеріңкі. Жағдай күрт өзгеріп, тез арада шешім қабылдауға тура келуі ықтимал.

Төлем не сауда-саттық жасау кезінде мұқият болыңыз. Маңызды бір нәрседен қателесіп не естен шығаруыңыз мүмкін.


Шаян

Апта бойы мінез-құлқыңызда өзіңізге тым сенімділік, қырсықтық басым болады. Сондықтан, бұл күндері ешкімді ренжітіп алғыңыз келмесе, көбірек оңаша болғаныңыз жөн.

Демалыс күндерін де у-шусыз тыныш жерде, дос-туыстардан оқшау өткізіңіз. Өзіңіз үшін де, олар үшін де дұрысы осы болмақ.


Арыстан

Осы жетіде қандай да бір жұмбақтың, толғандырған сұрақтың жауабы табылады. Немесе, сіз үшін құпия болып келген жайттың беті ашылады.

Алдағы уақытқа құрған жоспарларыңызға өз ықтиярыңыздан тыс өзгеріс енуі мүмкін. Бірақ, алаң болмаңыз әрі қарсылық танытпаңыз, бұл сізге пайдалырақ болмаса, зияны тимейді.


Бикеш

Бұл аптада айналаңызды жарқын идеяңызбен немесе жаңа шаш не киім үлгісімен таңдандырасыз. Осының арқасында сізге деген қызығушылық пен назар арта түседі. Апта бойы ешқандай жағымсыз тосынсый орын алмайды. Бәрі өз ойлағаныңыздай, жоспарлағаныңыздай өтеді. Тек, шығыныңызды бұрынғыға қарағанда жіті қадағаласаңыз болғаны.


Таразы

Бұл жеті сіз үшін жеке шаруаларды шешуге, туыстармен бас қосуға оңтайлы апта. Бұл көңіл-күйіңізді керемет көтереді.

Дегенмен, көпшілік ортада болғанда айналаңызға жіті назар сала жүріңіз. Жаңа таныстық, жаңа қарым-қатынас құру кезінде абай болыңыз. Сізге ұнамсыз не зияны тиетін жанмен жолыңыз түйісуі мүмкін.


Сарышаян

Бұл аптада сізді мазалайтын сұрақтардың дені материалдық не мүліктік мәселелер болады. Әйткенмен, мазаңыз қашпасын, апта соңына қарай оң шешімін табасыз. Арманыңызщға қол жеткізу үшін тәуекелге бас тігіп, алғашқы қадамды жасау керектігі үнемі есіңізде жүрсін. Қазір бәрі өз қолыңызда. Тоқтатып, кейінге шегересіз бен, әлде қадамдар жасап, арманыңызды өзіңізге бір табан жақындата түсесіз бе...


Мерген

Бұл аптада қоғамдық іс-шараларға көбірек көңіл бөлесіз. Салдарынан жеке өмірге уақыт жеткізе алмауыңыз мүмкін. Біреу өз басындағы мәселесі мен шаруасын айтып шағымданып, мазаңызды қашырады.

Алдағы күндерде көп көмегі тиетін маңызды тұлғалармен жолыңыз түйісіп, біршама жайттарға қанық боласыз. Бірақ, бұл жайлы көп ешкімге айта бермегеніңіз жөн. Әсіресе, сыртымнан сөз етеді-ау деп күдікпен қарайтын жандарға.


Тауешкі

Бұл аптада сізге маңызды және қажетті деп тапқан шаруаларға бар назарыңызды аудару қиынға соғады. Сондықтан, аздап қарқыныңызды басып, жан-жаты ойланып, жағдайды саралап алған дұрыс. Бәрінен бұрын, өзіңізді, денсаулығыңызды күтуге көбірек уақыт пен көңіл бөліңіз.


Суқұйғыш

Сізде ешқандай шиеленіс пен мәселемен мазаламайтын жайлы апта басталды. Сүйікті іспен айналысуға не өмірдің рахатын сезінуге әдеттегіден көбірек уақыт бөлуге мүмкіндігіңіз бар. Қызықты іс-шараларға, айталық, сауық кеші, көрме не қойылымдарға шақырту алсаңыз, бас тартпаңыз. Онда сізді жақын достар мен қуаныш сыйлайтын жаңа таныстықтар күтіп тұр.


Балықтар

Бұл жеті бұрыннан келе жатқан мәселелерді, қызметтік сұрақтарды шешуге оңтайлы күндер. Ықпалды таныстарыңыздың не әлеуметтік рөліңіздің арқасында қалағаныңызды ала аласыз. Қай есікті қақсаңыз да, айқара ашылады. Алдыңыздан тек игі ниетті, көмектесуге әзір адамдар шығады.

Аударған: А. Мейірханқызы

ERNUR.KZ