​Апталық жұлдызнама: 2-8 сәуір

0
1 779

Бұл аптада сезімнің емес, ақылдың жетегіне көбірек еруге тырысыңыз. Дүйсенбіде қаржы мәселесіне баса көңіл бөліңіз, тиімді салымдар жолын қарастырыңыз, финанс жағдайын көтеретін сәтті жоба жолығу мүмкіндігі жоғары.


​Апталық жұлдызнама: 2-8 сәуір

Фото http: sm-club.info

Тоқты

Бұл аптада сезімнің емес, ақылдың жетегіне көбірек еруге тырысыңыз. Дүйсенбіде қаржы мәселесіне баса көңіл бөліңіз, тиімді салымдар жолын қарастырыңыз, финанс жағдайын көтеретін сәтті жоба жолығу мүмкіндігі жоғары. Сейсенбі болса іскерлік кездесу, серіктестермен, ықпалды таныстармен алдағы күндерге жоспар құруға сәтті күн. Ал, демалыс күндерін саяхатта, тым болмағанда, табиғат аясында өткізсеңіз жемісті болмақ.

Торпақ

Өзгелердің жүгін мойныңызға ала бермеңіз, бұл аптада өзіңізге де түсер салмақ аз емес. Сейсенбіде басшылық тарапынан күтпеген тексерістер орын алады, қарамағыңыздағы қызметкерлер мен өз ісіңізге мықты болыңыз. Өзіңізді жақсы жағынан көрсете алсаңыз, басшылық қызметке деген ынтаңызды жоғары бағалайды. Мүмкіндікті пайдаланып қаржылай сыйақыға қарсы болмайтыныңызды сыпайы жеткізе біліңіз. Бейсенбіде жұмыс орныңызда көп іс күтпейді, дегенмен, бұл уақытты босқа өткізбей, шығармашылық не сүйікті ісіңізбен айналысыңыз. Демалыс күндерін отбасыңызбен бірге өткізуге тырысыңыз.

Егіздер

Сіздің жағдайыңызда сәуірдің алғашқы аптасы жалт бұрылыс, тосын өзгерістер үшін емес. Апта бойында ештеңені өзгетуге тырыспаңыз. Есесіне, өткен-кеткенді ой елегінен өткізіп, болашаққа жоспар құруға ыңғайлы уақыт. Сейсенбі күні күтпеген тосын сый келеді. Ол ақшалай болуы да мүмкін. Ал, сәрсенбі жаңа іскерлік кездесулер мен таныстықтар сыйлайды. Демалыс күндерге ешқандай қыдырыс жоспарламағаныңыз жөн. Қонақ күтуге әзірлене беріңіз.

Шаян

Бұл апта сіз үшін өте жағымды болады. Қызметтегі келіспеушілік, үйдегі келеңсіздік — бәрі артта қалады. Сондықтан, ойыңызды да, бойыңызды да босаңсыта беруге болады.

Ішкі түйсігіңіздің үнін тыңдаңыз. Әсіресе, сәрсенбіде. Қаржылай мәселе туындай қалса, жақын достарыңызға жүгініңіз, бұл аптада ең жақсы көмекшілеріңіз солар болмақ. Шақырған жерден қалмасаңыз, сенбі тосын сыйларға толы болмақ.

Арыстан

Қуаныңыз, алдағы аптада сіздің арбаңызды сәттілік сүйрейтін болады. Бірақ, сәттіліктің соңынан еріп келем деп еш алаңсыз адымдай бермей, айналаңыздағы белгілерді де аңдай жүріңіз. Тағдыр сізге көптеген белгілер жібереді, оларды сезіп, ұғыну үшін түйсіктің көмегіне жүгініңіз. Сейсенбіде басшылық маңызды да жауапты тапсырмалардың астында қалдырады. Бұл сізден зор үміт күтетіндігінен, сенімдерін ақтауға барынша күш салыңыз. Қаржыға қатысты мәселелерді шешуге ең қолайлы күн — бейсенбі. Айналаңызда алаяқтар пайда болуы үмкін, сондықтан тәуекелді қажет ететін және күмәнді істерден іргеңізді аулақ салыңыз. Аптадағы сіз үшін ең сәтті күн — сенбі. Бұл күнді өзіңізге арнап, нағыз «демалыс» ұйымдастырыңыз.

Бикеш

Өзіңізге еркіндік пен еркелік құқығын көбірек беріңіз, сонда апта күндері көңілді әрі жарқын өтеді. Әлбетте, қызметтегі міндеттеріңізден құтылып кетуге мүмкіндік жоқ, дегенмен, бұл аптада оларды «ойнап жүріп» оңай орындайсыз. Сәрсенбіде серіктестік турасында қызықты ұсыныс түседі. Қаржылық «қозғалыстар» үшін бейсенбі ең ыңғайлы күн. Сенбі-жексенбіні кішкентай туыстарға, ал отбасылы Бикештер ұл-қызына арнағаны дұрыс.

Таразы

Бұл аптада әбігерге салынбауға барынша тырысыңыз. Ырымшылдығыңызды да кейінге ысырыңыз. Егер не болса соған күйгелектенгенді қойсаңыз, апта сәтті өтеді. Қаржылық мәселелерді шешуде біреуден көмек сұраңыз, туыс не тәжірибелі әріптестің қолдауы қажет-ақ. Бейсенбіде басшылықтың «билікшілдігі» салдарынан қиындықтар туындайды. Сабырлылық танытыңыз, билік жүйесін жалғыз бұза алмайсыз.

Сарышаян

Қарқыныңызды бәсеңсітіп, айналаны барлауды үйреніңіз, бұл аптада жылдамдық пен қарқын емес, жинақылық пен тәртіп жоғары бағаланады. Кәсіби жолда өзгерістер күтіп тұр, ол мансап сатысындағы өрлеу не сыйақы мөлшерінің артуы болуы мүмкін. Сейсенбі мен сәрсенбіде қызметтік тексеру келеді. Әрине, сіздің жасырып-жабатын ештеңеңіз жоқ, дегенмен, сақтық артық болмайды. Бейсенбіде бәсекелестеріңіз тым белсенді, алайда олардан сескенбей, керісінше, қарым-қатынас орнатып, ортақ келісімге келуге тырысыңыз. Демалыс күндері айналаңыздағы «картинаны» өзгертіп, табиғат аясына сейілге шықсаңыз, көптеген жағымды әсерлер аласыз.

Мерген

Бұл аптада тапқырлық сіздің екінші атыңызға айналады. Дүйсенбіде күрмеуі қиын қызметтік мәселелердің шешімін оңай табасыз. Ал, сейсенбіде идеяларыңызды әріптестер мен жаңа серіктестерге жеткізу, түсіндіру, оларды сендіру оңай. Алайда, бейсенбі аздап қиындық тудырады, әсіресе, қаржы саласында. Тиімді әрі қызықтыратын ұсыныстар көптеп түседі. Бұл жақсы, дегенмен, олардың қайсысының сенімді екенін анықтау мен таңдау жасау қиынға соғады.

Тауешкі

Бұл аптада табандылық пен қыңырлық қасиеттеріңіз белсенділік танытып, соның арқасында көптен келе жатқан және күрделі мәселелердің шешімін табасыз. Жұлдыздар сізге жұмысқа барынша беріліп кетпей, демалыс пен отбасыңызға да уақыт бөлуге кеңес береді. Сәрсенбіде жақын достарыңыздың бірі сіздің көмегіңізге мұүқтаж болады. Ал, бейсенбі көп мүмкіндіктер сыйлайтын кездесулер мен таныстықтарға бай. Сенбіде үй шаруасына, тұрмыстық түйкілдерге көбірек көңіл бөліңіз. Ойын-сауыққа жексенбіде де үлгересіз.

Суқұйғыш

«Әріптестеріңізбен ілініспеңіз, басшылықты сынамаңыз» — жұлдызшылардың берер осы кеңесіне құлақ ассаңыз, алдағы аптаны көңілді әрі жағымды өткізесіз. Дүйсенбіде көшбасшы бейнесінде көрініп, кейінгілерге үлгі боласыз. Бірақ, дандайсып кетпей, әріптестер пікірі мен кеңесіне де құлақ түріңіз. Сәрсенбіде мейлінше ымырашыл болыңыз, бұл күні іскерлік серіктестеріңіз қыңыр-қисық мінезін көрсетеді. Жексенбілік демалысты отбасыңыздың үлкен-кіші мүшелерімен бірге өткізуге тырысыңыз.

Балықтар

Жаңа әсерлер мен тәжірибелерге ашық болыңыз – айдың алғашқы аптасы «жаңашылдық» үшін өте жайлы. Дүйсенбіде біліктілікті арттыру курсы күтіп тұр. Ал, сәрсенбіде семинар не тренингке қатысыңыз. Қаржы мәселелерін шешуді жұмаға қалдырыңыз. Апта идеяларыңызды жүрезе асыруға сәтті, алайда, тәуекелге бару мен сізге барынша жақсы болып көрінуге тырысқан бейтаныстардан сақ болыңыз. Демалыс күндеріне қайырымдылық шараларын жоспарлаған жөн.

Дайындаған: А.Мейірханқызы

ERNUR.KZ

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет