БІР ғана ӘРЕКЕТ жасау арқылы әр күніңізді СӘТТІ етуге болады

0
4 803

Керегі - өте оңай бір ғана қадам.


БІР ғана ӘРЕКЕТ жасау арқылы әр күніңізді СӘТТІ етуге болады


Сәрсенбіні «сәтті күн» дейміз. Шындығында, аптаның әр күні сәтті. Тек, жолыңызды болдырудың жолдарын білсеңіз болғаны. «Қалай?» дейтініңіз белгілі. Ендеше, былай...


Дүйсенбіде Ай қуатын қолданыңыз

Сәрсенбі ғана емес, дүйсенбі туралы да өзіміз қалыптастырған сипаттама бар – «ауыр күн». Ақиқатында, аптаның алғашқы күнін ауырлататын – өз әрекетіміз, яғни, Айдың әсерін ескермеуіміз, оның қуатын дұрыс қолданбауымыз.

Дүйсенбіні жақсы да сәтті өткізгіңіз келсе, бұл күні ешкімнен ештеңе талап етпеңіз, ешкімді сынамаңыз, қулыққа жүгінбеңіз. Отбасыңызбен бірге болуға тырысыңыз, өйткені, бұл күн қарым-қатынасты одан әрі жақсартуға, сауда-саттық жасауға және тұрмыстық түйткілдерді шешуге оңтайлы. Бұл күні адамдар айрықша сезімтал. Тіпті, ең қатыгез деген адамның өзі дүйсенбіде аздап жұмсарады. Сондықтан, біреуден бірдеңе өтінгіңіз келсе, сезім пернелерін басып, аяушылығын тудырыңыз. Өтініш пен қалауыңыз жерде қалмайды.

Қорыта айтқанда, дүйсенбіде Айдың қуатын дұрыс қолданып, айналаңызға, адамдарға ықылас аударып, қамқорлық танытсаңыз, өз тарапыңызға да сондай жауап аласыз және сәттіліктің келуіне жол ашасыз.


Сейсенбіде тәуекелден қорықпаңыз

Сейсенбінің «қодаушысы» – Марс. Бұл ғаламшар адамдарды қызықты оқиға мен жаңа әсерлер іздеуге, ойсыз әрекеттер жасауға, тура сөйлеуге және тік мінез танытуға итермелейді. Бірақ сіз оның жетегіне ермеңіз. Адуынды қарқын агрессияға ұласпауы үшін эмоцияңызды басқарыңыз, конфликті айналып өтуге тырысыңыз. Марс – инстинктің, жылдамдық пен құлшныстың ғаламшары болғандықтан, сейсенбіде ойға келген идеяны бірден іске асыруға асықсаңыз, тәуекелге бас тіксеңіз, сәттілік өзі септеседі. Бойыңыздан қажетті батылдық пен тез шешім қабылдау қасиетін тапсаңыз болғаны.


Сәрсенбіде білім алуға ұмтылыңыз

Сәрсенбінің «сүйеушісі» – Меркурий. Оның қуаты жеңіл де жұғымды. Бұл күні адамдар көңілді, жылдам да епті және ақыл-ойы ширақ. Білім алушылар ақпаратты оңай қабылдайды, ойды жеткізу жеңіл, сату, жазу, жасау – қысқасы, барлық істің атқарылуы қиындық туғызбайды. Басқа күндерден ерекшелеп «сәтті күн» санайтынымыз содан.

Дәл осы күні сауда-саттыққа, қаржыға және жеке кәсіпке қатысты істердің бәрі оңтайлы шешіліп, табысқа кенелтеді. Іскерлік келіссөздер мен күрмеулі мәселелердің шешімі де оңай табылады.

Сәрсенбіні білім алуға, біліктілікті арттыруға және адамдармен қарым-қатынасқа жұмсағандар көп нәрсе ұтады. Аталған күннің сәтт өтуінің ең үлкен құпиясы да осында.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Досыңыз СЫР САҚТАЙ ала ма - жауабын жұлдызды жорамалынан біліңіз


Бейсенбіде көпшілікпен бірге болыңыз

Астрологтар ең сәтті күн деп санайтын бейсенбінің «қожайыны» – Юпитер. Ғаламшар ұжым болып тізе қоса еңбектенгендердің, әлеуметтің игілігі үшін іс атқарғандардың, келіссөз жүргізушілердің жолы мен жүгін жеңілдетеді. Бүкіл ұжымның қамы үшін айтар талап-тілегіңіз болса, басшылыққа осы күні кіріңіз. Көпшіліктің қамын жеу, кәсібилік, біліктілік, іскерлік қырларыңызды көрсету – күннің сәтті өтуінің кепілі.

Бейсенбіде туған кикіліңдер тез өршиді. Сондықтан, бұл күні конфликтен аулақ болған абзал.


Жұмада әлемді әдемілеуге тырысыңыз

Бұл күннің «жебеушісі» – Венера. Ол адам бойында гармония мен жарасым іздеу, түсіністікке ұмтылу, айналадағы кереметтерді білу сынды қасиеттерді оятады. Сондықтан, жұма – көңіл көтеру, қайырымдылықпен айналысу, тынығу, сезімдерді білдіруге оңтайлы күн.

Бұл күні ерлер нәзік жандыларға ерекше көңіл бөліп, қамқорлық танытқандары жөн. Әрбір жан айналасындағы әлемді әдемілеуге тырыссын. Жылы сөзімен, әдебімен, шығармашылықпен, т.с.с. Кім өзгелерге жақсы әсер сыйласа, сол адамға Венера сәттілік сыйлайды.


Сенбіде ренжіткен кісіден кешірім сұраңыз

Жұлдызшылар бұл күнді ауыр дейтін көрінеді. Сенбінің «сүйенері» – Сатурн. Ал оның қуаты – қатқыл әрі шектеуші. Ғаламшар кертартпа, сыншы, ол тағдырды және қарызды бейнелейді. Сол себептен бұл күні мәселелер мен уайымдарыңызды айтпаңыз, ойламаңыз да. Қажеттіліктер мен қалауларыңызды аздап шектей тұрыңыз. Кәсіп арбасын алға сүйремеңіз, қаржылай ауыт-түйіс жасамаңыз, жеңіліс пен жоғалтуға ұрынуыңыз мүмкін. «Сонда сәттілігі қайда?» дерсіз. Айтайын. Ол сіздің өзгелерге жақсылық жасауыңыздың, ренжіткен адамнан кешірім сұрауыңыздың астарында жасырынған. Осындай әрекет жасадыңыз екен, алдыңыздан атып шығады.


Жексенбіде табиғат аясында бой жазыңыз

Жексенбі – Күннің билігіндегі күн. Ол адамзатқа махаббат, бақыт, қуаныш және шығармашылық шабыт қуатын сыйлайды. Рухани баю жолында, баға жетпес адами құндылықтардың қадірін білуге мүмкіндік беретін тәулік. Бұл күні бос отырмай, сурет галереясына, мұражайға барыңыз. Тіпті болмаса табиғат аясына шығып бой жазыңыз. Осы арқылы бойыңыздағы Күн қуатын одан әрі арттыра түсесіз. Сәттіліктің кілті де осында.

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ