Бірдей сандар көзіңізге жиі түсе ме? Мағынасына назар аударыңыз

0
4 569

Олар белгі не ескерту болуы мүмкін.


Бірдей сандар көзіңізге жиі түсе ме? Мағынасына назар аударыңыз

Айналамыздан бір цифрға қайта-қайта көз түсіп немесе бірдей сандарды көріп қалатын кездер болып тұрады. Сондайда мұның сізге берілген белгі, ескерту болуы мүмкін екенін ұмытпаңыз. Бірден мән-мағынасын білуге асығыңыз. Қажет кезде қайта айналып келіп оқи алуыңыз үшін осы ақпарат осында сақталады.


1, 11 және 111

Жақын арада біразден бері армандап жүрген нәрсеңіз бұйырғалы тұр. Бірақ ол үшін миыңызда қалыптасқан кереғар, керітартпа қағидаттардан арылуыңыз қажет. Мәселен, «Өмірде ғажайыптар болмайды», «Жақсы нәрсеге қол жеткізу үшін тер төгіп еңбектену керек» дегендей. Оған қоса, ой-санаңызды үнемі таза ұстаңыз. Негатив ойламаңыз, тек жақсы нәрселер, нені қалайсыз, аңсайсыз, армандайсыз – солар жайлы ойлаңыз. Біреуі болмаса біреуі міндетті түрде орындалады.


2, 22 және 222

Екіліктер – жақсы жаққа қарай өзгеріс болатынының белгісі. Бірақ, өзгеріс бірден келмейді, біраз уақыт қажет болуы мүмкін. Бастаған ісіңізді жалғастыра беріңіз, сіз дұрыс жолдасыз.


3, 33 және 333

Үштіктер сізге «Дұрыс жолмен келе жатырсыз» деп айту, сенімділік сыйлау үшін жіберіледі. Сіз ешқандай белгінің, ақыл-кеңестің көмегінсіз, жүрек қалауы мен сана, түйсіктің айтқанын тыңдау арқылы өте дұрыс шешім қабылдаудасыз. Өміріңіз толықтай үйлесім мен тепе-теңдік жағдайында тұр. Дәл осы қалыптан ауытқымай, барынша сақтап қалуға күш салыңыз. Сандар осыны айтуға асығады.


4, 44 және 444

Төрттіктер «Өмірлік мақсатыңызды жоғалтып алдыңыз» дейді. Мүмкін дәл қазір құндылықтарыңызды анықтай алмай, мақсаттарыңыз айқындалмай, терең ой үстінде жүрген боларсыз. Сан сұраққа жауап таппай сарсаңға түссеңіз, әлем сізге қолдауын осы төрттіктер арқылы білдіреді. «Еңсеңізді түсірмеңіз, өзіңізге кішкене демалыс беріңіз, уайымнан арылыңыз, көп ұзамай бәрі өз орнына келеді» дегісі келеді. Тіршілік түйткілдерін, қаржылық мәселелерді ары ысыра тұрып, рухани дамуға күш салыңыз.


5, 55 және 555

Дәл қазір өміріңізде көңілге үрей ұялататын, кедергісін келтіретін жайттар орын алып жатыр ма? Бестіктер сізге оның бәрін өзіңізді шыңдауға, қиындықты жеңу арқылы жаңа сатыға көтерілуге берілген мүмкіндік деп қабылдауды кеңес етеді. Негативті ойларды кері ысырып тастаңыз, ішкі күшіңізге сеніңіз. Сонда рухани жағынан өсесіз, қара жолақтар жойылады, өміріңізде оң өзгерістерге жол ашылады.


6, 66 және 666

Алты санының бірнеше рет қайталануы немесе қатарласып келуі – әлемнің дәл қазір сіздің жағыңызда екенінің, жақын арада жағымды жаңалықтар болатынының белгісі. Соңғы уақыттағы әрекеттеріңіз бен сөздеріңіз, шешімдеріңіз мақтауға лайық болды, ары қарай да адамгершілік, адалдық сияқты жағымды қасиеттердің жетегінде болсаңыз, жақын арада соның өтемі болады.


7, 77 және 777

Жетіліктің о бастан сәтті сан екені белгілі. Біреуі көзіңізге түсе берсе не бірнешеуі қатар келсе, бұл бір жақсылықтың нышаны, жақсы хабардың белгісі деп біліңіз. Көп жағдайда рухани даму, өсу жолына түскен, қайырымдылықпен айналысуға ниетті жандарға «Бәрі дұрыс, осы бағыттан тайма» деген хабарламаны жеткізу үшін қызмет етеді.


8, 88 және 888

Сегіздіктерді жіберу арқылы ғалам сізге таңдаған бағытыңыздың бұрыс екенін, қабылдаған шешіміңіздің оң болмағанын білдіргісі келеді. Яғни, осыған дейін өзіңіз аңғармастан бір нәрсені дұрыс жасамадыңыз, шалыс бастыңыз, тура жолдан тайқыдыңыз деген сөз. Соңғы уақыттағы іс-әрекеттеріңіз бен сөздеріңізді қайта ой елегінен өткізіңіз. «Осыным дұрыс болмады-ау» дейтіндері болса, мүмкіндігінше түзетуге, орнын толтыруға тырысыңыз.


9, 99 және 999

Сабырлы, шыдамды болыңыз. Дәл қазір қалағаныңызға қол жеткізу мүмкін емес, кішкене күте тұруға тура келеді. Тоғыздықтар сізге осыны ұқтыру мақсатында көз алдыңызда көлбеңдеп жүр. Қайтсем де жетем деп, басыңызды тауға да, тасқа да ұра бермеңіз, күшіңізді сақтап, қолайлы сәтті күтіңіз.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Жазғы жөндеу жұмыстары: кім ЕПТІ, кімге шебер жалдау керек?