Блогер болу қолыңыздан келе ме?

0
6 858

Блогер болғыңыз келсе, алдымен "Бола аламын ба?" деген сұраққа жауап іздеңіз.


Блогер болу қолыңыздан келе ме?

фото: S-kuranty.ru

Блогерлік – сәнді де құрметті мамандықтардың бірі болып қалыптасып үлгерген. Көп адамдар блогер болу оңай деп ойлайды. Әр жазбаның астарында үлкен еңбек пен үздіксіз ізденіс жататынын ескермейтіндер де, білмейтіндер де бар. Содан да болар, түрлі желі платформасында өзін блогер санайтындар, блогер болғысы келетіндер қаптады. Әйткенмен, блог жүргізу – екінің бірінің қолынан келе бермейтін еңбек. Сондықтан, осы іспен айналысуға бел шешіп отырсаңыз, белсеніп кіріспес бұрын «Бола аламын ба? Қандай блогер боламын?» деген сұраққа жауап беріңіз. Өзіңізге қиынға түссе, жауабын жұлдызнамадан білуге болады.


Тоқты

Көңілі де, пейілі де кең, әзілқой Тоқтылар конкурс, эстафета сындылардың қасынан үнсіз өтпейді. Өзі ұйымдастырғанды да ұнатады. Ал, мұндай жандардың айналасына адамның көп жиналатыны белгілі. Сондай-ақ, олар блогын бірінші орынға қойып, оқырмандарын құрмет тұтады. Көпшілік ішінде дараланып, өз ерекшелігін көрсете біледі. Осы қасиеттерінің арқасында Тоқты-блогерлердің оқырман саны көп болып, атағы алысқа тарайды. Алайда, блог жүргізуді кәсіпке айналдырып, ақша табуды ұмытып кете береді. Көбінде тегін кеңестер тарқатады.


Торпақ

Межелеген мақсатқа жетпей тынбайтын Торпақтар «блогер болам» деп талпынса, болмай қоймайды. Қандай тақырыпта сөз қозғаса да, бар білгені мен жанын салып жазады. Нәтижесінде қараушылар саны өзі болжағаннан да асып түседі. Іскер де алғыр белгі иелеріне танымал блогерлермен байланыс орнатып, сол арқылы өзінікін де дамыту қиынға түспейді. Бір ғана емес, бірнеше блогтың жүгін алып жүру де олар үшін аса ауыр емес.


Егіздер

Олардың бойында екі түрлі блогер жасырынғандықтан, екіұдайылық үнемі сезіліп тұрады. Атауын, басты суретті, дизайнды, хостингті жиі ауыстыру, тіптен, басқа доменге көшіп кету де Егіздер-блогердің үйреншікті әдеті. Тап бір біреуден жасырынып не жаңа бағыт бастайын деп жүргендей. Мұның бәрі ішіндегі екі түрлі пікірдегі блогерлердің тайталасы әсерінен.

Тұрақтылық пен шыдамдылық жетіспеушілігінің салдарынан оқырманын арттырудың орнына, азайтып алып жатады.


Шаян

Қиялға берілгіш, әсершіл, сезімтал Шаяндарға блоггер болу – қиынның қиыны. Кез келген комментарий, зілсіз әзілдің өзі көңіліне қаяу түсіруі мүмкін. Кек сақтағыш әрі есе қайтарғыш олар көңіліне жақпаған пікір иесін тыныш қалдырмайды. Желі арқылы «жебе атудың» жолын табады. Мұндай ниет пен іс-әрекетті ешқандай оқырман құптамайды. Сол себептен де қолдаушылары көп блоггер болуы екіталай.


Арыстан

Олар барлық рейтингтің басында болуды көздейді. Бойында ұяңдық пен ұялшақтық жоқ, сондықтан, атын шығарып, блогын танымал ету жолында ештеңеден тайынбайды. Сөзін өтімді де сенімді етіп жаза алатындықтан, оқырман саны аз болса да, жарнамасының құны жоғары әрі тапсырыс та көп түседі. Сәйкесінше, табыстың да мол болары анық. Қай бағытты таңдаса да, сол салада абыройға ие болып, алдыңғы қатарлы блогерлер легінен орын алады.


Бикеш

Табиғаттан берілетін байсалдылық, өзін-өзі ұстай алу және жақсы жағынан көрсете білу қасиеттері Бикештерге блог жүргізу ісінде көп көмектеседі. Оқырман жинау және олардың көңілінен ойып тұрып орын алу үшін артық тыраштанудың керегі жоқ. Минимализмді ұстанған ұқыпты дизайн, әзілмен астастырылған ащы шындық, көптің көкейіндегіні көркем тілмен жеткізген жазбалар, сапалы да жанды суреттер – осының бәрі оқырманды магнитше тартады әрі блог иесіне деген құрметін қалыптастырады.


Оқи отырыңыз:

БІР ғана ӘРЕКЕТ жасау арқылы әр күніңізді СӘТТІ етуге болады


Таразы

Үнемі айналасына жылу мен жақсылық таратуға құштар Таразы-блогерлер ТОП тізіміне жиі шығады. Бұл саладағы жетістігінің құпиясы – дипломаттық қабілеті, айрықша қарым-қатынас жасау мәнері. Блог бастағанда өзіне сенбегендерге, қолдау білдірмегендерге, жалпы көпшілікке өзін мойындатуды басты мақсаты етіп алады.


Сарышаян

Олардың блогы магнитше тартады, ал әр жазған посты жүректерге жетеді. Сарышаяндар өз еңбегінің, қолжазбасының бағасын жақсы біледі. Сондықтан, комментарийдегі мақтауларға семірмейді, даттауларды көңілге алмайды. Олардың ерік-жігері мықты. Блогерліктің тұрақтылық, ізденімпаздық, жаңашылдық сынды талаптарына сынбайды да, қыңбайды да. Есесіне, қандай жобаны қолға алса да, соңына дейін жетпейінше тынбайды.


Мерген

Мергендер – идеалистер. Олар үшін бәрінің жоғары деңгейде болуы маңызды. Блог мазмұнына қарағанда, статистиканы бақылауға көп уақыт пен көңіл бөледі. Көңіліндегіден төмен түссе, көңіл-күйі де түсіп кетеді. Мұндай күйден оны тек әріптестерінің қолдауы құтқара алады. Сондықтан, басқа да блогерлермен тығыз әрі достық байланыс онату маңызды.


Тауешкі

Өз жолы мен бағытын таңдап, блог бастаған Тауешкіге сәттілік алғашқы күннен серік болады. Оларға өз парақшасына адамдарды қызықтыру жолдарын іздеудің қажеті жоқ, оқырмандар өздері-ақ тартылады. Өзге блоггерлермен бақталастық, бәсекелестік дегендер Тауешкілерді мазаламайды. Керісінше, өзінен оқ бойы оза алғандарды шын мойындап, қол соғып, құрметін аямайды.


Суқұйғыш

Оларға үйреншікті текст жазып, күнделікті бір өмірді, бір істі қайталаған ұнамайды. Сондықтан да үнемі ізденісте жүріп, өзін жетілдіру үстінде болады, блогына жиі-жиі жаңа өң беріп отырады. Парақшасы сонысымен де қызық әрі тартымды, пайдалы ақпаратқа толы. Кейде жалқаулыққа жол беріп, оқырмандарына бірнеше күн бойы ештеңе ұсынбай қоюы да мүмкін. Алайда, өзін қолға алып, іске қайта кіріскенде жаңа посттар мен ақпараттарды лек-легімен беріп, бірнеше күннің есесін бірнеше сағатта-ақ қайтара алады. Міне, осындай себептерден оқырманға Суқұйғыш-блогердің қай күні жазба салатынын, қандай тақырыпта сөз қозғайтынын алдын-ала болжау қиын. Бірақ, оны бақылау қызық.


Балықтар

Қашан да моп-момақан, томаға-тұйық, өзімен-өзі жүретін Балықтар блогер болуға талпына бермейді. Болған күннің өзінде де ТОП-қа шығуды мақсат тұтпайды. Бұл ретте оларды танымал болу да, блогерлердің қомақты табысы да қызықтыра қоймайды. Сондықтан, бұл іспен айналысса, өзгелердің пікіріне құлақ аспайтын, жарнама үшін жанын салмайтын, пікір мен лайк санына тәуелді болмайтын, жай ғана жан рахаты үшін жазба қалдырып тұратын блогер болады.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ