Қай жұлдыз иесі ЕҢ ЖАҚСЫ ЕНЕ болады? Ең "ҚИЫН ЕНЕ" кім?

0
3 794

Жігіттің анасының жұлдызнамасына қарап оның қандай ене болатынын білуге болады.


Қай жұлдыз иесі ЕҢ ЖАҚСЫ ЕНЕ болады? Ең

иллюстрациялық фото: userapi.com

Жігіттер жар таңдауда "Анасын көріп, қызын ал" деген қағиданы ұстанады. Ал қыздар ше? Асылында, олар да сөз салған жігіттің анасы жайлы ақпарат жинағаны артық болмайды. Ең құрығанда, жұлдызнамасын біліп алып, қандай ене болатынын болжау.


Тоқты

Тоқты-енелер – әрдайым көңілді жүретін, ештеңеден жүрексінбейтін және тек жақсылыққа сенетін жандар. Белсенді өмір салтын қолдайды. Спортпен айналысқанды, ойын-сауық пен көңіл көтеруді, қыдыруды жаны сүйеді. Мұндай енелер ұлының таңдауына құрметпен қарайды.

Бірақ, кейде келінді өзіне бәскелес санайтыны бар. Сын мен әзілді көтере бермейді. Әсіресе, ол келіннің тарапынан айтылған болса.


Торпақ

Тыныш өмірді ұнататын, өзіне сенімді және тәуелсіз. Тірлікте де, тіршілікте де аспай-саспай, бәрін сабырмен жасағанды дұрыс көреді. Ашуға көп бой алдырмайды. Келінге онымен бірге тұру жайлы, тіл табысу оңай. Тіпті, еш шәй деспей сыйласу да мүмкін нәрсе. Тек, айтқан ақылына құлақ асып, өзін құрметтеп, жеткілікті көңіл аударып тұрса болғаны.


Егіздер

Егіздердің мінезі құбылмалы келеді. Бірде көл, бірде шөл болып отыратын ененің қай кезде қандай қылық шығаратынын, не дейтінін болжау қиын. Сондықтан, оның қолында тұру қиынға түсуі мүмкін. Әйткенмен, олар ұл-қыздары бойжетіп-ержеткеннен кейін ары қарайғы өмірлерін өз қолдарына береді. Яғни, өз қамқорлығынан, бақылауынан оңай босатады. Сондықтан, Егіздер-ененің ұлымен бас қоссаңыз, бөлек тұру мүмкіндігі басым.


Шаян

Терең ойлы, ешқашан асып-саспайтын адамдар. Ана ретінде перзенттері десе жанын беруге даяр. Соған сәйкес ұлының махаббаты мен таңдауына да құрметпен қарап, келінге қыр көрсетпейді. Жалпы, ұл мен келіннің арасына түскенді қаламайды. Тіпті, кішігірім отбасылық ұрыс болып жатса да, араласпауға тырысады. Мұндай кісілер немере үшін де үстінен құс ұшырмайтын керемет әже болады.


Арыстан

Арыстан әйелдер өзін отбасының ханшайымы санайды. Ал «ене» статусын иеленген соң, патшайым дәрежесіне көтеріледі. Келін енесін қандай болса да сыйлауға, құрақ ұшып қызмет жасауға, тіпті, қол-аяғын жерге тигізбей алып жүруге міндетті деп санайды. Бір жақсысы, бұл пікірін сыртқа көп білдіре бермейді. Яғни, келіннен ішкі қалауының бәрін талап етпейді. Арыстан-ененің тілін тауып, көңіліне жағу үшін алдына дәмді ас, астына қалың көпшік (тура да, ауыспалы да мағынада) қойып, жиі мақтап жүрсеңіз болғаны. Тек, сырттай да, көзінше де сынай көрмеңіз.


Бикеш

Тірлігі тап-тұйнақтай, тәртіпке қатал, еңбекқор және шектен тыс талапшыл Бикеш-енеге жағу қиынның қиыны. Тазалық пен тәртіпке келгенде ұсақ-түйекке дейін мән береді. Кейде тіптен мазасыз болып кетеді. Олардың осы талапшылдығы мен беймазалығына көз жұмып, төзе білгендер ғана жақсы келін болып сіңісіп кете алады.


Таразы

Өзіне тән тартымдылығы мен сүйкімі бар Таразы-енемен әңгіме-дүкен құру жанға жайлылық сыйлайды. Келіні болып, шай үстінде шүйіркелесу тіптен ғанибет. Олар әр сөздің салмағы мен әсерін жақсы біледі. Қарсы алдындағы адамға тек жақсы сөз айтып, жанын жылытуға тырысады үнемі. Бірақ, кемшіліктері де жоқ емес. Олардың қатарына өсек айтуды жақсы көретінін, мінезінің құбылмалылығын және өзгенің пікіріне тәуелділігін жатқызуға болады.


Сарышаян

Сарышаян-ене – энергетикалық вампир және түрлі айла-шарғымен шаршататын қу. Тілі ащы, әзілі өткір. Онымен тіл табысу оңай емес. Ал сөзге келу – тіптен қауіпті. Ашумен айтылған сөзді кек тұтып, байқаусызда айтылған сырды иесіне қарсы қару етіп сақтайды.


Мерген

Мерген-енелер ақылды, көңілді, сонымен қатар, тынымсыз болып келеді. Олар шаңырағына келген келіннің зиялы, білімді, қызметкер болғанын армандайды. Ал, сырт келбет жағынан өзін үнемі келінімен салыстырып жүреді. Көбіне құлақпен сүйеді. Сондықтан, мұндай енеге мақтау мен мадақ, артықшылықтары мен басымдықтарын мойындау ғана жағады.


Тауешкі

Рухты, еңбекқор, бірбеткей және батыл, сөйте тұра жаны жараланғыш, өкпешілдеу жандар. Балаларының отбасына орынсыз килікпейді, көмек сұраса, әрдайым сөзбен де, іспен де қолдау көрсетуге дайын. Тауешкі-ененің көңілін қалдырмауға тырысу керек. Бұл келіннің қолынан келмесе, кішкентай ғана өкпенің өзі ұзақ уақыттық ренішке айнала салуы ғажап емес. «Қалған көңіл – шыққан жан» дегенді жиі айтатын ененің ренішін басу оңайға түспейді.


Суқұйғыш

Қарсы пікір айту, өзінің дұрыстығын дәлелдеу, орынды-орынсыз ақыл-кеңес беру – бұлар Суқүйғыш-ененің сүйікті әдеттері. Онымен қоймай, өз ұлдарының кемшіліктерін жауып-жасырудың шебері, қандай жағдай болмасын балаларын ақтап, жақтап отырады. Ондай жанға келін болу үшін төзім темірдей, сабыр сарқылмастай болуы керек. Өзінің қиын мінезіне төтеп бергендерге көңілі көлдей, мейірімі шексіз.


Балықтар

Өте сезімтал, еркін, батыл жандар. Сонымен қатар, әр нәрсеге әуес, шығармашылық пен өнерді жаны сүйеді. Өз балалары болса да, отбасылық істеріне бас сұқпайды. Жақындарымен уақыт өткізгенді ұнатады, алайда ыңғайсыздық туғызбайын деп, қонаққа да жиі бара бермейді. Келіні көз бен көңіліне жақса, оны өз баласындай әлпештейді.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ