​Қандай сан Сізге сәттілік әкеледі?

0
811


​Қандай сан Сізге сәттілік әкеледі?

1 саны Арыстандардың игілігі үшін қызмет етеді. Нумерология бойынша бұл сан көшбасшылық, еркіндік пен жеңіс ұғымдарымен сипатталады. Сондықтан, Арыстандар әсіресе қиын-қыстау кезеңде алдынан кезіккен «1» санын белгі ретінде қабылдап, сол сәтте қайсар мінезін іске қосып, алға ұмтылса, міндетті түрде жеңіске қол жеткізеді.


2 саны Шаяндар үшін жайлы да сәтті. Ол белгі иелеріне махаббат пен қауіпсіздік әкеледі. Ал Шаяндарға бұл екеуі қашанда ауадай қажет екені белгілі. Егер оған 7 санын қосса, жағымды әсер еселене түседі. Болжамшылардың айтуынша, 27 және 72 сандары – Шаяндар үшін табыс пен жетістік коды саналады.


3 саны Тоқтылар мен Сарышаяндарға сәттілік әкеледі. Маңызды шешім қабылдау керек кезде осы санды негіз етіп алса болады. Мысалы үш қайтара ойлану, үшінші жазылған пунктке назар аудару, үшінші тапсырмадан бастап орындау деген сияқты.


4 саны Егіздер мен Бикештерге сәттілік қана емес, ең қиын деген тапсырмаларды орындауға жетерлік қажыр-қайрат, ерік-жігер сыйлайды. Сондықтан, жаңа бастамаларды, маңызды кездеулерді, басқа да өмірлік маңызы жоғары шараларды 4 санымен байланысатын даталар мен уақытқа белгілеген дұрыс. Мысалы, айдың 4, 14, 24-жұлдыздары, бейсенбі күні, сағат 16:00-ге дегендей...


5 саны – Мергендердің «бақыт саны». Ол күнделікті тұрмыстық-қолданыстағы заттарында таңбаланса (көлік, үй, телефон нөмірі, т.с.с.), шынында белгі иелеріне сәттілік шақырады. Сондай-ақ, бесжұлдыз пішінін үнемі жанында ұстап жүрсе, тіл-көзден, жамандықтан сақтандырады дейді болжамшылар.


6 санының қасиетті күшіне Торпақтар мен Таразылар арқа сүйесе болады. Әсіресе, жеке өмір, махаббатқа келгенде аталған санның жағымды әсері өте күшті. Сондықтан, сүйген адамыңызбен кездесуді, үйлену тойы сынды атаулы даталарды құрамында 6-сы бар күндерге белгілеген жөн.


7 саны Тауешкілерді көп жамандықтан қорғап, жақсылыққа жетелейді. Белгі иелерінің бойында даналықтың көзін ашып, ойшылдық қабілетін оятады. Сондықтан, тереңнен ойлануды қажет ететін күрделі мәселелерде жан-жағыңыздан жетіліктерді байқай жүріңіз. Олар міндетті түрде дұрыс бағытқа жол сілтейді.


8 – Суқұйғыштардың саны. Бойына байсалды мінез пен шығармашылық шабыт сыйлайды. Сондай-ақ, сегіздіктің бағыт беруімен басталған ісі оңынан болып, жетістікке жетелеп, ұзақ мерзімдік табысты әрі жеңісті жобаға айналады.


9 санының жағымды қуаты Балықтарға тиесілі. Сондықтан, ойға алған маңызды жоспарларды, үлкен істерді жүзеге асыруды құрамында 9 кездесетін даталарға белгілегеніңіз жөн. 1 санымен қосылса, әсер еселене түсетіндіктен, әр айдың 19-жұлдызында жасаған ісіңіз қаржылай мол табыс әкеледі.

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Қауіпті күндерді алдын ала білуге бола ма?