​Қай салада табысты бола алсыз?

0
3 530

Сіздің жұлдызнамаңыз бойынша сәйкес келетін, табыс әкелетін қандай кәсіп болуы мүмкін? Жауабын білмесеңіз, біз айтамыз. Бұл жұлдызжорамал сіздің кәсіби өміріңізге бағыт-бағдар болар деген үміттеміз. Сондай-ақ, оның ерлерге де қатысы барын ескертеміз. Сондықтан, үйдегі «нантабарыңызға» кәсіп пен қызмет таңдауға қатысты құнды кеңес бере аласыз. Өзіңізге де жол сілтей алады.


​Қай салада табысты бола алсыз?

Сіздің жұлдызнамаңыз бойынша сәйкес келетін, табыс әкелетін қандай кәсіп болуы мүмкін? Жауабын білмесеңіз, біз айтамыз. Бұл жұлдызжорамал сіздің кәсіби өміріңізге бағыт-бағдар болар деген үміттеміз. Сондай-ақ, оның ерлерге де қатысы барын ескертеміз. Сондықтан, үйдегі «нантабарыңызға» кәсіп пен қызмет таңдауға қатысты құнды кеңес бере аласыз. Өзіңізге де жол сілтей алады.

Тоқты

Тоқтылар үшін қаржы — материалдық қажеттілік қана емес, алға жетелейтін күш. Олар әрдайым алдыңғы орында болу және молшылықта өмір сүру үшін бар күшін салады. Өзгенің есебінен күн көру, біреуден сұрау дегенді мүлдем ұнатпайды.

Қолайлы кәсіп: банк ісі, қолма-қол ақшамен, құнды қағаздармен жұмыс, жол құрылысы, көлік тасымалы, оптика және оптикалық құралдар, кондитерлік өнімдер саудасы.

Қолайсыз кәсіп: жылжымайтын мүлік саласы, химиялық заттар, бояу, іш киім, ыдыс-аяқ, теңіз өнімдері мен ішек-тондар саудасы.

Торпақ

Олар «Ақша ешқашан жетпейді» деген қағидамен өмір сүреді. Басында кең сарайы, астында көлігі, алдында асы, оған қоса артық жиган-тергені — мұның бәрі оларға қашанда аз көрініп тұрады.

Қолайлы кәсіп: құрылыс саласы, риэлторлық (тұрғын үй ауыстыру не сату) фирма, дизайн, киім және зергерлік бұйымдар дизайны, шаштараз, косметикалық салон, туристік агенттік, қонақ үй бизнесі, автосервис секілді жерлерде жұмыс істесе, айы оңынан туады.

Қолайсыз кәсіп: химиялық өндіріс, кілем тоқу мен сату, медициналық құралдар мен видеоаппаратура тасымалы, күзет.

Егіздер

Олар ақшамен қалай қатынас жасау керектігін жақсы біледі. Уысына оңай олжа іліккіш. Екі адамның арасында келісім-шартқа жүріп табыс табуда, біреудің еңбекақысын өзіне аударып алуда алдына жан салмайды.

Қолайлы кәсіп: бұқаралық апарат құралдары, анықтама қызметі, байланыс, жарнама, химиялық өнеркәсіп, сән үйі, супермаркет пен киім дүкені.

Қолайсыз кәсіп: кілем тоқу мен сату, сантехника, жиһаз жөндеу, жол құрылысы.

Шаян

Шаяндарға қаржысын банкнот күйінде емес, көне бағалы бұйымдар түрінде жинау сәттілік әкеледі. Олар үшін байлық мақсат емес, мықты тірек. Отбасылық кәсіппен айналысу табысты болмақ. Мәселен, әйелдер пісірме сатып немесе жекеменшік балабақша ашуына болады. Ең бастысы, қандай іспен айналысса да, табысын отбасына әкелсе болғаны.

Қолайлы кәсіп: антиквариаттық заттар саудасы, аукцион ұйымдастыру, азық-түлік, тоңазытқыш, жұмсақ ойыншықтар өндірісі мен саудасы. Банк, ресторан, қонақ үй бизнесі де қолынан келеді. Шығармашылыққа бейім Шаяндар дизайн саласында қызмет етіп, фотограф болса, табысы артады.

Қолайсыз кәсіп: шаштараздық, ойын бизнесі, спиртті ішімдік өндіру мен тарату.

Арыстан

Олар жанының қалауын орындау үшін ақша аямайды. Сауық-сайран, қымбат киім мен көлік дегендерден тартынып қалмайды. Өзі мен ісін жарнамалауға, ықпалды адамдармен таныстықтарға көп қаражат жұмсайды.

Қолайлы кәсіп: коммерциямен айналысу, әсіресе, зергерлік бұйымдар саудасы. Автокөлік сервисі, қосалқы бөлшек саудасы, косметика, аудио және видеотехника саудасы саласын қолға алса, ісі алға басары сөзсіз.

Қолайсыз кәсіп: қару-жарақ саудасы, күзет және іздестіру қызметі, жануарлар өсіру, медицина, діни қызмет.

Бикеш

Әр адымын аңдап басатын Бикештер кіріс-шығыс сомасына да өте сақ. Саудасы қатты. Саудаласу кезінде тиын-тебен болса да ұтса, содан рахаттанады. Сондықтан, олар үшін ең жақсы жұмыс — саудамен айналысу. Бикештер өзгелер секілді болмашыдан байлық жасай алмайды. Олар үшін табысты болудың кілті — тек қана адал еңбек.

Қолайлы кәсіп: төсек жаймасы, сөмке, шабадан өндірісі мен саудасы, азық-түлік, жылжымайтын мүлік саудасы, бала күтуші мен үй қызметшісі агенттігінің жұмысын жандандырады. Сағат, жуғыш құралдар саудасымен айналысса да, кіріс көлемі қомақты болмақ. Аударма саласында бақ сынап көруіне де болады.

Қолайсыз кәсіп: аяқ киім, спиртті ішімдіктер, темекі, иіссу тарату мен алыпсату.

Таразы

Олардың табыстылық деңгейі әлеуметтік дәрежесіне тікелей байланысты. Ең дұрысы — серіктеспен жұмыс істеу. Себебі, жалғыз өзі жеке кәсіп ашса, кірісінен шығысы көп болады.

Қолайлы кәсіп: шығармашылық саласы, яғни, шоу-бизнес, визаж, жарнама, журналистика. Сондай-ақ, сағат өндірісі, зергерлік, қонақ үй бизнесі де қолынан келеді. Күзет-іздестіру, құқық қорғау, денсаулық сақтау қызметі, аспаздық та Таразыға лайық істер қатарында.

Қолайсыз кәсіп: әр Таразы өзінің қолынан не келмейтінін, қай салада аяқ алысы нашар болатынын сезеді және оны түйсігі алдамайды.

Сарышаян

Олар ақшадан ашқа жасаудың шеберлері. Өзге ешкім дәл Сарышаяндар сияқты біреудің қаржысынан табыс таба алмайтын шығар. Корпоративтік қор, сақтандыру салымы, төленбеген салық секілді ақша айналымдары Сарышаянның негізгі табыс көзі. Алайда, бұл айналымға қатты еніп кетсе, оның ұйық секілді тереңіне тартып кететінін де ұмытпаған жөн. Сақтық артық болмайды.

Қолайлы кәсіп: саясат, қауіпсіздік саласы, журналистика, банк ісі, қорғаушылық, жарнама, аяқ киім және тері бұйымдар саудасы, кір жуғыш машина, балалар жиһазы, байланыс және коммуникация құралдарын тарату.

Қолайсыз кәсіп: шаштараздық, автокөлікпен, спирттік ішімдікпен қатысы болатын кәсіптер.

Мерген

Тым ұсақ емес, бергенінің қайтарымын күтпейді, кейде тым жомарт жандар. Ақшаға тәуелді болғанда ұнатпайды.

Қолайлы кәсіп: туристік бизнес, халықаралық құқық, жазушылық, ұстаздық, медицина, сақтандыру компаниясы, байланыс және ақпарат құралдары, модельдік бизнес үшін туған жан дерсің!

Қолайсыз кәсіп: қару-жарақ саудасы, көлік, шикізатпен жұмыс.

Тауешкі

Олар ақша тапшылығының не екенін жақсы біледі. Сондықтан, қанша табысты болса да, өзгелерге ақшаға малынып жүргенін байқатпай, қарапайым болып жүреді.

Қолайлы кәсіп: тұрғын үй құрылысы мен жөндеу, автокөлік, жер саудасы, құнды қағаздармен айналысу, сантехникалық және спорттық затар саудасы, ауыл шаруашылығы, құрылыс және архитектура.

Қолайсыз кәсіп: гүл өсіру және жануарларды күтіп-баптау, өткір және үшкір, жарылғыш заттар саудасы, ойыншық сату.

Суқұйғыш

Олар жақын досқа мұқтаж. Биікке өрлегенде масайрап кетпеуден, құзға құлағанда мүжіліп кетпеуден достары ғана сақтап қала алады. Табысқа жетелер қызмет жолы прогрессивті технологиялармен байланысты.

Қолайлы кәсіп: демалыс үйін жабдықтау мен қызмет көрсету, жиһаз, басқа да ірі көлемді (құрылыс материалдары) тауар тасымалдау, ойыншық, спорт тауарлары, баспа өнімдері, музыкалық аспаптар, ауылшаруашылық өнімдері саудасы.

Қолайсыз кәсіп: құмар ойын бизнесі, банк ісі, ыдыс-аяқ пен киім саудасы.

Балықтар

Қолайлы кәсіп: баспа үйін құру, газет-журнал шығару, шетелдіктермен және шетел валютасымен жұмыс, жарнама және туристік агенттік құру, сұлулық салонын ашу. Сауда-саттық саласы бойынша электр құралдары, туризмге қажетті заттар, жылтырақ бұйымдар, жуу және тазалауға арналған құралдар саудасын дөңгелетіп алып кетеді.

Қолайсыз кәсіп: құрылыс, металлургия, автобизнес, ішімдік саудасы.