Кімдер ҰЗАҚ ӨМІР сүреді?

0
3 045

Бұл жұлдызнамада кей белгі иелері үшін көп жасаудың құпиясы да жасырынған.


Кімдер ҰЗАҚ ӨМІР сүреді?

Фото: yourfortune.in

Біреуге – ұзақ, біреуге – қысқа... Өлшеніп берілетін өмір. Жаратылыстың заңдылығы солай. Ғұмыр-қамшысының сабы қаншалықты ұзын не қысқа екенін бәрінің де білгісі келеді. Әттең, жұмыр басты пендеге ол жағы жұмбақ. Алайда, астрологтар зодиак жұлдыздарына сүйене отырып, осы сұрақтың жауабын таппақта талпыныпты. Құй сеніңіз, құй сенбеңіз, келісу-келіспеу еркі де өзіңізде, алайда олар бүй дейді:


Тоқты

Тоқтылар – ұзақ өмір сүрушілер. Олар көп жүкті көтере алады. Анау-мынау кедергілер жолынан тайдыра алмайды. Әйел болсын, ер болсын, Тоқтылардың көбісі сексеннің сеңгіріне қиналмай шығады екен. Және ол жасында ақылынан айнымай, сөзінің туралығынан таймай, осыған дейінгі ғұмырын мәнді де мағыналы сүргенін айтып масаттанып отыратын қария болатын көрінеді.


Торпақ

Торпақтар да тағдырдың еркелері. Олар үшін өмірдің әр белесі жаңа бояулар мен қызықтарға толы. Тіпті, сексеннен асқан соң да бағытын басқа жаққа бұрып, өмірін жаңа арнаға түсіруге шамасы келеді. Ғұмыр жолы жарқын да қанық бояуларға толы. Ең бастысы, дұрыс тамақтанып, сабы


Егіздер

Бұл белгі иелері арасында да ұзақ жасаушылар аз емес. Басым көпшілігі – әйел Егіздер. Өмірге оптимистік көзқараспен қарайтын, жамандықтан көрі жақсылықты көп күтетін әрі соған сенетін нәзік жанды Егіздер көбіне 85 жасқа қиналмай жетеді. Ерлері де қалыспай, 80-нің сеңгіріне шығады. Жағдайын жасап, бабын табар ұрпағы болса, ары қарайғы Алланың бұйыртқан жасын көреді.


Шаян

Әрине, бәрі бір Жаратушының қолында. Әйткенмен, астрологтар Шаяндардың тым ұзақ өмір сүрмейтінін айтады. Бұл белгі иелерінің көбіне өлшеніп берген өмірі 65-70 жас аралығынан аспайтын көрінеді. Бұған себеп – көп нәрсені жүрекке жақын қабылдап, салдарынан жүректерінің әлсіз болуында екен. Егер жастайынан жүрегіне эмоциялық және физикалық ауыр салмақ салмай, өзін күтсе, жоғарыда көрсетілген санға біршама қосылуы әбден мүмкін.


Арыстан

Бұл белгі иелерінің арасында 70-тен асатындар аз көрінеді. Олар болатынға да, болмайтынға да күйіп-пісіп жүреді, ой тұңғиығына көп сапар шегеді. Салдарынан жасы ұлғайған сайын жүрек жұмысы нашарлай береді. Ғұмыр гүлінің ерте солуының себебі де осы болады екен.


Бикеш

Олардың басым көпшілігі 85-тен асып, 90-ның тауына шығатын көрінеді. Қашан да татулықты ту етіп, достық жалауын желбіретіп жүретін жайдары мінезі, денсаулықты күту қажеттігін дер кезінде ескеріп, уақытылы қолға алатындығы, тәртіп орнатып және оған бағынатындығы – міне осы нәрселер ұзақ жасауына айтарлықтай негіз болады екен.

Бұл айда қаржылық жағдайыңыздың қандай болатыны қызық па? Ендеше, сілтемеге өту арқылы оны да біле аласыз:

Таразы

Өмірдің әр сәтінен ләззат алу, оны бағалау және есте қаларлықтай мәнді де сәнді етіп сүру үшін Таразыларға бұл жайлы жастайынан ойлауға тура келеді. Денсаулығын барынша күтіп, тіршілікте орын алып жататын түйткілдерді, жағымсыз жағдайларды алыстан айналып өтуге тырысуы қажет. Осылай еткенде ғана 80, 85 жас мерейтойларын тойлай алады.


Сарышаян

Өкінішке орай, барлық жұлдыз белгілерінің ішінде ғұмыры ең қысқа болатындар ретінде астрологтар Сарышаяндарды атапты. Олар медициналық көмекке ең аз жүгінетіндер де екен. Кімге, неге сенетіні белгісіз, бірақ, денсаулыққа салғырт қарап, күтім, ем дегендерді кейінге шегере беретін көрінеді. Егер белгі иелерін денсаулықты жас кезінен күтіп, ауырып-сырқай қалған жағдайда тиісінше емделу қажеттігіне көндіріп, осыларды жасата алса, ғұмыры да біршама ұзара түседі дейді жұлдызшылар.


Мерген

Бір жағынан Алланың өлшеп берген жасы дегенмен, екінші жағынан, ғұмырының ұзын не қысқа болуы адамның өмір сүру салтына да байланысты болады екен. Егер сыйланған өмір сүру мүмкіндігін жас кезінен бағалап, ағза мүшелерін, денсаулығын сау қалпында сақтауға тырысса, жылдарының да ұзақ та сапалы болуына үміт көп. Мергендерде де солай. Олар үшін ұзақ өмір сүрудің құпиясы – денсаулықты күтумен қоса, ішкі үйлесім, жан тыныштығын таба алуына да байланысты екен.


Тауешкі

Көп жасаушылар арасындағы лидерлердің бірі. Олар ең бастысы – дұрыс та салауатты өмір сүру екенін, кез келген созылмалы ауру түрін серік етуге болмайтынын, одан тез арада арылу қажеттігін жақсы біледі. Сол жолда еңбек ете алады да. Осының арқасында 85-90 жасқа еш қиналмай жетеді.


Бұл айда қаржылық жағдайыңыздың қандай болатыны қызық па? Ендеше, сілтемеге өту арқылы оны да біле аласыз:


Суқұйғыш

Олар үшін ең қауіпті сырқат – кәдуілгі тұмау болып табылады. Өзгелер үшін бұл жай мезгілдік жайсыздық, елеусіз ауру саналса да, Суқұйғыштардың одан айрықша сақтанғаны жөн. Егер тұмау және басқа да дерттердің меңдеуіне жол бермей, денсаулығын күтсе, ғұмыр жасы 70-тен еркін асып, тіпті, кейбірлері 80-ге жетуі мүмкін.


Балықтар

Балықтар белгісіндегі ерлердің жасы көбіне 70-тен әрең асып-жығылатын көрінеді. Ал, әйел балықтардың орта жасы – 75-80 дейді болжамшылар.

Әлбетте, бұл – астарында «денсаулықты күтіңіз» деген кеңес жатқан болжам ғана. Сондықтан тым шынайы қабылдамай, өзіңізге ұнаған жеріне ғана «айтқаның келсін» деп тілеп қойыңыз. Ал біз өз кезегімізде ғұмырыңыз ұзақ та мағыналы болсын деп тілейміз.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

Дереккөз: rsute.ru