​Кімдерге АЛТЫН тағуға БОЛМАЙДЫ?

0
8 155

Әр белгі иесінің өз жұлдызына сай келетін металы бар.


​Кімдерге АЛТЫН тағуға БОЛМАЙДЫ?

Бағалы металдан жасалған әшекейлер көздің ғана емес, көңілдің де жауын алады. Содан болса керек, көбіміз құмармыз. Әсіресе, әйелдер.

Бірақ, өзіне әшекей таңдап алуда қандай да бір қағидалар мен ережелерді ескеру керетіг бәрі біле бермейі. Мәселен, әр адамның өз жұлдыз белгісіне тура келетін және тағуға болмайтын металдар бар.


ТОҚТЫ – АЛТЫН

Белгі иелеріне көзге бірден түсетін, жарқ-жұрқ етіп сәуле шашып тұратын алтын әшекейлер тура келеді. Дәл осы металл Тоқтыларға үнемі қолдау болып, қиын сәттерде сынып кетпеуіне көмегін тигізеді. Егер алтын әшекейге аметист, алмаз, ай тасы немесе қантас қойылса, әсері арта түседі.


ТОРПАҚ – КҮМІС, АЛЮМИНИЙ

Белгі иелері дүние-байлық, бағалы бұйымдар жинауға бір табан жақын жүреді. Сөйтсе де, олардың жұлдызына аса қымбат емес металдар сәйкес келеді екен. олар – күміс және алюминий. Өңделуі жеңіл бұл металдар Торпақтың ауыр әрі қырсық мінезін жеңілдетеді екен. Күміске агат, алмаз, опал, зүбәржат және сапфир тастары қойылған әшекейлер тақса, тіптен пайдасы көп.


ЕГІЗДЕР – КҮМІС

Күміс әшекейді көп таққан Егіздер ашық-жарқы, адамдармен тез тіл табысқыш, көңілді, ұшқыр ойлы бола түседі. Қауіп-қатерден де сақтандырады. Ішкі әлеміндегі бар қабілетін, жылуы мен жақсы қасиеттерін шығаруына сеп болады. Күмістің бұл әсерін анартас, яшма, көгілдір ақық және зүбәржат тастары еселей түседі.


ШАЯН – АЛТЫН мен ТИТАН

Алтын мен титан металдары Шаяндардың кейде қырсықтыққа ұласатын бірбеткейлігін, темірдей тәртіпті ұстанатын мінезін бейнелеп тұратындай. Шын мәнісінде, белгі иелерінің қиындққа мойымай, сынаққа сынбай көтере білуіне көмектесетін де осылар. Аталғандардан бөлек, жылтыртас, сутас және ай тасының да тигізер жақсы ықпалы көп.


АРЫСТАН – АЛТЫН

Табиғатынан патшадай паң, бекзада белгі иелеріне тек қана алтын лайық. Бұл мателл Арыстандарға позитивті ойлар мен сәттілік сыйлайды, табыс пен жетістік шақырып, әлеуметтк ортада абыройының артуына ықпал етеді. Алтыннан бөлек, лағыл, алмаз, оникс және зүбәржат тастарын тақса да болады.


БИКЕШ – ЖҰМСАҚ КҮМІС

Белгі иелеріне көбіне күміс таққан абзал. Сондай-ақ, алюминий және мыстан жасалған бұйымдар тұтынса да, жақсы әсерін береді. Аталғандар Бикештердің ақылмен ғана емес, ішкі түйсігін де тыңдай отырып әрекет етуіне ықпал жасайды. Осылайша ойлағанының орындалып, жоспарларының жүзеге асуына, дұрыс жолды таңдай алуына септігі тиеді. Бұл әсерді яшма, мәрмар, малахит және ақық тастары еселей түседі.

ТАРАЗЫ – АЛТЫН мен ҚОЛА

Таразыларға көп жерде сабыр мен салқынқандылық жетіспей жатады. Тиісті жерде сабырлық таныта алуына алын не қола металдары көмектесе алады. Олар белгі иелерінің мінезіне тұрақтылық, байсалдылық қана емес, ойындағысын жүзеге асыруға күш-жігер мен табандылық та береді. Бұл металдардың әсерін күшейту үшін оларға меруерт, жылтыртас, яшма, ай тасы, лазурит орнатылған әшекейлер таққаны абзал.


САРЫШАЯН – АЛТЫН мен БОЛАТ

Сарышаяндардың мінез-құлқы күрделі әрі қиын, ержүрек, рухы асқақ келеді. Осындай мінезіне алтын мен темір, болат қана сәйкес келеді. Осы металдарға лағыл, малахит, топаз және жасыл ақық тастары орнатылған әшекей бұйымдарын таып жүрсе, өміріне де, мінез-құлқына да жақсы әсері мол болмақ.


МЕРГЕН – КҮМІС

Еркіндікті жоғары бағалайтын, әр мәселеден оңтайлы шешім тауып шыға білетінМергендерге тек күміс бұйымдар тура келеді. Дыл осы металдан жасалған әшекейлер сәттілік шақырып, адамдармен тез тіл табысуына ықпал етеді. Бұл әсерді топаз, жақұт және аметист тастары еселейді.


ТАУЕШКІ – КҮМІС пен ПЛАТИНА

Бұл металдар Тауешкілерді ойланбай әрекет жасаудан, асығыс әрі бұрыс шешім қабылдаудан сақтайды. Сондай-ақ, түрлі қиындықтар мен жайсыздықтардың да алдын алуы әбден мүмкін. Металдардың осындай дұрыстау әрі тазалау қасиеттерін оникс, анартас, лазурит немесе көгілдір ақық тастары арттыра түседі.


СУҚҰЙҒЫШ – МЫС пен АЛТЫН

Белгі иелері үшін басты талисман бола алатын металдар – мыс пен алтын. Осылардан жасалған алқа-білезіктер бойындағы жасырын қабілеттерін ашуына, сол арқылы жаңа белестерге шығуына көмектеседі. Опал, анартас, аметист және жақұт тастары орнатылған болса, тіптен жақсы.


БАЛЫҚТАР – КҮМІС

Күміс металы белгі иелерін қиыншылық пен бақытсыздықтан, тапшылықтан сақтандырып, жеке өмір мен мансап жолына сәттілік шақырады. Сондай-ақ, күміс бұйымдары аметист, жақұт, меруерт тастарымен безендірілсе, оның күші еселеніп, көптеген қиынықтарды оңай еңсеруіне ықпалы тиеді.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ОСЫ бөлме гүлін өсіріңіз, көп ұзамай үйіңізге БАҚЫТ келеді