Мамандық таңдауда ЖҰЛДЫЗНАМАҒА да жүгінген ҚАТЕЛЕСПЕЙДІ

0
5 271

Мектеп, әсіресе, жоғары сынып оқушылары үшін аса пайдалы ақпарат.


Мамандық таңдауда ЖҰЛДЫЗНАМАҒА да жүгінген ҚАТЕЛЕСПЕЙДІ

Иллюстрациялық сурет ашық дереккөзден

Әр жаңа оқу жылының басталуымен бірге ҰБТ, тест, мамандық таңдау, таңдау пәні төңірегіндегі мәселелер де қайта жанданады. Олар, әсіресе, жоғары сынып оқушылары үшін аса өзекті. Себебі, алда «мамандық таңдау» атты маңызды миссия тұр.

Осы тұста оқушылардың ойы сан-саққа шашырайды. «Қай салада менен мықты маман шығады?», «Қандай кәсіпте табысты боламын?», «Өз орнымды қайдан тапсам болады»... Осы сынды сан сауал, ата-ана ақылы, мұғалімнің кеңесі, жүрек қалауы, заман талабы – қайсысын басты назарға аларын білмей, басы қатады. Ал, мамандық таңдаудан қателесуге болмайды. Сондықтан, бүгінгі оқушы, болашақ мамандарға жұлдызының нұсқауын жеткізгіміз келеді.


Тоқты

Табиғатынан қызба, белсенді жандар. Әрдайым алда, бірінші болуды көздейді. Бірсарынды, отырықшы өмір салтына бағынғысы келмейді. Бұл белгі иелері саудамен және қасапшылықпен айналысса, қолы жүріп, табысты болады. Сондай-ақ, дәріскер, тіс дәрігері, мал дәрігері, механик, хирург, мүсінші мамандықтарында да биік белестерді бағындыра алады.


Торпақ

Олар мамандыққа ең алдымен кіріс көзі ретінде қарайды. Сондықтан, табысы көңілінен шықса, кез келген істі игеріп кете алады. Сондай-ақ, үй мен үй ішінің жайлылығына қатысты мамандықтарда қызметі жемісті болмақ. Айталық, архитектор, интерьер дизайнері, құрылысшы, сәулет өнері. Саясат жолы олар үшін сәтті болмайды.


Егіздер

Өмір салты мен мамандығын жиі өзгертіп, жаңа әсерлер алғанды жаны сүйеді. Адамдардың тілін оңай тауып, өзіне сендіре, сөзіне көндіре алады. Сондықтан, бұл белгі иелеріне жарнама агенті, менеджер, теле және радиорепортер, әртіс, журналист не баспагер болу қол келеді.


Шаян

Басқа да жағдайлардағы секілді, мамандық таңдауда да тағдырдан белгі күтетін жандар. Көпшілігі әке жолын қуғанды құп көреді. Балалармен, жануарлармен жұмыс істегенді жақсы көреді. Несібесін психология, акушерлік және тәрбиешіліктен тергені абзал. Осы салаларда қызмет етсе, қоғамға пайдасы да орасан.


Арыстан

Бойынан үстемдік пен өктемдік лебі есіп тұратын бұл белгі иелері басқарушылықты таңдағаны абзал. Бұл қолынан жақсы келеді. Ол ғана емес, кәсіпкерлік пен суретшіліктің де хас шебері бола алады. Жалпы алғанда, ақыл-ой еңбегімен айналысатын барлық мамандықты мүлтіксіз меңгеріп, абыроймен атқарады. Саясат, мәдениет, шоу-бизнес салаларында жетістікке жету мүмкіндігі мол.


Бикеш

Белгі иелері мамандық таңдауға аса мұқият қарайды. Қоғамның «еңбекқор аралары». Олардан білікті дәрігер, фармацевт, шөппен емдеуші, акушер, массаж жасаушы, диетолог, дизайнер, ұжымды басқарушы не меңгеруші шығады. Осы мамандықтардың бірінде өзін бақытты маман сезініп, кәсібін сүйіп атқаратын болады.


Оқи отырыңыз:

Таңғы сегізде туғандар атаққа қызықпайды - Қай сағатта дүниеге келдіңіз?


Таразы

Мамандық таңдауда жүрек қалауы мен өз шешіміне сенімсіз. Сондықтан, жақындарының кеңесі мен қолдауын қажет етеді. Үлкен ұжымда өзін сенімді сезінеді, нәтижесінде, ұжымдық жұмысты жақсы атқарып шығады. Қызмет ету аясы – сән және ойын-сауық салалары. Антиквар, театр агенті, заңгер, судья немесе журналист мамандықтарын таңдаса, білгір де білікті маман болу мүмкіндігі жоғары.


Сарышаян

Бұл белгі аясында туғандар ақыл-ой мен эмоцияны тепе-теңдікте ұстай біледі. Олардан керемет теңізші, кеме не ұшақты басқаратын штурман, шахтер, механик шығады. Философтар ізін қуып, өмірдің мәнін іздеумен айналысса, адамзатты толғандырған көптеген сауалдың ойлы да оң жауабын табар еді.


Мерген

Бойында ұйымшылдық, пионерлік рух орнаған жандар. Спорт жолына түссе, тарихта аты қалатын спортшы шығады. Сондай-ақ, нәсібін аңшы, аспаз, көлік жүргізуші, аудармашы кәсіптерінен іздеуіне болады. Олардан елге сыйлы да танымал қоғам қайраткері шығады.


Тауешкі

Ауыр жұмысқа сүйресең де баспайды. Ол ғана емес, ұжымдық және жалдамалы жұмысқа да үрке қарайтыны бар. Сондықтан, қандай мамандық иесі болса да, ешкімге бағынышты болмай, өз бетінше іс қылғанды құп көреді. Құрылысшы, антиквар, географ, агроном, архитектор, математик, философ, әлеуметтанушы мамандықтары бойынша бағын сынап көруіне болады.


Суқұйғыш

Өзінің ұжымның бір мүшесі екенін сезіну оларға шабыт сыйлайды. Нәтижесінде міндетін мүлтіксіз атқаратын маманға айналады. Адамдарға ақпаратты жткізудің, ұғынықты тілмен түсіндірудің шебері. Осы қасиетіне сай педагог, тележүргізуші, режиссер және психолог мамандықтарын таңдаса, өкінбейді.


Балықтар

Олар қай нәрседе болмасын басты назарға өз интуициясын алса, қателеспейді. Түйсігімен арада жақсы байланыс орната білсе, атақты жазушы, актер не суретші бола алады. Сонымен қатар, медицина, педагогика, ғылым салаларында да маман ретінде өзін жақсы жағынан көрсетеді.


Ал, мектептегі ағай-апайлардың жұлдызжорамалы қызықтырса, мына сілтемеге өтіп оқи аласыз:

Ұстаздың ұстамы мен білімін, біліктілігін жұлдызынан білуге болады

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ