​НУМЕРОЛОГ БОЛЖАМЫ: 2023 ЖЫЛ КІМ ҮШІН ТАБЫСТЫ БОЛАДЫ?

0
6 219

2023 жылғы табыс кодыңызды дұрыс қолдана білсеңіз, табысқа кенелесіз.


​НУМЕРОЛОГ БОЛЖАМЫ: 2023 ЖЫЛ КІМ ҮШІН ТАБЫСТЫ БОЛАДЫ?

Жақында 2022 жылдың энергиясы жаңа 2023 жылдыкімен ауысады. Жаңа энергия өміріңізге, жұмыс барысына, басқа да сфераларға өзгеріс әкелетіні аян. Бізді қоршап тұрған энергетикалық тербеліс, олардың үйлесіміне қарай, белгілі бір эмоцияларды тудырады, белгілі бір әрекеттерге итермелейді, белгілі бір жағдайларды өмірге тартады және осылайша белгілі бір тенденцияларды қалыптастырады. Егер осы үрдістер ескерілсе, маңызды істер мен оқиғаларды әлдеқайда тиімді жоспарлауға болады. Ал ескермесеңіз, қателіктерге тап болуыңыз мүмкін немесе проблемаларыңызды шешуге көбірек уақыт, күш, жүйке және ақша жұмсау қажеттілігі туындайды. Нақты қандай өзгерістер болуы мүмкін екенін төменнен оқи аласыздар.

2023 жыл 7 санының энергиясымен өтеді:

2+0+2+3=7

Бұл энергия адамның өткенімен байланысты деп есептеледі. Сондықтан жаңа жылда құндылықтарды қайта бағалау, өткен әрекеттеріңізді және олардың салдарын талдау маңызды. Бұл келесі қадамдар үшін берік негіз болады.

Мұндай жылы материалдық мәселелер артта қалады. Жеті энергиясы маңызды детальдарға назар аударуды, талдауға бейімділікті және не нәрсенің болмасын түпкі мәнін іздеуге ұмтылдырады. Түйсік пен сезімталдық айтарлықтай артады. Құпияның сырын ашуға, жұмбақ шешуге және түсініксіз, тылсым нәрселерге қызығушылық сезінуіңіз мүмкін. Жалпы, назар сыртқы әлемнен көрі ішкі әлемге көбірек ауады, сондықтан 2023 жылы ішкі МЕН-іңізбен, рухани дүниемен жұмыс істеуге ерекше назар аудару керек.

Біраздан бері жаңа нәрсені үйрену немесе бұрыннан бар біліміңізді тереңдету ойыңызда жүрген болса, 2023 жыл – соны іске асыратын уақыт. Кітап оқу, тренингтерге қатысу, жаңа білім алу, спортпен шұғылдану, психологпен жұмыс, басқа да әртүрлі рухани тәжірибелер, медитациялар – осының бәрі жылдың тиімді, пайдалы, табысты әрі нәтижелі болуына үлесін қосады.

Жылдың энергиясы өзіңізбен оңаша қалу мен ойлануды қолдайды. Егер сіз өзіңізбен жалғыз болу қажеттілігін сезсеңіз, өзіңізге рұқсат беріңіз. Табиғат аясына серуен, көркемсурет галереясы мен мұражай, театр сынды орындарға ешқандай серіксіз, өзіңіз ғана барудан еш қысылмаңыз.

2023 жыл дұрыс еңбек еткен және табысының кодын дұрыс қолдана білген жандардың бәрі үшін жемісті болады. Бұл жылдағы өз табыс кодыңызды анықтау үшін туған күніңіз бен дүниеге келген айыңыздың реттік санын, есіміңіздің бас әрпіне сәйкес цифрды (кестеден қараңыз) және туған жылыңызды емес, 2023 жылдағы цифрларды қосу қажет.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

А

Ә

Б

В

Г

Ғ

Д

Е

Ж

З

И

К

Қ

Л

М

Н

О

Ө

П

Р

С

Т

У

Ұ

Ү

Ф

Х

Ш

Ы

І

Э

Ю

Я

Мысалы, 15 желтоқсанда дүниеге келсеңіз және есіміңіз Шырайлым болса:

(1+5+1+2)+1+(2+0+2+3)=17,1+7=8

Яғни, 15 желтоқсанда туылған Шырайлымның 2023 жылғы табыс коды – 8 саны. Сіздікі қанша шықты?


Енді өз кодыңызға сәйкес сипаттаманы оқып, нумерологтардың кеңестері мен ұсыныстарымен танысыңыз.

1 – осы жылы табыс пен сәттілік серігіңіз болсын десеңіз, жақындарыңызбен, туыстарыңызбен және жұбайыңызбен қарым-қатынасты жақсартыңыз. Айналаңыздағы адамдардан көп қолдау аласыз. Оның жемісін көргіңіз келсе, жыл соңына дейін жақсылыққа жақсылықпен жауап қайтару керегін есте ұстаңыз. Сонда көп жылғы жұмыстың нәтижесін аласыз. Осы жылы «бірлікке» ие болған жалғыз жүректер өз бақыттарын табады, ал жұптардың арақатынасы берік бола түседі.

2 - мақсатқа жету үшін кішкене қулыққа баруға тура келеді. Бірақ, көпе-көрінеу біреудің жолын кеспеңіз, жауларыңызды көбейтпеңіз. Жасаған қулығыңыз біреуге қатты зиянын тигізбейтіндей әрі өте жасырын болуы керек. Сірә, 2023 жылы өзіңізден басқа ешкімге сенім артпағаныңыз жөн. Қол жеткен табыстарыңыздың арқасында басқалардың тарапынан қызғаныш, өсек, жала пайда болуы әбден мүмкін. Ешқандай жағдайда эмоцияға беріліп, ақыл мен сананың даусын өшіруге болмайды.

3 – Осы он екі айда осыған дейінгі жинаған тәжірибеңіз сізге көп көмектеседі. Кез келген оқиғаның соңы жағымды болуы, қолға алған жаңа жобалар жемісті, нәтижелі болуы үшін ішкі түйсігіңізге көбірек сүйеніңіз. Достарыңызды бір елеп-екшеп қойыңыз, сан емес, сапа маңызды екенін есте ұстаған жөн. Дәрігерге баруды кейінге қалдырмаңыз, аурудың алдын алмасаңыз, емдеу ақша жағынан да, уақыт жағынан да қымбатқа түсесіз. Жалғыз «үштіктер» осы жылы махаббатын кездестіреді, ал бизнесмендер тәуекелді қадамдарға бармағаны жақсы.

4 – бұл жылы өмірдің бір саласына ғана назар аудармай, мейлінше жан-жақты болуға тырысқан жөн. Және өзіңізді тануды шеткерек ысырып, уақыттың көп бөлігін жаңа білім, мүмкіндіктерді іздеуге жұмсаңыз. Сізді еңбекті көп қажет ететін, қарбалас жыл күтіп тұр. Шығармашылықпен айналыссаңыз, табыс та, атақ-абырой да келеді.

5 – 2023 жыл сәтті өтуі үшін жұмыс пен демалыс арасындағы тепе-теңдікті сақтауға тура келеді. Шамадан тыс жұмысбастылық та, ұзақ уақыт бос жүру де өте қауіпті болады. Мойныңызға алған әр істі уақытылы және жауапкершілікпен атқарыңыз. Ал демалыс күндері тек қана демалыңыз. Денсаулығыңызды күтіңіз. Абайлап жүріп, аңдап баспасаңыз, жарақат алу, буын мен арқа сүйектерін ауыртып алу қаупі бар. Адамдарға және жануарларға қатысты қайырымдылыққа назар аударыңыз. Жалғыз «бестіктер» айналасына қарауы керек: ең алдымен, екінші жартысы достары мен таныстарының арасында жасырынып жүр. Ерлі-зайыптылар үшін интригалардан сақ болған жөн, мұның соңы жақсы болмайды.

6 – бұл жылы маңызды шешімдерді жиі қабылдауға тура келеді. Тәуекелге бас тігуге құмар болмағаныңыз жөн. Дұрыс шешімді табуда интуиция үлкен көмекшіңіз болады. Егер сіздің алдыңызда қиындықтар туындаса, ішкі дауысыңызды тыңдаңыз. Бәрін дұрыс жасасаңыз, қаржылық жағдайыңыз едәуір жақсарады. Шығармашылық кәсіп өкілдерін сәттілік күтіп тұр. Кейбір адамдар жұмыс орнын ауыстырғысы келеді. Денсаулыққа келетін болсақ, аяқты жарақаттап алудан сақ болу керек, әсіресе спортшылар.

7 – 2023 жыл сіз үшін сәтті болуы мүмкін, тек әрбір ұсақ-түйекке дейін мән беріп, барлық жерден өзіңізге керекті іздеңіз. Кішігірім қиындықтардың шешімін табуға көп уақыт жұмсауға тура келеді, бірақ бұл оған тұрарлық екеніне сенімді болыңыз. Мотивация мен ынта-жігерді жыл соңына дейін жоғалтпаңыз. Дұрыс тамақтануды өмір салтына айналдырыңыз. Бұл кеңесті елемесеңіз, асқорыту жолында проблемалар болуы мүмкін. Сондай-ақ, сыртқы келбетіңізге, өзіңізге қамқорлық жасауға ерінбеңіз, әйтпесе жеке өміріңізде қиындықтар болады.

8 – 2023 жылы қаржыға қатысты көп білім алыңыз, бизнеске батыл қадам басыңыз. Сегіз – шексіздік символы, сондықтан бұл жылы сіздің мүмкіндіктеріңіз де, табысыңыз да шексіз. Бонусқа құрмет пен абырой аласыз. Жалғыз сұрақ - сүйікті ісіңізге қанша уақыт бөлуге дайынсыз? Сондай-ақ басқаларға сенуді және командада жұмыс істеуді үйрене бастаған жөн. Қолма-қол ақшаға салынған инвестициялар пайда әкеледі. Бірақ туыстарыңызға қарыз берудің қажеті жоқ, қарым-қатынастарыңыз бұзылады.

9 – 2023 жылы ешбір жағдайда соқыр тәуекелге баруға болмайды. Маңызды істерді кейінге қалдырмауды да негізгі ережелер қатарына енгізіңіз. Қырағы болмасаңыз, қызметіңізге не бизнесіңізге қауіп төнеді. Үлкен өзгерістерден бас тартып, жайлы,тқауіпсіз зонадан шыға бермеген дұрыс. Асығыстыққа жол бермей, әр қадамыңызды мұқият ойластыру керек. Өз ұстанымдарыңызға адал болыңыз және сізге мейірімді адамдарға мейіріммен жауап қайтарыңыз.

Аударған: А.Бектұрғанова,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ҚИЫН СӘТТЕ қасыңызда ҚАЙ ДОСЫҢЫЗ қалады?