Оған бұл сөздерді АЙТА КӨРМЕҢІЗ!

0
1 671

Орынсыз айтылған бір ауыз сөз жауластыруға қауқарлы


Оған бұл сөздерді АЙТА КӨРМЕҢІЗ!

Сөз – ғаламат күшке ие. Шынайы көңілмен жүректі жарып шыққан бір ауыз лебіз адамдарды жақындастыра алады. Сондай-ақ, орынсыз айтылған бір ауыз сөз жауластыруға да қауқарлы. Сондықтан, кіммен болсын тілдескенде әр сөзге абай болған дұрыс. Әсіресе, конфликт кезінде.

Біреумен артық сөз үшін арамды суытып алмайын десеңіз, кімге қандай сөзді мүлде айтуға болмайтынын біліп алыңыз. Бұл ретте жұлдыз белгісі мен астрологтар көмекке келеді.


ТОҚТЫ

«Болды, тынышталшы!» – осы сияқты сабырға шақыратын сөздер белгі иелерін одан ары құтыртып жібереді. Қызуқанды Тоқтылар тек өзіне-өзі басу айтып, өзі қалаған уақытта ғана сабырға келеді.


ТОРПАҚ

«Сенен көрі... Саған қарағанда...» – Торпақтардың ең жек көретін сөздері. Себебі, өзін өзгелермен салыстырғанды мүлде ұнатпайды. Жақын адамынан осындай салыстырулар естісе, оны бірден сатқындық деп қабылдап, сол сәтте теріс айналып кетеді.


ЕГІЗДЕР

«Саған айтып тұрған мен ақымақ! Сенімен сөйлесудің түк мәні жоқ. Саған айттың не, айтпадың не» – осылайша өзін сөз ұқпайтын адам етіп көрсеткен жанға Егіздер енді қайтып мүлде тіл қатпауы әбден мүмкін.


ШАЯН

«Шаршатып жібердің! Біраз уақыт сенен ұзаққа кетіп, демалғым келеді» - Шаяндарға ең ауыр тиетін сөздер. Бар уақытын, көңілін, назарын аударған жаннан осындай сөз есту оларды депрессияға түсіріп жібере алады.


АРЫСТАН

Үнсіздік – Арыстанның жанына батуы мүмкін ең ауыр нәрсе. Олармен конфликт кезінде не айтсаңыз да, көтереді, кешіреді, ұмыта алады. Алайда, тіл қатпай, жауапсыз қалдыратын болсаңыз, нағыз ашу-ызасымен бетпе-бет келіп, қаһарына ұшырайсыз.


БИКЕШ

«Ауызбен орақ ормай, іске көшші» – әр қадамын ұзақ ойланып, ақылдасып, жоспарлап барып басатын Бикештер үшін бұл ауыр айыптау. «Жеті рет өлшеп, бір рет кесетін» әдетінен бас тарта алмайды, есесіне, осы сөзіңіз үшін сізбен аралас-құраластықтан бас тартуы мүмкін.


ТАРАЗЫ

«Сенікі дұрыс емес!» - өзінің дұрыстығын дәлелдеу үшін жан-жақтан аргументтер, дәлелдер келтіріп әлекке түскен Таразыға осылай кесіп айтсаңыз, ол да ат құйрығын шорт кесуге әзір.


САРЫШАЯН

«Саған дейін... Сенің алдыңдағы... Сенімен таныспай тұрып...» Өзіне дейінгі жағдайлармен, адамдармен салыстыру Сарышаянның ең жанды жері. Бұған бір рет жол бердіңіз екен, екінші рет естімеу үшін тиісті әрекеттерді жасайды.


МЕРГЕН

«Балалығыңды қойшы! Қашан есейесің?! Байсалдырақ болшы!» осындай сөздерді бұйырып емес, өтініш түрінде жеткізсеңіз де, қандай ізгі ниетпен айтсаңыз да, бала көңілді Мерген оны жақсы қабылдай алмайды. Сондықтан, айтпай-ақ қойған дұрыс-ау.


ТАУЕШКІ

«Болмайтын істі істеп жүрсің. Еріккеннің тірлігі...» Өзінің жан қалауын орындап жүрген не өзгелерге пайдалы іс жасап жүрмін деп санайтын ісін жоққа шығару кім-кімге де ұнамасы анық. Ал Тауешкілерге бұл сөздің әсері тіпті күшті, ту сыртынан оқ атқандай қабылдайды.


СУҚҰЙҒЫШ

«Сен оған лайық емессің» – «Адамды еңбегі, пайдалылығы, жақсы қырлары үшін ғана бағаламай, жай ғана бар болғаны үшін жақсы көру керек» деген принципті ұстанатын Суқұйғыштар басқалардың да өзін еш шартсыз, талапсыз қабылдағанын қалайды. Ешқандай еңбегі сіңбесе, ештеңеге лайық санамайтындармен арақатынас құру тіпті де ойында жоқ.


БАЛЫҚТАР

«Аспандама, жерге түс. Қилдама, шындыққа тура қара» – осындай ақыл айтқан кісілерді қас жауындай көріп кетеді. Себебі, өзінің бар болмысы, өмірінің мәні арман-қиялдан, шығармашылықтан тұратындықтан, осылай деп айтып тұрған адам үшін өмірінің мәнін құрбан ете алмайтыны анық.

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ОСЫ белгі иелері өте жиі АУЫРАДЫ