​ОНЫ қалай БАҚЫТТЫ қыла аласыз?

0
1 236

Амалын таппай жүрсеңіз, астролог көмектеседі


​ОНЫ қалай БАҚЫТТЫ қыла аласыз?

Жақын адамыңыздың, сүйіктіңізді көңілін көтеріп, бақытты сәт сыйлағыңыз келе ме? Ол үшін өз ойыңыздағы нәрсені емес, оның қалауындағыны дәл табуыңыз керек. Бұл ретте сізге оның жұлдыз белгісін білу көмектеседі.


ОТ БЕЛГІЛЕРІ: Морген, Арыстан, Мерген

Оларға ең жақсы эмоция сыйлайтын – қызықты оқиғалар, күтпеген жағдайлар. Бұрын-соңды ешкімге жасалмаған, айрықша тосын сый дайындаңыз. Сондай-ақ, оның қызығушылықтарын қуана-қуана бөліссеңіз, сол сәтте төбесі көкке екі-ақ елі жетпей тұрады.


ЖЕР белгілері: Торпақ, Бикеш, Тауешкі

Олардың жоспарын, ережесін бұзбаңыз. Ештеңе істеместен, жай ғана жанында болыңыз. Көп сынамаңыз, жалқауланып үйде жатқысы келсе, қарсы болмаңыз, қалағанынша жатсын. Өмірлік мақсаттарына жетуіне қолдау білдіріңіз. Сонда сіздің жаныңызда өзін бақытты сезінеді.


АУА белгілері: Егіздер, Таразы, Суқұйғыш

Толық бір күніңізді арнап, басқа ештеңеге алаңдамай, онымен ғана сөйлесіңіз, бірге іс атқарыңыздар. Айтқысы келгенін мұқият тыңдаңцыз. Сіздің ол айтқан нәрсенің бәрін маңызды деп қабылдайтыныңызды, оны ақылды деп санайтыныңызды білсін.


СУ белгілері: Шаян, Сарышаян, Балықтар

Олардың барлық эмоциясын түсінуге тырысыңыз, қабылдаңыз. Сіздің жаныңызда өзін қалай бар, сол қалпында ұстауынарұқсат беріңіз. Өзін қауіпсіз сезінуіне жағдай жасаңыз.

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Қандай сандар сәттілік шақырады?