ОПТИМИСТ әлде ПЕССИМИСТ: нумерологиялық санынан біліңіз

0
2 746


ОПТИМИСТ әлде ПЕССИМИСТ: нумерологиялық санынан біліңіз

Адамдар әртүрлі: сырт келбеті де, мінез-құлқы да, ішкі әлемі де... Соның ішінде жақсы-жаман деп бағалау критерийі де әрқалай. Біреу үшін жай ғана «Жақсы» болған нәрсе екінші біреу үшін «Керемет! Ғажап!» болып бағалануы мүмкін. Келесі біреулер қандай нәрсе болса да, тек «Болады», «Онша емес», «Аса жақсы емес» деп бағалап, жаман жағын, кемшін тұсын ғана көруге бейім.

Мұның бәрі неден туады? Әрине, қабылдаудан. Көзқарастан.

Екі түрлі көзқарастағы жандардың бір-бірін түсінуі, үйлесімді қарым-қатынас орнатуы қиын нәрсе. Сондықтан, арақатынас орнатқалы жатқан кісінің ең алдымен қандай көзқараста екенін біліп алған артық болмайды. Оптимист пе әлде пессимист пе?

Мұны білу үшін ол жанды түрлі жағдайда бақылап, сынауға уақыт өткізудің қажеті шамалы. Туған күнін білсеңіз болды. Әрі қарай нумерологиялық санын есептеу арқылы ақпарат парағын аша аласыз.

Туған күн, ай, жыл сандарын бір-біріне қосып, бір таңбалы сан шығарамыз. Мысалы,

25.08.1982=2+5+8+1+9+8+2=35=8

Сандардың мәні

1 – ОПТИМИСТ ЖАН

Оның көңіл-күйін ештеңе бұза алмайды. Анау-мынауға еңсесін түсіре бермейді. Қандай жағдай болса да, оның жақсы жағын көруге, өз пайдасына қарай жаратуға тырысады. Және одан да жақсысына қол жеткізуге ұмтылады.


2 – ЖАРТЫЛАЙ ОПТИМИСТ

Барлық нәрсе көңіл-күйіне әсер етеді. Жағымсыз жағдай болса, бірден бұзылып, салы суға кетеді. Алайда, жанында оптимист жан болса, көңілін аулауға тырысса, тез-ақ қайта қалпына келеді. Сондай-ақ, бір-екі ауыз мотивацияға толы сөз айтса, қанаттанып шыға келеді.


3 – НАҒЫЗ ОПТИМИСТ

Олар «нашар», «жаман», «жоқ», «емес» дегендей болымсыз сөздерді ешқашан қолданбайды. Әдейі айтқысы келгендіктен емес, ішкі әлемі болымды, жағымды сөздерге толып тұрғандықтан. Үнемі айналасына қарап «Керемет! Ғажап! Неткен сұлулық! Өмір қандай тамаша! Адамдар сондай жақсы!» деп тамсанумен жүреді. Өз жағдайын да қай кезде сұрамаңыз, «Өте жақсы!» деген жауап естисіз.


4 – «ОҚ ӨТПЕЙТІН» ОПТИМИСТ

Өзімен жұмыс жасау, өз-өзін мықтап тәрбиелеудің арқасында оптимизмнің «оқ өткізбейтін» шапанын киген кісі. Оған біреулердің сырттан айтылған сөзі, алара қараған көзі, қасақана аяғын шалуы, өмірдің қара жолағы – ештеңе әсер етпейді.


5 – КӨҢІЛДІ ОПТИМИСТ

Ол айналасынан тек жақсы нәрселерді көреді. Адамдардың да, заттардың да тек жақсы қырларын, сұлулығын байқайды. Сондықтан үнемі көңілді жүреді.

6 – ЖҮРЕГІ ЖАРАЛЫ ПЕССИМИСТ

Олар бәрін жүрегіне жақын қабылдайды. «Неге маған келгенде осылай?», «Неге мен мұндаймын?», «Қиындықтан қашан құтыламын?», «Мені ешкім жақсы көрмейді» дегендей жағымсыз ойлармен үнемі өз жанын жегідей жейді. Ол аз десеңіз, өзге біреуге бағытталған сынды, жаман сөздерді де өзіне қабылдайды.


7 – КҮРЕСКЕР ОПТИМИСТ

Өмірдің ауыртпашылығына, жағдайдың қиыншылығына мойымайды, сынбайды. Қандай жағдай болса да қасқайып қарсы алып, «Мен мұны да жеңе аламын» деп күресуді бастап кетеді. Алға қойған мақсаты болса, оның жолынан тайдыру әсте мүмкін емес.


8 – ҮМІТІ ЗОР ОПТИМИСТ

Олар ертеңгі күннің бүгінгіден жақсы болатынына сенеді. Қай кезде де, қандай жағдай болса да, бойындағы үміт оты өшпейді. Осы от олардың көңіл-күйінің көтерікі болуына, еңсесі түспей, жадырап жүруіне себеп.


9 – ҚҰБЫЛМАЛЫ ОПТИ-ПЕССИМИСТ

Оларды көңіл-күйін түсіну қиын. Қазір ғана «Бәрі керемет» деп отырады да, аяқ астынан алабұртып, түнеріп шыға келеді. Немесе бәріне өкпелі, бәрі оның алдында кінәлі болып тұрып, сәлден соң өз-өзін жұбатып, «Әлі-ақ бәрі жақсы болады» деп күндей күліп, жаздай жадырап сала береді.

Енді сіз танысыңыздың көзқарасын, қабылдауын, ішкі әлемін тереңірек білесіз, оны жақсырақ түсіне аласыз.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:


Отбасылық өмірдің қай кезеңіндесіз, білгіңіз келе ме?